Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы


ISA (Industry Standart Architecture)



бет25/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
ISA (Industry Standart Architecture). Жүйелік блоктың барлық құрылғыларын байланыстыруға рұқсат береді, сонымен қатар жаңа құрылғыларды стандартты слоттар арқылы жеңіл қосуға мүмкіндіктер тудырады. Қазіргі заманғы компьютерлерде жоғарғы өткізгіштікті керек етпейтін сыртқы құрылғылар да қолданылады (дыбыстық карталар, модемдер және т.б.).



Шина ISA
PCI (Peripherial Component Interconnect). Pentium процессорының негізіндегі дербес компьютерлерге енгізілген сыртқы құрылғыларды қосудың стандарты. Бұл сыртқы компоненттерді қосу үшін арналған бөліктеушілер мен локальді шина интерфейсі. Осы стандарттың жаңалығы ол plug – and – play механизмі. Оның негізгі PCI шинасының ажыратылатын қосылысына сыртқы құрылғы физикалық қосылғаннан кейін осы құрылғының автоматикалық конфигурациясы жүзеге асырылады.



Шина PCI
FSB (Front Side Bus). Pentium Pro процессорынан бастап, оперативті жадымен байланыс орнату үшін арнайы FSB шинасының жүйелілігі негізгі параметр болып табылады, дәл осы параметр аналық тақшаның спецификасын көрсетеді.
AGP (Advanced Graphic Port). Бейнеадаптерлерді қосу үшін арналған арнайы шиналық интерфейс.
USB (Universal Serial Bus). Бұл компьютерлердің перифериялық құрылғылармен байланысын анықтайтын бірінен кейін бірі орындалатын универсалды шина стандарты. Ол әр түрлі жүйелі интерфейсі бар 256 құрылғыға дейін қосу мүмкіндігі бар, осы құрылғылар бір –бірімен тізбек арқылы қосыла алады. Шиналардың 3 типін атап көрсетуге болады:

  • жоғары жылдамдықты – 480 Мбит/сек.

  • Орта жылдамдықты – 12 Мбит/сек.

  • Төмен жылдамдықты – 1.5 Мбит/сек.

Осы стандарттың ерекшеліктері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: бұл құрылғыларды «ыстық режимде» (яғни компьютерді қайта қоспай) қосу және өшіру, сонымен қатар бірнеше компьютерді арнайы аппараттық және программалық жабдықтаусыз қарапайым желіге біріктіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет