224
4.2 Еуразиялық дала өркениеті рухани кеңістігіндегі ислам
Ислам дінінің пайда болуынан ғасырдан астам уақыт бұрын
еуразиялық дала кеңістігінде күрделі этносаяси процестер жүріп жатты.
Солардың барысында түркі халықтары әлемдік тарихи процестің
белсенді субъектісіне айналды. Ашина державасы көршілес жатқан
мемлекеттерді өзімен қуатты мемлекет ретінде санасуға мәжбүр етті.
Осы уақыттардан бастап түркілер Еуразия даласындағы барлық тарихи
оқиғалардың бел ортасында жүріп, өркениеттік дамудың бағыт-
бағдарын айқындауға пәрменді ықпал етті. Әрине, түркілердің тарихын
тек жеңістер мен жетістіктерге толы жылнама ретінде суреттеу
шындыққа жанаспайды. Түркілердің тарихы жеңіс қуанышымен қатар
қайғы мен қасіретке де толы болды.
Осы уақыттарда түркілер арасында әр түрлі діндер мен діни
ағымдар таралды. Түркі қағандары олардың кейбіреулеріне қолдау
көрсетіп, діни кітаптарын түркі тіліне аудартты. Бұл жайында М.С.
Орынбеков: «Қазақстан жеріне әлемдік діндердің ішінде алғашқысы
болып буддизм келді. Бумынның ұлы Мұхан қаған осы дінді қабылдады,
ал оның мұрагері Тобо қаған «Нирвана-сутрадан бастап» будда
әдебиетін түркі тіліне аударуға жарлық берді», - деп жазды [174, 50 б.].
Алайда Будда діні түркі топырағында табан тіреп тұра алған жоқ.
Манихейшілдік сияқты дүниені тәркі етуге бағытталған буддашылдық
болмысты Жарық дүние деп бағалаған түркі дүниетанымы мен
руханилығына қайшы келді. «Буддизммен қатар ұлы Жібек жолы
арқылы христиандықта таралды. Ол басында несториандық, кейіннен
яковиттік түрінде Ү ғ. бастап қазіргі Қазақстан жеріне ене бастады және
Шығыс Рим империясынан шыққан әулие Нестории сектасының
өкілдерімен байланысты болды». Алайда Несторий ілімі ресми шіркеу
тарапынан айыпталып, оның ізбасарлары қуғынға ұшырады. Несторий
іліміне сай Исаның бойында адами және құдайылық бастаулар толық
ұласып кетпейді, Құдайдың анасының болуы мүмкін емес, яғни Мария
адам баласын дүниеге әкелді, Иса адами әлсіздіктерін жеңіп Құдай
баласы дәрежесіне дейін көтерілді. Бұл христиандықтың басты
догматтары болып табылатын Үштікке және құдайға айналуға
(боговоплощения) қайшы келді. ХІІІ ғасырға дейін христиандықтың бұл
ағымы Иран мен Орталық Азияда, Қытай мен Моңголияда, Үндістан мен
араб елдерінде кең таралғанымен түркілерде басымдылыққа ие бола
алмады. Христиандықтың көптеген догматтары басқа халықтарды
қойып, христиандардың өздеріне түсініксіз болды, сондықтан болар
христиан ойшылдарының бірі – Тертулиан «сенемін, өйткені ол абсурд»
деумен шектелді. Алайда қарапайым халыққа христиандықтың түсініксіз
догматтарына қарағанда, моральдық ұстанымдары әлдеқайда жақын
болды. Дегенмен, ресми-ортодоксальды христиандықты ұстанған
Еуропа мемлекеттері үшін несториандық ересь ретінде бағаланды.
225
Мұны Карпини мен Рубрук жақсы түсінген тәрізді. Өйткені кейбір
моңғол-түркі қағандары өздерін христианбыз деп санағанымен, аталған
саяхатшылардың оларға іш тартпағандығын байқаймыз. Өйткені, Рим
Папасының ерекше нұсқауымен Алтын Ордаға елшілік миссиясымен
келген
Г. Рубруктың моңғол-түркілерге деген көзқарасы осыны
айғақтайды. «Алтын Ордадағы дін» атты еңбектің авторлары: «ХІІІ
ғасырдың орта тұсындағы моңғол империясындағы несториандардың
әдет-ғұрыптарын сипаттаған. Г. Рубрук олар туралы жақсы пікір
айтпайды. Олар қолдарына сиямен аша салады, Исаның суретін
салмайды, алтарьдың орнына сандық қолданады, олардың иконалары
католиктердікіне ұқсамайды. Несториандар дұға жасағанда қолдарын
біріктірмейді, керісінше қолдарын кеуделерінің алдына созып дұға
оқиды, оларда қоңыраулар жоқ, құдайға құлшылық сирия тілінде
жүргізіледі. Г. Рубрук бойынша олардың священниктері - парақор,
ішімдікке әуес және көп әйел алады, мұсылмандар сияқты храмға кірер
алдында аяқтарын жуады, жұмада ет жейді. Священниктер арасында
симония кең таралған, барлық ер адамдар оларда – священниктер,
өйткені епископ приходтарды 50 жылда бір-ақ рет аралап шығады», -
деп жазады [168, 81 б]. Батыс христиандары, яғни католиктер үшін
түркілер сол қалпы «варварлар» болып қала берді. Ал несториандықтар
ресми шіркеу тарапынан көрген қысымды ұмыта алмады. Христиандар
арасындағы
алаауыздықтың
өршігені
соншалық,
«арабтар
христиандарды ұрыс-керісті тоқтатуға және барлығын несториандарға
бағынуға мәжбүр етті. Мұны каталикос кандидатурасын халифтің
бекіткені растайды». Христиандықтың түркілер арасында таралуы
туралы айтқанда мынаны ұмытпайық. Несториандық бағыттағы
христианшылдық Хазар қағанатындағы иудаизм сияқты түркі
элитасының кейбір топтарын ғана қамтыды. Ал қарапайым халыққа
келетін болсақ, олар дәстүрлі сенім аясында болды. «Иудей-еврейлер
хазар-еврейлерін нағыз иудейлер деп санамады.... Иудаизмді ұстанған
қоғамның жоғарғы қабаты халықтан барған сайын алыстай берді.
Олардың арасында иудей мәдениеті мен көнееврей тілі таралды. Иудей
жазуы іскерлік құжаттар тілі ретінде кең қолданылды» [169, 40 б.].
Жоғарыда аталған діндер түркі қағанаттарындағы халықтардың бірлігі
мен тұтастығын қамтамасыз ете алмады. Оның негізгі себептерінің бірі
бұл діндер жекеленген индивидуумдық сана деңгейінде тұрақтана
алмады, тұрғылықты халықтар психикасының тылсымдық қабаттарына
терең бойлай алмады. Қоғамдағы саяси элитаға ықпал ету үшін бәсекеге
түскен бұл діндер бұқара халықтан алшақ қалды.
Л. Гумилев Ұйғыр қағанатындағы манихейлік туралы: «Ең алдымен
тек азшылықтың, негізінен ақсүйектердің ғана нағыз манихей
болғандығын атап өту қажет. Сауатсыз батыр сарбаз ұйғыр
226
бақташысына оның жусан иісті туған даласын, сүйікті жарын, балдай
тәтті балаларын - адам бас тартуға тиісті зұлымдық деп түсіндіруі
мүмкін бе еді? Ол өзінің садақ тартқан қарулы қолдарынан, талай рет
өмірін сақтап қалған ажырамас серігі-тұлпарынан жерініп кете алар ма
еді? Ол Жарық пен алас ұрған Қараңғылық күресінің абстракциясын
қалай көз алдына елестете алды екен? Ұйғыр көшпенділерінің басым
көпшілігінің дағдылы өмір салтын ұстанып, дәстүрлі түсініктерін
басшылыққа алып өмір сүргендігі, тек сөз жүзінде ғана манихей
болғандығы айдан анық. Манихейліктің шіріген стихиясының оларға
қатысы шамалы еді. ... Алайда манихейліктің ең жойқын салдары
отбасын іріту болды... Азғындау процесі бірден іске аспайды, оның
салдарларын сезіну үшін кемінде үш ұрпақ ауысу керек, яғни 80 жыл.
Манихейлік Ұйғырия осынша уақыт қана тұра алды», - деп жазды [169,
423-424 б.]. Л. Н. Гумилевтің бұл сөздерін жоғарыда аталған діндерге де
қатысты қолдануға болады. Бұқара халық санасына ұяланбаған діни
сенімнің тіршілігі ұзаққа созылмайды. Мұндай діндер халықтың тарихи
ұзақ уақыттағы тіршілігін қамтамасыз ете алмайды. Олар этникалық
идентификация мен дәстүрлі мәдениеттің негіздерін шайқалтып,
этностың ассимиляциялануына немесе жойылуына алып келеді. Тарихта
мұндай құбылыстар аз болған жоқ. Түркі қағанаттарында көп діншілдік
таралғанымен, олардың бірде-бірі ортақ бір мәдениетті қалыптастыра
алған жоқ, өйткені әр дін соған сәйкес келетін мәдениеттің негізі болып
табылды. Алайда, түркі қоғамында біріктіруші бір дінге деген қажеттілік
барған сайын жете сезініле бастайды.
Исламның түркілер арасында ресми дін ретінде тарала бастауын
Берке хан есімімен байланыстырады. Бірақ әлемдік діндердің бірі
ретінде ислам түркілерге оған дейін де жақсы таныс болды. Себебі,
арабтар ҮІІІ ғасырдың басында түркілермен көршілес жатқан
отырықшы мемлекеттерді жаулап алған болатын. Соның нәтижесінде
Хорезм, Бұхара, Самарқант, Ходжент қалалары Орталық Азиядағы
ислам орталықтарына айналды. Әрине, ислам барлық жерде бейбіт
жолмен таралды деуге болмайды. Десек те, кейбір тарихи оқиғалар
исламның таралуына оң ықпал еткен тәрізді. Соның бірі 751 жылғы
Талас шайқасы болды. Бұл туралы атақты француз тарихшысы,
шығыстанушы Рене Груссэ: «Қытайша Кьюпише аталған Ташкенттің
түркі билеушісі немесе түдүні қытайларға талай рет бас иді
(743,747,749). Бірақ сол уақыттағы Кучидің губернаторы немесе
империялық комиссары Као Сьенчэ оны Қытайға барар жолдарды
қорғаудағы өз миссияңды дұрыс орындамадың деп жазғырады. Као
Сьенчэ Ташкентке барып, түдүннің басын алып, байлығын иеленеді. Бұл
осы батыс бөлігіндегі көтерілістерге түрткі болады. Басы алынған
түдүннің ұлы Тарбагатайды және Балхаш көлінің шығыс жағалауынан
Ертіске дейінгі Ұрұнғыны мекендейтін түркі-қарлұқтардан, сондай-ақ
227
Соғдыдағы араб гарнизонынан қолдау сұрайды. Араб генералы Зиад ибн
Салих оңтүстіктен, қарлұқтар солтүстіктен келеді. 751 жылдың
шілдесінде Као Сьенчэ Талас өзенінің бойында талқандалады.
Бартольдтың айтқанындай, бұл тарихи жеңіс Орталық Азияның
тағдырын шешті. Барлық оқиғалар осыған әкеле жатқандай болып
көрінгенімен, Қытай ықпалында қалудың орнына Орталық Азия
мұсылмандыққа бет бұрды» дейді. Бұл тарихи оқиға біз ойлағаннан
әлдеқайда маңызы болды және оның маңыздылығы тек саясатпен
шектелмейді. Біздің пайымдауымызша, бұл оқиға түркілердің исламмен
комплитарлылығын индивидуальдық сана-сезім деңгейінде нығайта
түсті. Түркілер мен арабтар бірлесіп әрекет етудің алғашқы сынынан
өтті. Қытай мәдениетіне келетін болсақ, «Қытайдың рухани
мәдениетінің ерекшелігі соншалық, көшпенділер оны қабылдай алмады,
қабылдағысы да келмеді. Тоныкөк мысалынан көргеніміздей, тіпті
қытайлық білім алған түркілерде оған өз дүниетанымдарын қарсы қоюға
талпынды». Л. Гумилевтің бұл сөздерінен кейін түркілердің қытайға
деген көзқарасына бірдеңе қосу қиын болар.
Француз тарихшысы баяндап отырған Талас оқиғасынан он төрт
жыл бұрын, яғни 737 жылы араб қолбасшысы Мерван ибн Мұхаммедтің
хазарларға жасаған жорығы барысында Хазар қағанаты ресми түрде
исламды қабылдайды және исламды қабылдағандардың басым көпшілігі
түркілер болды. Алайда, хазар түркілері исламды жеңімпаздардың діні
ретінде немесе мәжбүрліктен қабылдады деп айта алмаймыз. Хазарлық
түркілер арасында исламның таралуына Хорезмнен келген мұсылмандар
ықпал етті. Біз алдыңғы тарауда исламның негізгі ұстанымдары мен
тұғырнамаларына
тоқталып
өткен
едік.
Бұл
тұғырнамалар
мұсылмандардың нақты іс-әрекетінде көрініс тапты. Исламда иманға
негізделген жүріс-тұрыс ақылақ деп аталады. Яғни әрбір мұсылман
өзінің істеген ісінің бәрінен жасыра алса да, Аллаһтан жасыра
алмайтынын жақсы түсінетін. Біз қарастырып отырған кезең исламның
пассионарлық қуатының сарқылмаған, ислам ұстанымдары мен
құндылықтарының көмескі тартпаған кезі еді. Ислам таралым
аймақтарында жеке және әлеуметтік өмірді заманауи өркениеттік негізде
ұйымдастыруға айырықша көңіл бөлді. Қарапайым халыққа исламның
дүниеге, адамаралық қатынастарға, түйткілі көп мәселелерді шешуге
деген көзқарасы бұрынғы ескірген ұстанымдардан әлдеқайда жақын, әрі
тартымды болды. Біз жоғарыда исламның таралуындағы сауданың рөлі
туралы айтқан едік, міне дәл осы сауда-саттық және оған деген
исламның көзқарасы мен оны реттеу тетіктері жаңа діннің таралуының
маңызды бір факторы болып табылды. Сауда әрбір адамның күнделікті
істес болатын, тұрмыстық қажетті құбылысы. Сонымен қатар сауда адам
мен қоғамның құндылықты келбетін айқындайтын айна тәрізді. Ислам
сауда жасағанда тек пайда мен осы дүниелік мақсаттарды ғана
228
басшылыққа алмай, ақіретті, Аллаһ алдындағы жауапкершілікті
ұмытпауды ескертеді. Құранда таразыдан жеу, бұзықтық, яғни арам
жолмен мал жинау сияқты әрекеттерге тиым салынған. Сондай-ақ ислам
сауданы реттеудің төмендегідей ахлақи үкімдерін ұсынады:
а) әділдік пен шыншылдық. Бұл сауданың сатушы мен тұтынушы
арасында ризашылықпен жасалуы, тауар туралы тұтынушыға толық
және дәл ақпарат беру, яғни жақсылығын асырып, жамандығын
жасырмау, бағаның ынсаппен белгіленуі;
б) исламда харам саналған істермен айналыспау. Сол дәуірлерде
пайданы ойлаған саудагерлер тауарға мұқтаждық тудыру үшін, оны
уақытша сақтай тұрып, кейін бағасын өсіріп сататын немесе қаржысы
жетпеген тұтынушыға тауарын сатып, құнын өсіммен алатын. Ислам
мұндай әрекетті айыптайды;
в) таразыға кем тарту, мұны ислам ұрлықтың бір түрі деп
қарастырады. Бұл туралы Құранда нақты нұсқау бар: «Өлшеп-тартуда
кеміткендерге нендей өкініш! Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп
алады да, қашан олар өлшеп немесе тартып беретін болса кемітеді. Олар
қайта тірілетіндерін ойламай ма?» [159, 587 б.].
г) жұма намазды сауда немесе басқа да қызмет пен әрекет үшін
тәркі етпеу. Кез - келген харекетпен, соның ішінде саудамен айналысу
адамды ақіреттік есептен алыстатпауы керек. Адамның несібесі
Аллаһтан, сондықтан сауданың алға басуы да Оның қалауына тәуелді.
Бұл туралы Құранның Нұр сүресінің 38-39 аяттарында «Аллаһты еске
алудан, намазды орындаудан және зекет беруден сауда да, алып-сату да
жалтартпайтын адамдар бар. Олар жүректер мен көздердің аунап түсетін
күнінен қорқады. Аллаһ оларға істеген істерінен ең көркемін тарту етеді
және Өз құдіретімен оны еселеп өсіреді. Аллаһ қалаған құлын есепсіз
несібеге бөлейді» делінген.
д) ұрланған, тонау арқылы жиналған, құмарлық ойындармен
байланысы бар және сатушының өзіне тиесілі емес заттар мен
бұйымдарды сатуға тиым салынады. «Олар адасуды (немесе қисық
жолды) туралықпен шатастырды. Бірақ саудасы оларға пайда әкелмеді,
сонда да олар тура жолға түспеді».
Құранның осы ұстанымдары және сондай-ақ жетім-жесірдің мал-
мүлкін жеуге тиым салуы қарапайым әрбір пендеге түсінікті, әрі жақын
болды. Адамның күнделікті жүріс-тұрысында көрініс табатын ахлақтың
діннің таралуындағы маңызы діни прозелитизм мен миссионерліктен
кем болмады. Сонымен қатар ислам саудагерлері мен кәсіпкерлерінің
арасында өзара көмекте жамағатқа тән көркем мінездің бір көрінісі
болды. Осыған дейінгі бақталастық пен бәсекелестіктің орнына ислам
әлеуметтік серіктестік пен өзара ынтымақтастықты қойды. Осылайша
саяси-әлеуметтік және сауда-экономикалық салада жаңа өркениеттік
өлшемдерді қалыптастырып, өмірге енгізген ислам діні аз уақыт
229
аралығында тез қарқынмен жаңа аймақтар мен өңірлерге, ұлттар мен
ұлыстарға жайыла бастады. Исламның қуаты пайғамбар сахабалары мен
мұсылман сарбаздарының қылышының өткірлігі мен найзасының
ұшында ғана емес, оның негізгі күші мен сарқылмас қайраты
теологиялық-философиялық және әлеуметтік-саяси доктринасында еді.
Өйткені басқа да пайғамбарлар сияқты, Мұхаммед пайғамбар да қара
күштен ақыл-парасатты жоғары қойды. Сондықтан түркілердің арасында
ислам әскери жорықтардың емес, сауда мен қарапайым адами қатынас
барысында кеңінен таралды.
Исламның түркілер арасында таралуына ықпал еткен тағы бір
фактор – халықтық санада қалыптасып тұрақтанған құндылықтардың
ұқсастығы мен үйлесімділігі болды. Ислам этикасының негізгі
категориялары: тәубе, сабыр, қанағат, ата-ана мен үлкенге деген құрмет
және т.б. түркі менталитетінде де терең санаға сіңген еді. Сондықтан
ислам құндылықтарынан түркі халықтары өз бейнесін танығандай
болды. Мүмкін, құндылықты ұстанымдардың жақындығы екі
өркениеттіңде көшпенділік негізінде туындағанынан да болар. Қалай
десек те исламның түркілер арасында негізінен бейбіт жолмен
таралғандығын теріске шығара алмаймыз. Кейін араб елдерінің
пассионарлық сілкінісі саябырсыған сәтте, дәл осы исламды қабылдаған
түркі халықтары оның рухани ілімі мен өмірлік құндылықтарын асқан
жанқиярлықпен қорғады. Түркілер исламға еш уақытта сырттан
таңылған дін ретінде қарамады. Керісінше, өз дүниетанымы мен жан
дүниесінің қайнар бастауы деп қабылдады.
Исламның түркілер арасында алғаш рет ресми діні ретінде танылуы
мен қабылдануы Қарахан әулетінің билік құруымен тұспа - тұс келеді.
ІХ ғасырдың соңында Шығыс Түркістанда Қарахан қағанаты бой
көтереді. Осы мемлекеттің билеушісі Оғылшақ Қадыр ханның немере
інісі Сатық 910 жылы таққа отырған тұста исламды мемлекеттік дін
дәрежесіне көтеріп, өз есімін Әбділкәрім Сатық деп өзгертті. «Ал оның
баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні
деп жариялады» [170, 75-76 б.]. Қарахандықтар исламның Қашғар мен
Ыстық көл өңірінде орнығуына айтарлықтай ықпал етті.
Түркілердің тағы бір тармағы – селжұқтар сол уақыттарда Византия
империясына қараған Кіші Азияға өздерімен бірге ислам дінін де ала
келді. Селжұқ әулетінен шыққан Алып Арслан 1071-жылдың 19-
тамызында Армениядағы Малазгерд түбінде Византия императоры
Ромэн Диогенді тұтқындады. Сөйтіп, түркілердің Анатолияда ұзақ уақыт
билік құруын қамтасыз етті. Селжұқтерден кейін түркі осман империясы
ислам жәдігерлерін жау қолына түсірмей, пайғамбар үмбетіне аман-есен
жеткізді. Осман империясы ислам өркениетінің алдыңғы шебінде болып,
ислам өркениетінің тұтастығы мен бірегейлігін сақтауға теңдесіз үлес
қосты. Осы тарихи бетбұрыстар жайлы татар зерттеушісі Р.Н.
230
Безертинов: «Бұл оқиға түркі және ислам әлемі тарихының ағымын
өзгертті. Ислам байрағы түркілерге өтті, аз уақыттан соң түркілер бүкіл
ислам әлемінің өкіліне айналды», -деп атап көрсетеді. Татар
зерттеушісінің жоғарыдағы пікіріне сілтеме жасай отырып, біз оның:
«Түркі халықтарының аман қалуы ұлттық дін тәңіршілдікті, түркі
әліпбиін жаңғыртуда және өз тілін нығайтуда» деген пікірімен толық
қосыла алмайтынымызды айтқымыз келеді. Әрине дін мен тіл, әліпби
ұлттық сананың ажырамас атрибуттары және өзіндік болмысты
айқындайтын мәнді құбылыстар. Тіл – дін мен әліпбиге қарағанда
тұрақты константасы, өйткені этникалық тарихта соңғы екеуі
айтарлықтай өзгеріске ұшырса да, этнос өзіндік болмысын сақтап
қалатыны, ал тілінен айырылған этностар ассимиляцияға ұшырап,
жойылып кететіні байқалады. Сондықтан дін дүниеге, өмірге деген
көзқарасты өзгерткенімен, этникалық бірегейлікті сақтап қалуға оң
ықпал етуі де мүмкін. Исламды қабылдаған түркі халықтары осындай
үрдісті бастан кешірді. Православиелік Ресей мен Конфуцишілдік Қытай
өркениеті қыспағында қалған түркі этностары мемлекеттігін
жоғалтқанымен ислами құндылықтар мен дүниетаным негізінде
өздерінің негізгі этникалық белгілерін: тілін, салт-дәстүрін, діни наным-
сенімдерін сақтап қалды. Егер мәселенің түйткілі дінде деген принципті
аксиома ретінде қабылдасақ, дәстүрлі шамандық немесе тәңіршілдік
сенім аясында қалған Сібір халықтарының тағдырын қалай түсіндіруге
болады? Сондықтан мәселе дінде ғана емес, этностың діни сенім мен
ұстанымдарды, құндылықтарды өз болмысында қалай қолданып, жүзеге
асыра алуында. Ұлттар мен ұлыстар өзінің рухани қайнарларына,
ұлттық менталитетіне жақын және тарих толқынында иірімдерге батып
кетпей сақталып қалуына мүмкіндік беретін діни сенімдерді ұстанады.
Алайда діни бірегейліктің трансформацияға ұшырауы этникалық бірлік
пен тұтастықты шайқалтып, оның этнос ретінде тіршілік етуіне қауіпте
төндіретінін ұмытпағанымыз абзал. Әр түрлі конфессияларға бөлінген
бұрынғы біртұтас этностар арасындағы қарама-қайшылық пен
төзімсіздік әр түрлі діндерді ұстанатын халықтар арасындағыдан
әлдеқайда терең, әрі ымырасыз болатыны тарихтан белгілі (мұны алысқа
бармай-ақ Шыңғыс хан әулетінің тағдырынан да байқауға болады). Бір
сөзбен қорытындыласақ, ислам діні оны қабылдаған түркі
халықтарының этникалық бірлігі мен туысқандық жақындығын сақтап
қалуға мүмкіндік берді. Ал өз кезегінде түркілер ислам әлемін сыртқы
дұшпандардан қорғап, оның өркениеттік кеңістігінің тұрақтылығын
қамтамасыз етті.
Исламның еуразиялық мәдени ареалда таралуындағы тарихи кезең
Шыңғыс хан империясының тағдырыменде тығыз байланысты. ХІІІ
ғасырдың бірінші ширегінде ислам әлемі ортағасырлық өркениеттердің
алдыңғы қатарында болды. Ислам дұшпандары крест жорықшыларының
231
Жерорта теңізінің оңтүстік және шығыс жағалауларына шапқыншылығы
сәтсіз аяқталып, Иерусалимнен түбегейлі айырылды, сөйтіп өздерінің
бұрынғы одақтастары әрі бір сенімдегі Византия империясын
талқандады. Византия үшін бұл ауыр соққы болды. Сөйтіп, 1204 жылы
төртінші
крест
жорығынан
құр
алақан
қайтқан
рыцарлар
Константинопольды жаулап алып, Босфорда Латын империясын құрды.
Алайда олардың билігі ұзаққа бармады. Византиялықтар өз астанасын
азат етіп, латындықтарды қуып шықты. Бірақ бұрынғы алып империя
қайта түлеп, қалпына келе алмады. 1453 жылы түрік армиясы
Константинопольды алып, Византия империясының тарихына соңғы
нүктені қойды. Осы кездерден бастап осман империясы ұзақ уақыт
ислам әлемінің негізгі тірегіне айналды.
ХІІІ ғасырдың басында ұлы еуразия даласында ортағасырлық
әлемнің саяси картасын түбегейлі өзгерткен тарихи процесс басталды.
Әлемдік тарих сахнасына түркі-моңғол халықтары шықты. Осылай
Шыңғыс хан негізін қалаған әлемдік қуатты мемлекет пайда болды.
Шыңғыс хан әулеті Шығыс Еуропадан Корей түбегіне дейінгі аралықты
өзіне бағындырды. Олардың жорықтарынан ислам әлемі де шет
қалмады. Шыңғыс хан әскері Бағдат Халифатын құлатып, Мысыр
шекарасында
соғыс
жүргізді.
Моңғол
жорықтары
көптеген
өркениеттердің қабырғасын қайыстырды. Алайда, олар топырағынан
қайта түлеп, өздерінің мәдени-материалдық және адами потенциалын
қалпына келтірді. Шыңғыс хан ұрпақтарына мирас болған оның алып
империясы ыдырап, әр түрлі, негізінен қытайлық-буддалық және
түркілік-исламдық өркениеттер ағымына енді.
Шыңғыс хан империясының құрылуы Батыс христиандарының
крест жорықтарының сәтсіздігімен тұспа - тұс келді. Біз жоғарыда түркі
тайпаларының арасында несториандықтың таралғандығы туралы айтқан
едік. ХІ ғасырда Батыс христиандарына Шығыс және Орталық Азиядағы
несториан қауымдары туралы ақпарат жеткен еді. Бірақ олар бұған аса
мән бермеді, алайда ХІІ ғасырда еуропалық саяси-діни элита оларды
өздерінің саяси мақсаттарына, яғни мұсылмандарға қарсы күресте
пайдалануды ойлады. Осы уақыттарда Батыс Еуропада құдіретті азиат
патша-священник Иоанн туралы аңыз пайда болып, кең таралды. Бұл
аңыз жайлы Л. Гумилевтің жоғарыда аталған «Қиял патшалығын іздеу:
«Пірәдар Иоанның мемлекеті туралы аңыз» атты еңбегінде жан-жақты
баяндалады. Аңыздың мән-жайына жан-жақты тоқталмай, ол туралы Л.
Гумилевтің мына пікірімен шектелейік: «Отсыз түтін шықпайды, ал сол
сыбыстың шығуына себеп болған шын мәніндегі оқиға екеніне қазір
ешбір күмән күдік тумайды: ол – Қидан гурханы Елу Даши біріктірген
ортаазиялық тайпалар қалың қолының селжүк сұлтаны Санжар әскерін
1141 жылы Қатуан жазығында талқандауы. Әсілі, несториандар көшпелі
жұрт арасында да болған секілді, бірақ Елу Дашының өз басы бір дінді
232
белгілі дәрежеде тәуір көрсе, буддизмді тәуір көрген. Оның әскері
Тигрге дейін жете алмаған, тіпті оған жеткісі де келмеген, оның хандығы
тек Жетісу өңірін, Жоңғарияның бір бөлігі мен Алтайдың оңтүстік
жоталарын қамтып жатқан шағын ғана хандық болған; Қидан
билеушілерінің арасында Иоанның есімі кездеспейді, ортағасырдағы
еуропалықтардың әлгі ойдан шығарылған өтірігіне ұқсайтын бірдеңе
Азиядан табылмаған». Еуропалық христиандардың «Пірәдар Иоаннға»
үміт артқаны соншалық, осы аңызбен қатар «Папа Александр ІҮ
пірәдар Иоаннға жолдауы» да пайда болды. Батыс христиандары пірәдар
Иоанн крестшілердің Иерусалим корольдігін қолдап, мұсылмандарға
қарсы Батысқа қарай жорыққа шығады деп сенді. Шыңғыс хан әскері
мен ақсүйектерінің арасында несториандардың болғаны күмән
туғызбайды. Алайда, Шыңғыс хан империясында діни төзімділік
мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді және сол арқылы Шыңғыс
әулеті діни соғыстар мен қақтығыстарға жол бермей, империяның
тұтастығы мен бірлігін сақтап қалуға талпынды. Моңғолдар мен
түркілердің басым бөлігі ескі тәңіршілдік сенімде болғанымен,
империяның саяси-әлеуметтік қатынастары Шыңғыс ханның заңдар
жинағы «Жасақ» арқылы реттеліп отырды. Шыңғыс хан өз жасағында
бір дінді басқаларынан жоғары қоймай, бәрін құрметтеуді әмір етті.
Осының бәрін ол Құдайдың қалауы деп қабылдады. Сонымен қатар ол
дін адамдарын, ғибадатханаларды алым-салықтардан босатты. Сондай-
ақ, Жасақ өз еркімен бағынған халықтарды тонауға, қыруға тиым салды.
Әр дін өкілі сол діннің әдет-ғұрпына сай Құдайға құлшылық жасай
алды. Осының бәрі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің
жорықтарының діни сипатта болмағандығын айғақтайды. Керісінше,
империя аясында Шыңғыс хан діни алаауыздыққа жол бермей, оның
алдын алудың заңдық негіздерін қалыптастырған. Шыңғыс хан
мемлекетіндегі осы жағдайды өз көзімен көрген католик миссионері
францискандық орден мүшесі Одорик де Порденон: «Әр түрлі
нәсілдердің бейбіт қатар өмір сүруі және оларға бір әкімшіліктің
басшылық ету фактісі маған дүниедегі ең жақсы құбылыс болып
көрінеді», - деп жазды. Діни төзімділіктің мемлекетте ресми
танылғанына қарамастан әр түрлі дін өкілдері саясатқа ықпал етуге
талпынды. Моңғол әулетінің бірі христианшылдыққа, енді бірі будда
дініне, басқасы мұсылмандыққа қолдау көрсетті. Соңында бұл алып
империяның ыдырауына әкеп соқты. 1248 жылы Ұлы хан Ғұйықтың
атынан Элжігідей Франция королі Людовик ІХ хат жолдап, онда шығыс
христиандарын мұсылмандардың жалмап қоюынан сақтап, өз діндерін
еркін ұстануына мүмкіндік жасауды өзіне Ұлы хан Ғұйықтың сеніп
тапсырғандығын айтады. Р. Груссэ Пельоның жорамалына сүйеніп,
Элжігідейдің 1248-жылдан бастап Бағдад халифатына шабуыл жасауды
жоспарлағанын алға тартады. Ғұйықтан соң Ұлы хандыққа Мүңкенің
233
сайлануы Элжігідейдің бұл жоспарын жүзеге асырмады. 1252-жылдың
ақпанында Мүңке Элжігідейді тұтқындап, өлтіруге бұйрық берді.
Алайда, Элжігідейдің бұл жоспарын он жыл өткен соң Хулагу жүзеге
асырды. Ол Бағдадты жаулап алып, тұрғындарын аяусыз қырып,
мешіттерді талқандады. Оның бұл әрекеті исламды қабылдаған Берке
хан тарапынан наразылық тудырды. Хулагудың билігі ұзаққа
созылмады. 1260-жылдың маусымында сұлтан Бейбарыс бастаған
мамлюктер Палестинаға бет алып, осы жылдың қыркүйегінде Эн-
Джалудтағы Зерин маңында Қитбұқа бастаған моңғол әскеріне ойсырата
соққы берді. Хулагудың Сирияны жаулап алу ниетінен ештеңе
шықпады. Оның бұл жоспарының жүзеге аспауына жиені – қыпшақ
даласының билеушісі Беркенің қарсы шығуы себеп болды. 1258-жылы
Батый хан мен оның мұрагерлері Сартақ пен Ұлағшы қайтыс болғаннан
соң, Алтын ордадағы билік Беркенің қолына өтеді. Берке хан болмай
тұрып-ақ исламға бет бұрған болатын. Моңғолиядан қайтып келе жатқан
Берке Бұхараға тоқтап, сонда шейх Сейф-ад-дин әл Бахерзимен кездесіп,
соның ықпалымен исламды қабылдайды. Алайда, Беркенің исламды
қабылдауы Алтын Орда жұртшылығын жаңа дінге өтуге мәжбүрлемеді.
Қыпшақ даласында ислам сопы шейхтар мен дәруіштердің діни
уағыздарының нәтижесінде таралды. «Ибн Арабшахтың айтуынша хан
Берке жұртшылыққа өз діндерінің шарттарын үйретіп, таухид пен
имандылық жолын көрсетсін деп, жан-жақтан хакімдер мен шейхтерді
шақыртты». Исламның түркілер арасында таралуына ықпал еткен тағы
бір фактор сұлтан Бейбарыс билік құрған Мысыр елімен жан-жақты
байланыс орнату болды. Бағдад халифаты талқандалған соң Мысыр елі
барлық мұсылмандардың діни орталығына айналды. Мұсылман елінің
халықаралық беделінің артуы Беркені Мысырмен жақындасуға
итермеледі. Қыпшақ даласынан шыққан сұлтан Бейбарыста Алтын
Ордамен келісім жасауға ынталы болды. Өйткені, Мысыр сұлтанына
қарасты Сирия жеріне Хулагу ұлысы тарапынан төнген қауіпте
Бейбарысты бей-жай қалдыра алмайтын еді. 1261 жылдан бастап екі жақ
елшілік делегацияларымен алмасты, Бейбарыс елшілері Қырымдағы
Солодажуге, ал Берке өкілдері Александрия қаласына келді. 1263 жылы
Берке мен Бейбарыс арасында парсы хандығына қарсы бағытталған
келісім жасалды. Ислам өркениеті үшін бұл маңызы зор оқиға болды.
Берке мұсылман әлемін қан қақсатқан Хулагуды талқандап, ислам
елдерін шапқыншылықтан сақтап қалды. Ал қыпшақ даласынан сенімді
одақтас тапқан Бейбарыс крест жорығын тоқтатты. Берке хан тұсындағы
Алтын Орданың Мысырмен қарым-қатынасының сипаты мен мақсаты
негізінен саяси мүдде арқылы анықталғанымен, екі ел билеушілерінің
арасындағы жеке тұлғалық қарым-қатынаста Жошы Ұлысында
исламның таралуына өзіндік үлесін қосты. 1262 жылы Берке хан моңғол
Ұлы қаһанына тәуелділіктен арылып, халифке ештеңеге міндеттемейтін
234
ант қабылдайды. Содан соң Хулагу ұлысына қарасты Әзірбайжан мен
Арранды жаулап алу үшін Закавказьеге жорық жасайды. 1265 оның
әмірімен бекілербек Ноғай әскері селжұқ сұлтаны Изз-ад Дин
Кайкавусты азат етіп, «опасыз» византия императорын жазалауды желеу
етіп, христиандық Византия мен Болгарияны шабады. Сөйтіп, ислам
және мұсылман елдерімен жақындасу Алтын Орда мемлекетінің сыртқы
саясатының басты бағытына айналады.
Берке ханның исламды қолдауы Алтын Орда мемлекетінің мәдени
өміріне де зор әсер етті. ХІІІ ғасырдың орта тұсынан бастап Алтын Орда
қалаларында шығыстық сипат белең ала бастайды. Бұл стиль
ортағасырлық қалалардағы монументальды құрылыстарда: мешіттер мен
азан шақыратын мұнараларда, медреселерде, керуен-сарайларда,
базарларда өз көрінісін тапты. Алтын Орда мемлекетіндегі қалалар
құрылысының қарқынды дамуы исламның таралуына түрткі болды. ХІІІ
ғасырдың екінші жартысынан бастап Шыңғыс хан жорықтары
барысында үзіліп қалған керуен жолдары қалпына келтіріліп, қираған
қалалар жандана бастайды. Экономикалық себептермен қатар, қалалық
мәдениеттің дамуына Орталық Азия мен Еуразияның орманды-далалық
аймағына ислам дінінің таралуы да ықпал етті. Археологиялық
зерттеулер барысында ашылған ІХ-ХІІІ ғасырға тиесілі қазба
ескерткіштері осыны дәлелдейді. «Қалаларға қоныстану (урбанизация)
мұсылман мәдениетіне тән сипат болды. Мұсылмандар көбінесе Жошы
ұлысындағы қалаларда тұрды, ал олар ислам мәдениетінің
орталықтарына айналды. Мұндай қалалар «әл-Махруса», яғни қауіпсіз,
Құдай қорғаған қала деген құрметті атаққа ие болатын»,-деп атап
көрсетеді түркі мәдениетін зерттеуші Г. Давлетшин [169, 251-252 б.].
Бұл қалалар сол дәуірдегі алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениеттің
орталықтарына айналды. Араб халифатының құлдырауы исламның
мәдени орталықтарының Орталық Азия мен Еуразиялық далаға қарай
ойысуына ықпал етті. Осы жерлерде ислам мәдениетінің екінші тынысы
ашылды деп айтуға болады. ХІҮ ғасырда өмір сүрген тарихшы Ибн
Арабшах Жошы ұлысының орталығы Сарай қаласының ғалымдар мен
атақты адамдардың сүйікті мекеніне айналғандығын айтады.
Ортағасырлық Самарқанд пен Бұхар, Хорезм мен Үргеніш ислам ілімі
мен ғылымының Орталық Азиядағы ірі орталықтарына айналды.
Ортағасырлардағы қазақ топырағында да көптеген әсем шаҺарлар бой
көтерді. Солардың ішінде Сауран, Суяб, Тараз, Талхиз, Қойлық және т.б.
атап өтуге болады. Қорған дуалдары мен биік мұнаралары, базарлары
мен мешіттері, қоғамдық моншалары аталған қалаларға қайталанбас
сипат берді. Ортағасырлық қалалар негізгі үш бөліктен тұрды. Қаланың
ортасында хан ордасы, оның сыртында шахристан, ал қаланың шеткі
аймағында рабад орналасты. Қаланың бұл құрылымында оның
әлеуметтік стратификациясы көрініс тапты. Сол кездердің өзінде-ақ
235
тұрғындарды сумен қамтамасыз ететін арықтар мен құдықтар
ойластырылды. Сондай-ақ қалаларда көпшілікке арналған қоғамдық
моншалар салынды. Солардың бірі - атақты Тараз моншасы. Монша
еден асты арқылы жүргізілген жылу жүйесі арқылы жылытылды. Су
құбырлар арқылы беріліп отырған және су қайтатын канализация
жүйелері де ойластырылған. Ислам жеке адамның тазалығына үлкен
мән берді, бес уақыт намаз алдында дәрет алу осының айғағы болып
табылады. Қалалық моншалардың салынуы да исламның осы
ұстанымымен байланысты болса керек. Өйткені, ислам елдерінде
еуропалықтарды жайлаған оба, індет сияқты дерттер көп кездеспеді.
Бірақ моншалар құрылысы түркілерге исламға дейін де белгілі болған.
Еділ жағалауындағы Бұлғар қаласындағы ҮІІІ ғасырда салынған
қалалық моншаның орны әлі де бар. Алтын Орда моншалар мен керуен
сарайлар құрылысы да тез қарқынмен дамыды. Өйткені, Ұлы Жібек
жолының бойында орналасқан қалалардың бәрі бір-бірімен байланысып
жатты және оларда жолдан шаршаған керуеншілер мен саудагерлердің
тынығып, дем алуына барлық жағдайлар жасалды. Мемлекет олардың
өмірі мен меншіктерінің қауіпсіздігіне кепіл болды. Керуендерді ұры-
қарыдан қорғау үшін қарулы әскерлер бөлінді. Сонымен қатар, мемлекет
аймағында хабар алып отыру үшін байланыс (қазіргі тілмен айтқанда
пошта) қызметі құрылды. Осының бәрі ортағасырлық Еуразия даласы
мен Орталық Азияда өркениет дамуының жоғарғы сатыда болғанын
айғақтайды.
1267 жылы Берке хан қайтыс болғаннан соң Алтын Ордада ішкі
қайшылықтар шиеленісіп кетеді. Оның бір себебі, исламды
қолдайтындар мен ескі дәстүрді, соның ішінде Шыңғыс хан
«Жасағының» мызғымас беделін мойындайтындар арасындағы
алаауыздық болды. Берке хан тұсында көптеген лауазымды мемлекеттік
қызметте мұсылмандар тұрды. Берке ханның исламды қолдауын ескі
моңғол, әсіресе, көшпенді ақсүйектері «Жасақта» көрініс тапқан барлық
діндердің теңдігі тұғырнамасынан ауытқу ретінде қабылдады.
Анығында, ескі аристократия «Жасақты» алға тарта отырып, өздерінің
мүдделерін қорғауға талпынды. Белгілі бір дәрежеде бұл қалалық
мұсылмандық пен жаңа әкімшілік аппаратқа сүйенген орталықтанған
хан билігі мен шеткі аймақтағы дәстүрлі наным-сенім мен өмір салтын
сақтап қалуға талпынған топтар арасындағы кикілжің еді. Осы
текетірестің соңы Жошы ұлысында Менгі-Темірдің таққа отыруымен
аяқталады. Менгі-Темір тәңірлік-шамандық сенімді ұстанғанына
қармастан Берке ханның Жошы ұлысының дербестенуіне және
мұсылман
елдерімен
жақындасуына
бағытталған
саясатын
жалғастырады. Сонымен қатар, ол Византия империясымен де жақсы
қарым-қатынас орнатуға талпынады. Өзі билік құрған тұста Менгі-Темір
хандық аймағында православтық грек шіркеуі священниктерінің
236
артықшылықтарын бекітетін жарлықтар шығарады. Оның бұл саясаты
Алтын Орда құрамына кірген Орыс князьдықтарын тыныштандыруға
бағытталған болуы керек. Осы мақсатта ол Сарай архиепископы
Теогностты бірнеше рет Константинопольге елшілікке аттандырады.
Менгі-Темірден кейін таққа отырған Тұда Менгі бес уақыт намаз
пен оразасын үзбеген мұсылман еді. Бірқатар тарихи деректер бойынша
Тұда Менгі исламды Ноғайдың ықпалымен қабылдаған. «Ноғайға
еліктеген Тұда Менгі исламды қабылдауға шешім қабылдап, мысыр
сұлтанына өзіне мұсылман есімін беруді, сұлтан байрағын және дін
жауларына қарсы жорыққа шығу үшін накарлар (кернейлер) сыйлауын
өтінеді». Алайда ол ел басқаруға құлық танытпады. Сөйтіп, 1287-жылы
ол тақтан бас тартып, оның орнына Тұла бұға хан көтерілді. Алайда,
нақты билік Берке хан тұсында әскер басқарып көзге түскен түмен
Ноғайдың қолында болды. Өз саясатында Ноғай Алтын Орда
ақсүйектерінен қолдау іздеді. Тақтың заңды мұрагері болып табылмаған
ол 1270-жылы исламды қабылдап, өзін Берке жолын қуушы ретінде
көрсетті.
ХІІІ ғасырдың 80-жылдары Алтын Орда ақсүйектерінің арасында
тағы да алаауыздық туындап, олардың бір бөлігі Тұлабұғаны,
қалғандары Тоқтыны қолдайды. Осы тартыста Ноғай Тоқтының жағына
шығады. Бірақ оның Тоқтыны дегеніне көнетін ханға айналдырам деген
ойынан ештеңе шықпайды. Хандығының алғашқы он жылында Тоқты
хан Ноғайдың айтқанына қарсы келмеді, тіпті оның талап етуімен
Ноғайға көңілдері толмаған нойондарды өлтіртеді. Бірақ, кейін Ноғай
Тоқтыдан қашып өзін паналаған бүлікшіл нойондарға қонақ жайлылық
танытып, хан мен оның арасындағы қарым-қатынасын шиеленістіреді.
Бұл Алтын Ордадағы саяси жағдайды тіптен ушықтырып, оның соңы
Тоқты мен Ноғайдың ашық қақтығысына алып келеді. Яс (Прут)
өзенінің жағасында болған бірінші шайқаста Тоқты жеңіліс табады, оны
Донға дейін тықсырған Ноғай қудалауын тоқтатады. Бірақ екі жылдан
соң әскерін қайта жасақтаған Тоқты Қағанлық (Полтава өңірі) түбінде
Ноғайдың әскерін талқандайды. Моңғол дәстүрінен хабары аз орыс
сарбазы сыйлыққа кенелем деген оймен Ноғайдың басын шауып,
Тоқтыға әкеледі. Ал моңғол дәстүрі бойынша шыңғыс әулетінен
шыққандарды қан шығарып өлтірмейтін. Бұл моңғолдардың көне
шамандық діни наным-сенімдерімен, дәлірек айтсақ анимистік
түсініктерімен байланысты деп топшылауға болады. Олар өлгенде
қанның шығуы жанның қайтып оралуына мүмкіндік бермейді деп санаса
керек. Сонымен қатар, Шыңғыс хан «Жасағына» сәйкес қараның хан
ұрпағының басын алу былай тұрсын, оның алдында бас көтеруге құқы
жоқ еді. Сөйтіп, дәстүрден бейхабарлық орыс сарбазының басын алуға
себеп болды.
237
Ал Тоқтының жеңіске жетуінің негізгі себептерінің бірі мұсылман
саудагерлерінің қолдауы болды. Тоқты шамандық сенімді ұстанғанымен
мұсылмандарға кең қолдау көрсетеді. 1293-жылдан бастап Алтын Орда
монеталарында Тоқтының есімімен қатар «Насир лид Дин Аллах» (дін
мен Аллаһтың көмекшісі) деген титул пайда болады. Тоқтының ислам
мен мұсылмандарға деген көзқарасы мемлекеттік саясаттың басты
бағыты болды. Алтын Ордада біріңғай ақша белгілерін енгізе отырып,
хан ішкі және халықаралық сауданы дамытуға талпынды. Тоқты керуен
жолдарының қауіпсіздігіне көп көңіл бөлді, өйткені сауда мемлекеттік
кірістің басым бөлігін құрап, қалалардың дамуына ықпал ететін. Қытай
мен Үндістанды Еуропамен және Таяу Шығыспен жалғастырып жатқан
Жібек жолындағы қауіпсіздік пен бөгетсіз тауар ағымын қамтамасыз ету
Алтын Орда мемлекетінің негізгі басымдылығы болды. Тоқтының сауда
саласында жүргізген саясаты мұсылман саудагерлерінің жағдайына игі
ықпал етті және исламның осы мемлекеттегі позицияларын нығайтты.
Қолдарына ірі байлықты шоғырландырған саудагерлер мемлекеттік
істерден де шет қалмады. Олар хан кеңесшілері, елшілік, салық
жинаушылық қызметтер атқарды. Ал хан және оның маңындағылар
саяси әрекетті саудамен де ұштастырып отырды. Ханның отбасы
мүшелері делдалдықпен айналысып, өз дәулетін молайта түсті.
Сонымен, ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІҮ ғасырдың
басында Алтын Орда мемлекетінде ислам дінінің ықпалы артып,
топырағы қатая түсті. Оған не ықпал етті дейтін болсақ, негізгі екі
факторды атап өтуге болады:
а) экономикалық, соның ішінде сауда-саттық қатынастардың
қарқынды дамуы;
б) мемлекеттіліктің нығаюы мен орталықтануы.
Исламның Алтын Орда мемлекетінде нығаюы оның мемлекеттік
идеологияға айналғанын білдірмеді, сондықтан ислам әлеуметтік
психология деңгейінде болды. Бірақ, осыған қарамастан ислам факторы
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында, әлеуметтік-экономикалық
дамуында бедерлі көрініс табады.
Сонымен, исламның Жошы ұлысында таралып, орнығуына
факторлар кешені ықпал етті деп айтуға болады. Солардың ішіндегі
маңыздыларына тоқталатын болсақ, олардың қатарына:
- Алтын Орда да исламның таралуына Жошы ұлысының құрамына
енген аймақтарда аталған діннің моңғол шапқыншылығына дейін ірі
орталықтарының болуы зор ықпал етті. Шыңғыс хан әулетінің
империясы құрылғанға дейін Орталық Азия мен Еуразия түркі
халықтарының арасында тығыз мәдени-экономикалық байланыстар
орнаған еді. Алтын Орда осы байланыстарды қалпына келтіріп қана
қоймай, оны жаңа деңгейге көтерді. Мұсылман елдерімен тығыз қарым-
қатынас орната отырып, Алтын Орда хандары осы аймақтың әлемдік
238
сауда-экономикалық және саяси қатынастардағы рөлі мен маңызын
арттырды;
- исламды қабылдаудың саяси алғышарттары Берке хан тұсында
қалыптасып, айқындалды. Жошы ұлысының мұсылман елдерімен жақын
қарым-қатынас орнатуы Беркенің Ұлы моңғол империясынан бөлініп,
дербес мемлекет құру ниетімен байланысты болды. Хулагумен күресте
Беркенің Мысыр мамлюктарымен одақтасуы Алтын Орданың ислам
елдерімен дипломатиялық, әскери және мәдени-сауда қатынастарының
өрістеуіне ықпал етті;
- мұсылман әлемімен түрлі салалық қатынастардың кеңеюі тек
саясатпен ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен де
байланысты болды. Бір мемлекет аясында отырықшы-қалалық және
көшпенді-далалық аймақтар арасындағы байланыстың одан әрі
нығаюына жол ашты. Саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу
халықаралық сауданың дамуына мүмкіндік берді. Мұсылман
саудагерлері сауда-саттық қарым-қатынастарды шариат негізінде
ұйымдастыра отырып, исламның аталған аймақта таралуына себеп
болды.
- Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің жорықтарынан кейін
еуразиялық дала кеңістігіндегі сауданың қайта жандануы қалалық
мәдениеттің дамуына ықпал етті. Жаңа қалалар бой көтеріп, олардың
архитектурасында шығыстық-мұсылмандық сипат айқын көрініс тапты;
- отырықшы-қалалық және көшпенді-далалық аймақтар арасындағы
байланыстың нәтижесінде ислам діні мен мұсылмандық өмір салты баяу
болса да көшпенділікке де ене бастады. Әрине, қалалық оазистермен
салыстырғанда көшпенді дала өмірінде ескі тәңіршілдік сенімдер әлі де
болса басым еді. Бірақ исламның таралу үрдісінен дала шет қала алмады.
Еуразиялық даланың Қиыр шығысында буддизмнің ламаизмдік бағыты
жергілікті шамандық наным-сеніммен біте қайнасып кетті. Ал Орталық
Азия мен орманды-дала (негізінен Еділ мен Жайық жағалауларында)
аймағында ислам терең тамыр жая бастады.
