12- УАҚЫТША БАП. Мемлекет басшысы Жоғары аппелияциялық сот
және Мемлекеттік кеңес мүшелері арасынан Судьялары мен прокурорлардың
Жоғары кеңесінің негізгі мүшелері мен орынбасарлары болып тағайындаған
түлғалар, Судьялар мен прокурорлардың Жоғары кеңесі туралы 1981 жылғы 13
мамырдағы №2461 Заңның уақытша 1-бабына сәйкес, Кеңестің Судьялар мен
прокурорлардың Жоғары кеңесінен және Мемлекеттік кеңестен сайланған
негізгі және резерв мүшесі болып, Жоғары аппелияциялық сот туралы №1730
Заңға 1981 жылы 25 маусымдағы №2483 Заңның уақытша бабымен
толықтырылған уақытша бапқа сәйкес; Мемлекеттік кеңесі туралы 1982 жылғы 6
қаңтардағы №2575 Заңның уақытша 14-бабы 2-тармағына сәйкес Жоғары
аппелияциялық сот пен Мемлекеттік кеңестен сайланғандар;Мемлекеттік кеңес
төрағасы, Бас прокурор, төрағаның орынбасары мен бөлім меңгерушілері өз
өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғанға дейін өз функциясын жалғастыра береді.
1982 жылғы 6 қаңтардағы №2576 Заңның әкімшілік соттардың төрағалары
мен мүшелерін тағайындауға қатысты уақытша баптардың ережелері күшінде
қалады.
13- УАҚЫТША БАП. Судьялар мен прокурорлардың Жоғары кеңесінің
бір негізгі мүшесі мен бір орынбасарын Жоғары аппелияциялық сот мүшелерінің
арасынан сайлау Атазаң күшіне енген күннен кейін жиырма күн ішінде
өткізіледі.
Жаңадан сайланған мүшелердің өз міндеттемелерін атқаруын бастағанға
дейін Кеңесінің отырыстарын өткізу үшін жиналуға тиіс кворум орынбасар-
мүшелерден тұрады.
14- УАҚЫТША БАП. Кәсіподақтардың олардың кірістерін Мемлекеттік
банкіге өткізу туралы міндеттемелері Атазаң күшіне енген сәттен кейінгі екі
жыл ішінде орындалуға тиіс.
15- УАҚЫТША БАП. (Күшін жойған): 12/9/2010-5982/24)
16- УАҚЫТША БАП. Дауыс беруге құқықтары бар әрі Атазаң бойынша
референдумға қатысу үшін сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне
енгізілген әрі тіркелген, бірақ қандайда бір заңды немесе нақты себепсіз дауыс
бермеген тұлғалар, жалпыға бірдей және қосымша сайлауларға қатыса алмайды
немесе сайлауға өз кандидатурасын қоя алмайды, сондай-ақ жергілікті билік
органдарының сайлауына немесе референдумға Атазаң бойынша референдум
өткеннен кейінгі бес жыл ішінде қатыса алмайды.
17- УАҚЫТША БАП (Қосымша: 10/5/2007- 5659/1)
Осы заңы күшіне енген соң өткен сайлауда, 10/06/1983 ж. 2839-нөмірмен
күшіне енген Депутаттары сайлауы туралы Заңын ескере отырып, әртүрлі
партиялардан кандидаттармен бірге тәуелсіз кандидаттардың қатысуы туралы
айтылған 67- баптың соңғы абзацы қолданылмайды.
18-УАҚЫТША БАП (Қосымша: 12/9/2010 - 5982/25)
Осы заң күшіне енген күннен бастап, барлық ауыстырушы кандидаттар
Атазаңдық соттың толық мүшелеріне айналады.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 30 күннен соң Есеп Палатасына Заңгерлер
Қауымдастығы ұсынған әрбір үш кандидаттың ішінен бір мүшеден сайлайды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынылуы үшін кандидаттардан мыналар
талап етіледі:
а)Осы заңы күшіне енген күннен соң бес күннің ішінде Есеп Палатасының
төрағасы мүшелікке өтініш беру туралы хабарландыру жариялайды. Ол
жарияланған соң, бес күн ішінде оның мүшелерінен Есеп Палатасына өтініштер
келіп түсуі керек. Хабарландыру жарияланғаннанына бес күн ішінде, Есеп
Палатасының Бас кеңесі таңдау жасауы тиіс. Есеп Палатасының әрбір мүшесі
дауыс беруге қатыса алады. Оның басым дауыс алған үш мүшесі кандидаттыққа
ұсынылады.
18
б) Осы заң күшіне енгеннен кейін бес күн ішінде Заңгерлер
қауымдастығының басшылығы кандидаттыққа ұсыну туралы хабарландыру
жариялайды. Хабарландыру жарияланғаннан кейін бес күн ішінде мүшелер
Заңгерлер қауымдастығына өтініш бере алады. Хабарландыру жарияланғаннан
кейін бес күн өткен соң, бес күн ішінде Заңгерлер қауымдастығының басшылары
хабарландыруда
көрсеткен
күні
және
көрсеткен
жерде
Заңгерлер
қауымдастығының басшылығы тарапынан таңдау жасалуға тиіс. Әрбір алқаның
басшысы дауыс беруге қатыса алады. Басым дауыс жинаған үш адам
кандидаттыққа ұсынылады.
19
в) (а) және (б) тармақтарының талаптарына сай өткізілген сайлаудан
кейінгі бірінші күні Есеп Палатасы мен Заңгерлер қауымдастығы тарапынан
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне кандидаттардың есімдері ұсынылады.
г) (в) тармағының талаптарына сәйкес келетін мәлімдемеден соң он күн
ішінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тарапынан таңдау жасалуы тиіс. Дауыс
берудің бірінші турында әрбір бос орын үшін барлық дауыстың үштен екісі, ал
екіншісінде - көпшілік басым дауыс талап етіледі. Егер екінші турда басым
көпшілік дауыс жиналмаса, онда барынша көп дауыс алған кандидаттар үшін
үшінші тур болады. Үшінші турда ең көп дауыс алған кандидат, оның мүшесі
болып сайланады.
Президент, Аппелияциялық сот және Мемлекеттік кеңес есебінен квота
бойынша мүшелік орын босаған соң, Білім беру жөніндегі Жоғарғы кеңес
ұсынған қазіргі кезде Білім беру жөніндегі Жоғарғы кеңестің мүшелері болып
табылмайтын әрі жоғары оқу орындарында юриспруденция, экономика және
саясат саласында жұмыс істейтін оқытушылар арасынан үш кандидаттың ішінен
бір адамнан таңдайды.
Атазаңдық Сот мүшелерін түпкілікті таңдау кезінде өз кандидаттарын
ұсынған органдардың толық және ауыстырушы мүшелердің бар екені назарға
алынады.
Атазаңдық Сотқа сайланғандардың уәкілеттіктері олардың сайланған
мерзіміне дейін жалғасады. Осы заң күшіне енген сәтте мүшесі болып
табылатындар шекті жасқа дейін осы қызметінде қалады.
Жеке өтініштерге қатысты түзетулер екі жыл ішінде аяқталуы тиіс. Осы
заң күшіне енген күннен бастап жеке өтініштер қабылданады.
19- УАҚЫТША БАП (Қосымша: 12/9/2010 - 5982/25).
Бұл заң күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде Судьялар мен
прокурорлардың Жоғары кеңесіне төмендегі принцип және рәсімдер бойынша
оның мүшелері сайланады:
18
Бул баптын сонгы сөйлеміндегі «әр бір есеп балатасынын» айтылымнан кейінгі «... бырак бір кандидат
үшін» айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87 нөмірді шешімімең
жойылды (Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
19
Бул баптын сонгы сөйлеміндегі «әр бір заңгерлер қауымдастығы басшысынын» айтылымнан кейінгі
«... бырак бір кандидат үшін» айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87
нөмірді шешімімең жойылды (Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
а) Президент осы салада кемінде он бес жыл жұмыс істеген адвокаттар
мен осы салада кемінде он бес жыл жұмыс істеген заң факультеттерінің
оқытушылары арасынан ешбір кедергісіз судья бола алатын төрт мүшені
сайлайды.
20
б) Жоғары аппелияциялық соттың Бас кеңесі Жоғары аппелияциялық сот
мүшелері арасынан үш толық мүшені және үш ауыстырушы мүшені таңдайды.
Осы заң күшіне енгеннен кейін жеті күн ішінде Жоғары аппелияциялық соттың
Бірінші округының басшысы кандидаттарды қабылдау туралы хабарландыру
жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен кейін жеті күн ішінде
кандидаттар Бірінші оқкугтің Басшысына өтініш береді. Кандидаттарды
қабылдау мерзімі біткеннен кейін он бес күн ішінде Жоғары аппелияциялық
соттың Бас кеңесі сайлау өткізеді. Дауыс беруге қатысқан Жоғары
аппелияциялық соттың Бас кеңесінің мүшелері басым көпшілік дауыс алған
кандидаттардың арасынан рет саны бойынша толық және ауыстырушы
мүшелерді таңдайды.
21
в) Мемлекеттік кеңестің Бас кеңесі Мемлекеттік кеңес мүшелері арасынан
екі толық мүше мен екі ауыстырушы мүшені таңдайды. Осы Заң күшіне енген
соң жеті күн ішінде Мемлекеттік кеңес басшысы кандидаттарды қабылдау
туралы хабарландыру береді. Жоғары кеңесі комитеті Жоғары кеңес
мүшелерінің ішінен екі толық мүшені және екі ауыстырушы мүшені сайлайды.
Осы Заң күшіне енгеннен соңғы жеті күн ішінде Жоғары кеңес басшысы
кандидаттарды қабылдау туралы хабарландыру береді. Хабарландыру
жарияланғаннан кейін жеті күн ішінде кандидаттар Кеңеске өтініш береді.
Кандидаттарды қабылдау мерзімі біткеннен кейін он бес күн ішінде Мемлекеттік
кеңестің Бас кеңесі сайлау өткізеді. Дауыс беруге қатысқан Бас кеңестің
мүшелері көпшілік дауыс алған кандидаттардың арасынан тізім бойынша толық
және ауыстырушы мүшелерді таңдайды.
22
г) Түркияның Әділет академиясының Бас кеңесі өз мүшелерінің арасынан
Судьялар мен прокурорлардың Жоғары кеңесіне бір толық мүше және бір
ауыстырушы мүшені таңдайды. Осы Заң күшіне енген соң жеті күн ішінде
Түркияның Әділет Академиясының Төрағасы кандидаттарды қабылдау туралы
хабарландыру жариялайды. Кандидаттарды қабылдау туралы хабарландыру
жарияланған күннен кейін жеті күн ішінде кандидаттар өтініш береді.
Кандидаттарды қабылдау мерзімі біткеннен кейін он бес күн ішінде Түркияның
Әділет академиясының Бас кеңесі сайлау өткізеді. Дауыс беруге қатысқан
20
Бул тармактын бірінші сөйлеміндегі «құқық» айтылымынан кейінгі «... экономика және сайасі
гылымдар...» және « профессорлар» айтылымынан кейінгі «... жогары мәртебелі мәнгерушілер...»
айтылымдары мен «Елбасы, жогары мәртебелі мәнгерушілар арасынын тагайындаутын кенес мүшесін,
минмистрлык, министр көмекшісі, акімшілік, Президенттік катшылыгы, мемлекеттік мекемелерде
менгерушілік немесе тексеру бөлім бастыктары арасынан тагайындайды» деген екінші сөйлемі
Атазаңдык Соттын 7/7/2010 жылы Е: 2010/49, К:2010/87 нөмірді шешімімен жойылды ( Р.Г. 1/8/2010-
Кайталама 27659)
21
Бул баптын сонгы сөйлеміндегі «әр бір Жоғары аппелияциялық сот мүшесінін» айтылымнан кейінгі
«... бырак бір кандидат үшін» айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87
нөмірді шешімімең жойылды (Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
22
Бул баптын сонгы сөйлеміндегі «әр бір Мемлекеттік Қенес мүшесінін» айтылымнан кейінгі «... бырак
бір кандидат үшін» айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87 нөмірді
шешімімең жойылды (Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
мүшелер көпшілік дауыс алған кандидаттардың арасынан рет саны бойынша
толық және ауыстырушы мүшелерді таңдайды.
23
д) Осы Заң күшіне енгеннен кейін бес күн ішінде Жоғары сайлау
комиссиясы кандидаттарды қабылдайтыны туралы хабарландыру жариялайды.
Хабарландыру жарияланғаннан кейін үш күн ішінде кандидаттар Жоғары сайлау
комиссиясына өтініш береді. Кандидаттарды қабылдау мерзімі біткеннен кейін
екі күн ішінде Жоғары сайлау комиссиясы кандидаттардың өтініштерін қарап,
олардың тізімін жариялайды. Екі күн бойына қарсылық білдіруге болады.
Қарсылық білдіру мерзімі біткеннен кейін екі күн ішінде қарсылықтар
қарастырылып, кандидаттардың түпкілікті тізімі жарияланады. Кандидаттардың
түпкілікті тізімі жарияланған күннен кейінгі екінші жексенбіде барлық
өңірлерде облыстық және аудандық сайлау комиссияларының бақылауымен
дауыс беру өтеді, оған сол өңірдің судьялары мен прокурорлары қатысады.
Облыстық сайлау комиссиялары дауыс беруге қатысқан судьялар мен
прокурорлардың саны бойынша дауыстарды есептеу комитетін құрады.
Дауыстарды есептеу комитеттерінің шаралар мен шешімдерді талап ету
жөніндегі шағымдары облыстық сайлау комиссияларында қаралады.
Кандидаттардың үгіттеуге құқығы жоқ, олар тек осы мақсат үшін Жоғары сайлау
комиссиясы тарапынан ашылған өздерінің арнайы сайтына өмірбаяндарын ғана
іліп қоя алады. Дауыс беруге арналған бюллетеньдермен байланысты жекелеген
мәселелер Жоғары сайлау комиссиясы тарапынан анықталатын болады. Дауыс
беруге арналған бюллетеньдер Жоғары сайлау комиссиясы тарапынан басылады,
алайда қажет болған жағдайда оны басып шығару өңірлік сайлау сайлау
комитеттеріне де тапсырылуы мүмкін. Өткізілетін сайлауларда №298 «Сайлау
ережесі негіздері туралы» Заңның және осы тармақшаға қайшы келмейтін
24.04.1961 ж. «Сайлаушылар туралы» Заңның ережелері қолданылады.
24
е) Жоғары сайлау комиссиясының басшылығымен әкімшілік соттардың
бірінші дәрежелі судьялары мен прокурорлары тарапынан әкімшілік соттардың
бірінші дәрежесінің қасиетін жоғалтпаған судьялары мен прокурорларының
арасынан үш негізгі және екі ауыстырушы мүшені сайлайды. Өңірлік әкімшілік
соттар орналасқан облыстарда Жоғары сайлау комиссиясының бақылауымен
дауыс беру өтеді, оған сол өңірдің судьялары мен прокурорлары қатысады. Бұл
жағдайда да (г) тармағының ережелері қолданылады.
Бірінші тармақтың (а), (г), (д) және (е) бөлімдеріне сәйкес, Судьялар мен
прокурорлардың Жоғары кеңесінің негізгі мүшелері өз жұмысын осы заң күшіне
енгеннен кейін отыз күн өткен соң бірінші күні-ақ бастайды.
Осы заң күшіне енгеннен кейін Судьялар мен прокурорлардың Жоғары
кеңесі мен Мемлекеттік кеңестегі толық және ауыстырушы мүшелердің
өкілеттіктері олар сайланған мерзімге дейін жалғасады. Олардың ішіндегі
Жоғары Аппелияциялық соттан сайланғандары мерзімдері бітуіне байланысты
бірінші тармақтың (б) бөлімінде көрсетілгендермен ауыстырылады және кезегі
23
Бул баптын сонгы сөйлеміндегі «әр бір мүшенін» айтылымнан кейінгі «... бырак бір кандидат үшін»
айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87 нөмірді шешімімең жойылды
(Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
24
Бул тармақтағы «бул сайлауларда әр бір сайлаушылар жалгызак бір үміткер үшін дауыс береалады »
сіпатындағы онбірінші айтылымы Конституциялық Соттын 7/7/2010 жылы Е:2010/49, К:2010/87 нөмірді
шешімімең жойылды (Р.Г. :1/8/2010 қайталама 27659)
бойынша өз қызметтерін атқара бастайды, ал Мемлекеттік кеңестен келгендер
мерзімдерінің бітуіне байланысты бірінші тармақтың (в) бөлімінде
көрсетілгендермен ауыстырылып, кезегі бойынша өз қызметтеріне кіріседі.
Бірінші тармақтың (б) және (в) бөлімдерінің талаптарына сәйкес
сайланған және үшінші тармаққа сәйкес қызметін атқаруға кіріскен мүшелерінің
қызмет атқару мерзімі бірінші тармақтың (а), (г), (д) және (е) бөлімдерінің
талаптарына сай сайланған Кеңес мүшелерінің қызмет атқару мерзімі біткен
кезде бірге аяқталады.
Тиісті заңдарға қажетті түзетулер енгізілгенше, Судьялар мен
прокурорлардың Жоғары кеңесіне сайланған мүшелер Жоғары Аппелияциялық
сот округінің басшысы қолданатын заңнамаларда көрсетілген әлеуметтік, зейнет
және мүліктік құқықтарын пайдаланады. Кеңес басшысын қоспағанда, толық
мүшелерге шенеуініктерге қолданылатын жалақы коэффициентіне көбейтілген
(3000) мөлшерде ай сайын қосымша өтемақы төленеді.
Тиісті заңдарға қажетті түзетулер жасалмайынша, Судьялары мен
прокурорлардың Жоғары кеңесі мыналарға:
а) Атазаңға қайшы келмейтін қолданыстағы заңнамалардың ережелеріне
сәйкес Кеңес түрінде жұмыс істеуге;
б) толық мүшелердің жұмысы басталған күннен бастап бір апта ішінде
екінші тармаққа сәйкес Әділет министрінің басшылығымен жиналуға және
басшының орынбасарын сайлауға;
в) Ең кемі он бес мүше жиналуға және көпшілік басым дауыспен сайлауға
міндетті.
г) Хатшылықтың міндетін Әділет министрлігі жүзеге асырады:
Комитет және әділет инспекторлары тағайындалғанша, инспекторлар
ретінде жұмыс істеп жүрген әділет инспекторлары уәкілетті болады.
Осы баптың ережелері заңдарға тиісті өзгерістер қабылданғанша
қолданылады.
7. БӨЛІМ
Қорытынды ережелер
I. Атазаңды өзгерту, сайлау мен референдумға қатысу
175- БАП. (Өзгерістер: 17/5/1987-3361/3)
Атазаңға түзету енгізу Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелерінің жалпы
санының кемінде үштен бірінің жазбаша түрдегі өтінішімен ұсынылады.
Атазаңға түзетулер енгізу туралы ұсыныс пленарлық мәжілісте екі қайтара
талқыланады. Түзетулер енгізу туралы ұсынысты қабылдау үшін Мәжіліс
мүшелерінің жалпы санының бестен үшінің жасырын дауыс беру арқылы
алынатын даусы қажет.
Атазаңға түзетулер енгізу туралы ұсынысты қарау мен қабылдау осы
бапта мазмұндалған талаптарды қоспағанда, заңнамалық актілерді қарау мен
қабылдауға қатысты ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Республика Президенті Атазаңдық түзетулер енгізуге байланысты
заңдарды одан әрі қарастыру үшін кейінге қалдыруы мүмкін. Егер Мәжіліс
Президент кейінге қалдырған заң жобасын үштен екі дауыспен қабылдайтын
болса, онда Президент бұл заңды референдумға шығаруы мүмкін. Егер заңды
Мәжілістің жалпы санының кемінде бестен үші немесе үштен екісі қабылдаса
және Президент оны әрі қарай қарастыру үшін кейінге қалдырмаса, онда ол
Үкімет жаршысында басылып, референдумға шығарылады.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің
көпшілік даусымен қабылданған немесе Президент әрі қарай қарастыру үшін
кейінге қалдырған Атазаңға түзетулер енгізу туралы заңды қажет болған
жағдайда
Президент
референдумға
шығаруы
мүмкін.
Референдумға
шығарылмаған Атазаңға түзетулер енгізу туралы заң мен оның бөлімдері Үкімет
жаршысына шығарылады.
Атазаңға түзетулер енгізумен байланысты референдумға шығарылған
заңдар сайлау құқығына ие сайлаушылардың жартысынан көбінің даусымен
мақұлдануға тиіс.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Атазаңдық түзетулер енгізуге қатысты
заңдарды қабылдаған кезде, қандай ережелер референдумға бірге, қайсысы жеке
шығарылады деген мәселені шешуге тиіс.
Референдумға немесе жалпыға бірдей, қосымша сайлауға не жергілікті
билік органдарының сайлауына қатысуды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар,
тіпті санкция да қолданылуы мүмкін.
II. Кіріспесі мен бөлімдерінің атаулары
176- БАП. Атазаң негізіне жататын іргелі идеялар және принциптерді
жария ететін кіріспе Атазаңның ажырамас бөлігін құрайды.
Бөлімдерінің тақырыпшалары тек бөлімдерінің мәнін, олардың
арасындағы тәртіп пен өзара байланысты ғана көрсетеді. Бұл тақырыпшалар
Атазаң мәтінінің бір бөлігі ретінде қаралмауы тиіс.
III. Атазаңның күшіне енуі
177- БАП. Референдум қабылданған және Үкімет жаршысында жарық
көрген жағдайда осы Атазаң - Түркия Республикасының Атазаңына айналады
және оның күшіне енуіне қатысты көрсетілген мына ескертпелер мен және
ережелерін қоспағанда, тұтастай күшіне енетін болады:
а) жеке бас бостандығы мен қауіпсіздік, баспасөз, жарияланымдар және
ақпарат құралдарына, сондай-ақ жиналу бостандығы ұқықтарына қатысты 2-
БӨЛІМІНІҢ 2-бөлігінің ережелері.
Еңбекке, ұжымдық шарттарға, ереуілге және локаутқа шығу құқықтарына
қатысты 3-бөлімінің ережелері.
Бұл ережелер тиісті заңдар қабылданғанда немесе колданыстағы заңдар
өзгергенде, ең ақыры Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жұмысын бастаған соң
күшіне енеді. Алайда олар күшіне енгенге дейін қолданыстағы заңнамалар және
қаулылар, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі шешімдері қолданылады;
б) Саяси партиялар мен саяси іс-қимылдарға қатысу құқықтарына қатысты
2-БӨЛІКТІҢ ережелері осы ережелерге сәйкес дайындалуға тиіс саяси
партиялар туралы жаңа Заң жарық көргеннен кейін күшіне енеді.
Дауыс беру және өз кандидатурасын ұсыну құқықтары осы ережелерге
сәйкес дайындалуға тиіс Сайлау туралы
Заң жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
в) заңнамалық билікке қатысты 3-бөліктің ережелері:
бұл ережелер бірінші жалпыға бірдей сайлау нәтижелері жария етілген
жағдайда күшіне енеді. Алайда, осы бөлімдегі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің
функциялары мен өкілеттіктеріне қатысты ереже мен оны күшінде сақтау
туралы ережені Құрылтайшы Мәжілісі туралы 1981 жылғы 29 маусымдағы
N2485 Заңға сәйкес Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жұмысын бастағанша Ұлттық
қауіпсіздік кеңесі жүзеге асырады;
г) Республика Президенті және Мемлекеттік бақылау кеңесінің
функциясы мен өкілеттіктеріне қатысты «Республика Президенті» деген
тақырыбындағы
3-БӨЛІКТІҢ
ережелері;
ұлттық
қорғаныс,
төтенше
жағдайларды реттеу әдістеріне қатысты «Министрлер Кеңесі» тақырыбындағы
ережелер; жергілікті басқару және Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих
жоғары қоғамын қоспағанда, басқа «Басқару» тақырыбындағы ережелер; сондай-
ақ мемлекеттік қауіпсіздік соттарын қоспағанда, сот билігіне қатысты барлық
ережелер, тиісті заңдар үкімет жаршысында жарияланғаннан кейін күшіне енеді;
д) егер жаңа заңнама және қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін
түзетулер референдумда Атазаңның жария етілуімен және қабылдануымен бір
мезгілде күшіне енетін Атазаңдық ережелермен байланысты талап етілетін болса
немесе жұмыс істеп жатқан не жаңадан құрылатын мекемелерге, ұйымдарға
және өкілдіктерге қатысты болатын боса, онда одан кейінгі рәсім Атазаңға
немесе тікелей Атазаңдық ұйғарымдарға қолданыстағы заңдардың сол
ережелеріне бағынады және Атазаңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
е) бюджеттің атқарылуы туралы заң жобасын қарау рәсімдерін реттейтін
164-баптың 2-бөлігі 1984 жылы күшіне енеді.
ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛМЕГЕН
УАҚЫТША БАПТАР
2001 жылғы үшінші қазандағы №4709 Заңының Уақытша баптары
УАҚЫТША БАП А) Осы заңның 24-бабына сәйкес Атазаңның алпыс
жетінші бабының соңғы тармағына қосымша енгізілген ережелер осы заң күшіне
енгеннен кейінгі өткізілген бірінші сайлауда қолданылмайды.
Б) Осы заңның 28-бабына сәйкес Атазаңның сексен жетінші бабына
енгізілген өзгерістер Атазаңның он төртінші бабында көрсетілген іс-әрекеттерді
жасаған адамдарға қатысты қолданылмайды.
2002 жылғы жиырма жетінші желтоқсанындағы № 4777 Заңның
уақытша бабы
1-УАҚЫТША БАП Түркия Республикасы Атазаңының алпыс жетінші
бабының соңғы тармағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жиырма екінші
шақырылымында өтетін алгашкы қосымша сайлауда қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |