Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет9/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
а) б)


3.5-сурет. Мультиплексордың сұлбасы (а) және графикалық шартты
таңбасы (б)
сигналдармен таңдалған кірісті мультиплексордың шығысына қосуды не қоспауды рұқсат етуге болады, яғни оның әрекетін бұғаттауға болады.
Логикалық теңдеуге (3.2) сәйкес келетін мультиплексордың сұлбасы және оның шартты графикалық белгіленуі 3.5-суретте көрсетілген.
3.5-суреттегі сүлбада ЖӘНЕ-ЕМЕС екі кірісті логикалық элементтер, кірістеріне адрестік сигналдар берілетін дешифрлеуіштің шығыс сигналдарымен басқарылады. Сонымен, дешифрлеуіштің көмегімен төрт ЖӘНЕ-ЕМЕС екі кірісті логикалық элементтердің біреуі таңдалып, ол және, екінші сатыдағы 4 кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС ЛЭ, арқылы ақпарат таңдалған кірістен сұлба шығысына беріледі. Сөйтіп мультиплексордың жылдамдығы, дешифрлеуіш және ЖӘНЕ-ЕМЕС екі ЛЭ-тер арқылы, сигналдардың таралу кідірістерінің қосындысымен анықталады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мультиплексор қандай қызмет атқарады.

  2. Мультиплексордың сұлбасының жұмыс істеу принципі.

  3. Мультиплексорлардың ақпарат қабылдау және жіберу құрылғылары элементі ретінде қарастыру.

  4. Мультиплексорлардың графикалық шартты белгіленуі.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.


8-Дәріс
Тақырыбы: Демультиплексорлар.
Жоспар:

  1. Демультиплексорлардың ақпарат қабылдау және жіберу құрылғылары элементі ретінде қарастыру.

  2. Демультиплексорлардың графикалық шартты белгіленуі.



Дәрістің мазмұны
Демультиплексор деп деректерді адрестік кірістердегі сигналдарға байланысты бір ақпараттық кірістен бірнеше шығыстардың біреуіне тасымалдауды басқаруға арналаған комбинациялық логикалық құрылғыны айтады. Сөйтіп, демультиплексордың атқаратын қызметі мультиплексорға қарамақарсы болып келеді және жалпы жағдайда 1 ақпараттық кірісі, n адрестік кірістері және m ақпараттық шығыстары болады. Әдетте, мультиплексордікі сияқты m = 2n болған жағдайда демультиплексор толық деп аталады, ал m < 2n болғанда демультиплексор толық емес деп аталады.
2 адрестік кірісі, 1 ақпараттық кірісі, 1 стробтау кірісі және 4 ақпараттық шығысы бар демультиплексор жумысы келесі логикалық теңдеулермен сипатталады:
(3.3)
(3.3) теңдеуге сәйкес ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінен жасалған демультиплексор сұлбасы мен шартты графикалық белгіленуі 3.7-суретінде көрестілген.

а) б)
3.7-сурет. Демультиплексордың сұлбасы (а) және графикалық шартты таңбасы (б )

Демультиплексор DMS немесе DMX деп белгіленеді. 3.7,а-суретіндегі демультиплексор сұлбасында ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерді басқару үшін 2 кірісті дешифрлеуішті қолдануға болады. Демультиплексордың шығыстар санын өсіру әдісі мультиплексордың кірістер санын өсіру әдісіне ұқсас болып келеді. Сонымен бірге, демультиплексорлық бұтақ құрылымы айнадағы кескін дәлдігіндей мультиплексорлық бұтақ құрылымына (З.б.сурет) дәлме-дәл болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет