Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет11/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Бір разрядтты сумматор. Бір разрядтты сумматор 1 - суретте көрсетілгендей үш кіруі (екеуі қосылғандарды және біреуі кіші разряттағыны тасымалдау арналған) және екі шығуы болады.


1-сурет. Бір разрядтты сумматордың шартты белгіленуі.
Бір разрядтты сумматормен екілік көп разрядтты кодтарды қосуып, есептеулер жүргізуге болады. Сондай сумматорды жүйелі сумматор деп атайды, операндылар разряд бойынша кішісінен бастап өңделеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Комбинациялық сумматорлардың классификациясы және мақсаты.

  2. Бір разрятты сумматор.

  3. Комбинациялық сумматор функциялау үрдісінің ақиқат кестесін құру.

  4. Бір разрядтты сумматордың шартты белгіленуі.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.


10-Дәріс
Тақырыбы: Жартылай сумматор
Жоспар:

  1. Тізбекті тасымалдауы бар сумматор.

  2. Параллельді тасымалдауы бар сумматор.



Дәрістің мазмұны
Сумматор – көпразрядты сандарды қосу операциясын орындайтын логикалық құрылғы.
Жартылай сумматор
Бір разрядты екілік а және в сандардың қосындысы келесі кестеге сәйкес жасалады:



a

b

S

C

0

0

0

0

0

1

1

0

1

0

1

0

1

1

0

1

Одан S қосындысы және С тасылмалдауы мына формуламен есептелінеді:


S= ,C= , С =
НЕМЕСЕ-ЕМЕС элементіне келтіру үшін бұл формуланы өзгертейік:
S=
C= a∙b=

Алынған формулалар негізінде жартылай сумматор синтезделуі мүмкін. Жартылай сумматор бұл бір разрядты екі сандардың қосындысын орындайтын құрылғы. (сурет 7а)


Жартылай сумматор үшін дизъюнктивті форманы құру барысында:
S= C=a∙b

Сурет 7 Жартылай сумматордың схемасы мен оның белгіленуі.

Жартылай сумматормен салыстырғанда оған тағы төменгі разрядтан тасымалдау сигналы қосылады. Егер ол болмаса, онда жоғары разрядқа тасымалдау тек екі сан бірге (1) тең болса ғана жасалуы мүмкін.


Егер төменгі разрядтан тасымалдау болса, онда жоғарғы разрядқа тасымалдау әр қашан болады, тек екі сан нөлге тең болса ғана тасымалдау болмайды.
О сындай сумматор схемасы 2 жартылай сумматормен жасалады. (8 сурет)
Бұл схемада аралық сигналдарын қарастырайық. Бұл сигналдарды ақиқат кестесіне қосайық. Бұл схема жұмысының және кестесінің сәйкестігін барлық мүмкін болатын нұсқаларын қарап тексеруге болады.
Сурет 8. Толық сумматордың схемасы
Сумматордың ақиқат кестесі

Кірістері

Аралық мәндер

Шығыстары

ai

bi

ci

pi

gi

ri

si

ci+1

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

0

1

0

0

1

0

1

0

0

1

0

0

1

1

1

0

1

0

1

1

0

0

1

0

0

1

0

1

0

1

1

0

1

0

1

1

1

0

0

1

0

0

1

1

1

1

0

1

0

1

1



Тізбекті тасымалдауы бар сумматор
Ол бірразрядты толық сумматорлар негізінде құралады. Толық сумматордың әр біреуі төменгісінен басқасы, үш кіріс сигналын (2 қосылатын және төменгі разрядтан тасымалдау сигналы) қабылдау қажет.
9 суретте екі төрт разрядты а және в сандарын қосуға арналған схема көрсетілген. С4 тасымалдау сигналы ақиқат болады егер С3 мәні дұрыс болса. Осындай сумматорлар Тізбекті тасымалдауы бар сумматор деп аталады.
Төмендегі схема интегралды түрде шығарылады. Оның төменгі разрядында толық сумматор қолданылады, схеманың разрядтілігін жоғарлату үшін.



Сурет 9. Тізбекті тасымалдауы бар сумматордың схемасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет