Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


Параллельді тасымалдауы бар сумматор



бет12/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Параллельді тасымалдауы бар сумматор. Көп разрядты сандарды қосу уақытын азайту үшін параллельді тасымалдаумен сумматорлар қолданады (сурет 10). Барлық тасымалдау сигналдары кіріс айнымалылардың мәндері бойынша есептелінеді.


Сурет 10. Параллельді тасымалдауы бар сумматордың схемасы

Кез келген і-ші разрядты тасымалдау сигналы үшін мына теңдеуді қолдануға болады:


ci+1=ai ∙ bi + (ai bi) ∙ ci = gi + pi ∙ ci (*)
Толық сумматорда да gi, рi мәндері аралық нәтиже ретінде есептелінеді. gi сигналы тек осы разрядтағы ai және bi кіріс айнымалылардың комбинациясынан тасымалдау жасалса ғана шығарылады. Сондықтан оны тасымалдауды генерациялау функциясы деп атайды. рi сигналы төменгі разрядта алынған ci тасымалдау сигналы ары қарай жіберіле ме, жоқ па соны көрсетеді. Сондықтан оны тасымалдауды тарату функциясы деп атайды.
(*) теңдеуден тасымалдау сигналын есептейтін келесі формулаларды шығаруға болады:
C1=g0 + p0 ∙ c0,
C2= g1 + p1 ∙ c1= g1 + p1 ∙ g0 + p1 ∙ p0 ∙ c0,
C3= g2 + p2 ∙ c2 = g2 + p2 ∙ g1 + p2 ∙ p1 ∙ g0 + p2 ∙ p1 ∙ p0 ∙ c0
C4= g3 + p3 ∙ c3 = g3 + p3 ∙ g2 + p3 ∙ p2 ∙ g1 + p3 ∙ p2 ∙ p1 ∙ g0 + p3 ∙ p2 ∙ p1 ∙ p0 ∙ c0


Бақылау сұрақтары:
1. Жартылай сумматор.
2. Бір разрядты екілік а және в сандардың қосындысының кестесі.
3. Жартылай сумматордың схемасы мен оның белгіленуі.
3. Толық сумматордың схемасы.
4. Сумматордың ақиқат кестесі.
5. Параллельді тасымалдауы бар сумматордың схемасы.
6. Тізбекті тасымалдауы бар сумматордың схемасы.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.


11-Дәріс
Тақырыбы: Көпразрятты сумматорлар.
Жоспар:

    1. Тізбектей және параллель сумматорлар.

    2. Ондық сумматорлар.

    3. Сумматорлардың функционалдық сұлбасын талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет