Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет26/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Дәріс мәтіні-КА

Бақылау сұрақтары:
1. Процессорлардың екі негізгі параметрлері.
2. Процессор жылдамдығы және разрядтылығы.
4. Такт жиілігі түсінігін графика түрінде көрсету.
5. Орталық процессор нәтижелігін бағалау.
6. Аналық тақша.
7. Дербес компьютердің шиналары.
8. Аналық тақшалардың негізгі шиналық интерфейстері.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011


8-Дәріс
Тақырыбы: ДЭЕМ – ның жұмыс істеу принципі және архитектурасы.
Жоспар:

  1. Жүйелік магистраль.

  2. Жүйелік магистральдардың негізгі стандартты шиналары.

  3. Шиналарды буферизациялау.

Ішкі жүйелердің барлығын өзіне байланыстыратын, түрлі ішкі жүйелердің өзара әрекеттесуін қамтамассыз ететін қарапайым механизмдердің бірі – бұл жалғыз орталық шина.


Бұндай шинаға деген доступ барлық ішкі жүйелер арасында бөлінеді. Осылай ұйымдастырудың негізгі екі түрлі пайдасы бар: құнының төмендігі мен әмбебаптылығы. Мұндай шина түрлі құрылғыларды байланыстыратын жалғыз орын болғандықтан жаңа құрылғылар жеңіл қосылуы мүмкін, тіптен сол бір периферийнді құрылғыларді бір типті шинаны қолданатын түрлі есептеуіш жүйелерінде қолдануға да болады. Осылай ұйымдастырудың бағасы едеуір төмен болады, өйткені ақпаратты тасымалдайтын көптеген жолдарды іске асыру үшін көптеген құрылғылар бөлістіретін жалғыз шинаның жолдар жиыны қолданылады.
Жалғыз шинамен ұйымдастырудың басты кемшілігі, бұл шинаның, енгізу/шығарудың максималды өткізу мүмкіндігін шектеу арқылы, тар жол құратындығында. Егер енгізу/шығарудың барлық ағымы орталық шинадан өтуі керек болса, онда өткізу мүмкіндігін осылай шектеуге болады. Енгізу/шығару өте жие іске асырылатын коммерциялық жүйелерде, сонымен қатар процессордың жоғары өнімділігінен енгізу/шығарудың қажетті жылдамдықтары өте жөғару болатын супер компьютерлерде шығару кезіндегі басты сұрақтардың бірі бұл барлық сұраныстарды қанағаттандыра алатын бірнеше шиналардың жүйесін құру болып табылады.
Шиналарды жасау барысында туындайтын көптеген қиындықтардың себептерінің бірі шинаның максималды жылдамдығы ең бастысы физикалық факторлармен: шинаның ұзындығы мен және жалғанған құрылғылар санымен (демек, шинаға түсер ауырлықпен) лимитицаялатындығында. Бұл физикалық шектеулер шинаны өз бетінше жылдамдатуға мүмкіндік бермейді.
Енгізу/шығару жүйесінің тез әрекетіне (аз тұру) деген және жоғары өтімділік мүмкіндігіне деген талаптар қарама қайшы болып табылады. Қазіргі ірі жүйелерде әр біреуі түрлі іштей жүйелердің өзара әрекетін жеңілдетуді, жоғары өтімділік қабілеттілігін, толықтықты (бастарту тұрақтылығын үлкейту үшін) және тиімділікті (эффективность) қамтамассыз ететін өзара байланысты шиналардың тұтас комплексі қолданылады.
Шинаны жасау бірқатар қосымша мүмкіндіктердің іске асуымен байланысты. Қандай да бір мүмкіндікті таңдау шешімі бағаның мақсаттық көрсеткіштері мен өнімділікке тәуелді болады. Алғашқы үш мүмкіншіліктер шынайы болып табылады: адрестер мен мәліметтердің бөлек сызықтары, барынша кең (үлкен разрядтылыққа ие) мәліметтер шиналары мен тобты тасымалдау (бірнеше сөздерді тасымалдау) режимдеры бағаны өсіру есебінен өнімділікті өсіруді береді. Шинаның негізгі құрылғысы – бұл, оқу немесе жазу транзакцияларын инициялай алатын құрылғы. Мысалы, ОП әрқашанда шинаның басты құрылғысы болып табылады. Егер бірнеше ОП бар болса немесе енгізу/шығару құрылғылары шинада транзакцияларды инициировать ете алса, онда шинада бірнеше басты құрылғылар болады. Егер бірнеше осындай құрылғылар болса, онда келесі кезекте кім шинаны ұстап қалатынын шешу үшін арбитраж схемасы қажет. Арбитраж көбіне белгіленген приоритеті бар схемаға, не негізгі құрылғының қайсысы шинаны ұстап қалатынын кездейсоқ түрде анықтайтын барынша ―әділетті схемаға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет