2022 жылы 2 наурыз күні Қазақстан-Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығы болды.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Бірнеше минуттың артынан Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Тәуелсіздіктің артынан Қазақстан мен Түркия арасында қол қойылған көптеген мемлекет аралық келісімдер мен хаттамалар арқылы әртүрлі салаларда қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың негізі қаланды.
Түркия мен Қазақстанның жаһандық және аймақтық мәселелерге қатысты нысаналары да ортақ. Халықаралық мекемелер алдында ұстанымдары бірдей. Екі ел арасындағы мәртебе Назарбаевтың 2009 жылы Түркия сапары кезінде қол қойылған Стратегиялық ортақтық келісімімен анықталды. Осылайша екі ел арасындағы қарым-қатынастар бауырластыққа қоса «Стратегиялық ортақтық» деңгейіне көтерілді.
Қорытып айтқанда, Қазақстан мен Түркия екі бөлек мемлекет, бірақ бір ұлт болып табылады. Бұл тұрғыдан Режеп Тайып Ердоған және Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұғырды сақтауы екі ел мен Түркі әлемі тұрғысынан үлкен бақыт. Әрі Ердоған, әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың арасынан шығып, халықтың қиыншылықтарын жақыннан білуі көбінесе Түркі әлемінің қажеттіліктері мен армандарын дұрыс пайымдап, ықпалды шешім табуына септігін тигізеді.

Түркия мен Қазақстан арасындағы достықтың күші ортақ тарих пен мәдени байланысынан келеді. Мыңдаған жылдық түрік тарихын ойлағанда 25 жыл бір сәтте өтіп кететін бір мерзім. Алайда екі мемлекет те 25 жылдың ішіне көптеген табысты сыйғызды. Екі жақты мүдде мен құрмет негізінде екі ел ынтымақтастығы алдағы кезеңде одан да күшейеді.