Операциялық жүйені жіктеу. Операциялық жүйелер біріншіден жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режимінде операциялық жүйе бір программалы және мультипрограммалы режимдерге бөлінеді.
Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше программаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультипрограммалық есептеуді ұйымдастыру тәсілі деп атаймыз.
Бұл терминдердің негізгі айырмашылығы.
Мультипрограммалық режимде бірнеше қолданбалардың параллелді орындалуын жасайды, ал программист бұл механизмнің орындалуын ойластырмайды.Бұл функцияларды операциялық жүйе өзі орындайды;барлық орындалатын қолданбаларға өзі есептеу жүйесінің қорларын бөледі және қажет әрекеттестіктерді орындайды. Керісінше , мультиесептік режимде қолданбалардың әрекеттестігі параллель орындалуы қолданбалы программистерден тәуелді.
Мультипрограммалауды ұйымдастырған кезде, операциялық жүйенің рөлі мынадай:
ОЖ және қолданбалы программа арасындағы интерфейсті ұйымдастыру;
2. Жадыдағы тапсырмалардан кезек ұйымдастыру;
3. Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу;
4. Ақпаратты жадыжын таңдау және аусытыру, орналастыру процессін реттеу;
5. Файлдар түріндегі сыртқы тасымалдауыштардағы ақпараттардың сақталуын ұйымдастыру және анықталған категориядағы қолданушыға нақты файлмен қатынасты қамтамасыз ету;
6. Коммуникация құралдарымен қамтамасыздандыру;
7. Деректерді мүлтіксіз (корректно) алмастыру үшін әр түрлі ресурстармен жұмыс істеген кезде пайда болатын және өз әрекеттерінің координациясын программамен алдын ала ескеретін жанжалды (конфликт) оқиғаларды шешу керек, яғни: жүйені синхронизациялау құралдарымен жабдықтау керек. Келесі период (1980 жылдан қазірге дейін) дербес компьютерлерде шығарылатын есептердің даму күрделілігі мен әр түрлілігі, олардың жұмыстарының сенімділігін арттыру қажеттілігі, үлкен есептеу машинасы архитектурасына тән барлық қасиеттердің практикада қолдануына әкеледі.
Бақылау сұрақтары: Операциялық жүйе (ОЖ) – дегеніміз не?
Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары.
Операциялық жүйені жіктеу.
Мультипрограммалауды ұйымдастырған кезде, операциялық жүйенің рөлі.