ХІҮ ғасырдың басында сарай төңкерісінің нәтижесінде ақсүйектер
мен мұсылман дінбасыларының және сондай-ақ саудагерлердің
қолдауына ие болған Өзбек таққа отырады. Өзбектің таққа отыруы
мұсылмандардың Алтын Орда мемлекетінде ұйымдасқан саяси күшке
айналғандығын көрсетеді. Осы күшке арқа сүйеген Өзбек хан саяси
билікті қолына алуымен бірге, мемлекет аумағында исламды кеңінен
таратуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, 1312-жылы ислам Алтын Орданың
мемлекеттік дініне айналады. Таққа отырған Өзбек хан өзінің билігіне
қауіп төндіреді деген қарсыластарының көзін құртады. Оның
қарсыластарының арасында ескі наным-сенімді ұстанғандар да аз болған
жоқ. Алайда, бұл фактіні діни қақтығыс ретінде қарастыру дұрыс емес.
Көне тарих куә болғандай, мәселе билікке, әсіресе мемлекеттік билікке
239
келіп тірелгенде діни бірегейлік соншалықты маңызды рөл атқармайды
(мұсылмандардың өз діндестері Ноғайды қолдамай, Тоқтының жағына
шығуы осының көрнекті мысалы).
Алтын Орда халқының исламдануы үрдісін Өзбектен кейін оның
ұлы
Жәнібек
жалғастырды.
Қала
тұрғындары
мен
билік
басындағылардың киім киісі де өзгеріп, басқа сәлде орау мен жұма
намазға бару әдеті құбылысқа айналады. Өзбек пен Жәнібек билік
құрған кезең жұма мешіттерінің және т.б. ғибадаттық ғимарат
құрылыстарының қарқын алуымен сипатталады. Бұл Алтын Орда
аймағында исламды таратудың мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне
айналғанын айғақтайды. Мешіттер мен медреселер қалалардағы
исламның орталықтарына айналады.
Исламның ресми мемлекеттік дін ретінде қабылдануы хан билігінің
сипатын да өзгертеді. Исламға тән зайырлы және рухани биліктің
тұтасуы орын алып, хан енді ел өміріндегі дін қағидалары мен
нормаларының сақталуын да қадағалап отырады. Билік сакральды
сипатқа ие болады. Хан билігі Жаратушы құдіретінің құзыры ретінде
қарастырылады. Ханның ел басқаруға арналған құжаттары «Бисмиллахи
-р- рахмани-р-рахим», яғни «Аса мейірімді Аллаһтың атымен
бастаймын!» деген сөздермен басталады. Сондай-ақ мемлекеттегі іс
жүргізуде, ресми құжаттарда араб әліпбиі біртіндеп ұйғыр әліпбиін
ығыстыра бастайды, ал монеталарда араб эпиграфикасы қолданылып,
олардың басылу жылы хижра жыл санауы бойынша беріледі. Жошы
ұлысындағы жарлықтарда дәстүрлі он екі жылдық мүшел жыл
санауымен қатар, мұсылмандық ай күнтізбегі және хижра бойынша жыл
санау қолданылады.
Өзбек хан тұсында ел басқарудағы маңызды институт –
құрылтайдың рөлі мен оның Жошы әулетіндегі мұрагерді анықтайтын
функциясы ұмыт болады. Мұрагерлік мәселесін биліктің бірден - бір
заңды иесі ретінде ханның өзі шешеді. Билік Аллаһтың құдіреті мен
аманаты ретінде қарастырылады, ал дәстүрлі құқыққа негізделген
биліктің өз міндеті мен қызметін атқаруы мәнін жоғалтады.
Исламның таралуы биліктің мәні мен сипатын ғана емес, оның
құрылымын да өзгертті. Өзбектің таққа отыруы биліктің Шыңғыс әулеті
өкілдерінің қолынан хан тағайындаған жергілікті жерлердегі уәкілдерге
өтуіне алып келді. Дәстүрлі құрылтайлардың орнын хан кеңесі басты.
Хан кеңесіне оның жақын туыстары, әйелдері, беделді әскер басылары
және мемлекеттік кеңес - диуан кірді. Мемлекеттік кеңесті уәзір
басқарды, уәзірдің басты қызметі мемлекеттің экономикалық саласын,
қаржы-салық шығыны мен түсімін қадағалап отыру болды. Әскерге
басшылық жасау, сыртқы саясатқа жетекшілік ету, жоғарғы қазылықты
қадағалау бекілербекке тапсырылды. Сонымен қатар, ол жоғарғы
240
әкімшілік билікті жүзеге асырды, яғни аймақтар мен қала басшылары
тікелей соған бағынды.
Исламды қабылдағаннан соң Алтын Орданың мемлекеттік қызмет
құрылымында бұрын болмаған қазы лауазымы пайда болады. Дін
адамдары мемлекет тарапынан қолдау мен құрметке ие болады. Өзбек
хан негізін қалаған басқару аппаратында діни соттар – қазылар ерекше
орын алды. Қазылар Құран мен суннада көрініс тауып, фықһта
түсіндірілген діни-құқықтық нормалар негізінде азаматтардан түскен
шағымдарды, мүліктік және т.б. қатынастарды қарастырды, сонымен
қатар, олар діни әдет-ғұрыптардың ислам канондарына сай өткізілуін
қадағалады. Қазылар институтының пайда болуы қоғам мен мемлекет
өмірінде «Жасақпен» қатар мұсылман құқының да қолданыла
бастағанын көрсетеді. Осы уақыттардан бастап қазылар институты
мемлекеттің
әкімшілік-бюрократиялық
аппаратының
ажырамас
атрибутына айналды. Қазы шешімдерінің орындалуын бекілербек
кеңсесі, жергілікті жерлердегі хан уәкілдерінің арнайы қызметтері
қамтамасыз етті. Қазылар мемлекеттік қызметтегі адамдар болып
табылды, олар ханға және ол тағайындаған мемлекеттік қызметкерлерге
бағынды.
Муфтийлер, шейхтер мен сопылар мемлекеттік қызмет құрамына
кірмегенімен, олардың қоғамдық өмірге ықпалы зор болды. Муфтийлер
діни мәселелер бойынша терең талдаулар жасап, пәтуәлар шығарып
отырды. Ал танымал шейхтер мен сопылар хандар мен әмірлердің
рухани ұстаздары болып табылды. Хандар мен әмірлерге өздерінің
ықпалын жүргізе отырып, олар мемлекеттік істерге де араласты.
Сөйтіп, Жошы ұлысындағы исламның ресми мемлекеттік дін
ретінде
қабылдануы
Алтын
Орданың
мемлекеттік-құқықтық
саласындағы өзгерістерге алып келді. Ислам қатардағы көп діндердің
бірінен Жошы ұлысының негізгі ұстанымын анықтайтын идеологияға
айналады. Хан билігі ислам тарапынан діни-саяси негізделеді.
Мемлекетті басқаруда дін рөлінің артуы Алтын Ордада Таяу Шығыс пен
Орталық Азиядағы сияқты теократиялық сипаттағы мемлекеттің
орнығуының алғышарттарын қамтамасыз етеді.
Жәнібек хан қайтыс болған соң таққа отырған оның ұлы
Бердібектің билігі ұзаққа бармады. Ол қайтыс болғаннан кейінгі Жошы
әулетінің арасындағы билікке талас мемлекеттің әлсіреуіне алып келді.
Осыны пайдаланған орыс князьдары Сарай билеушілеріне құрмет
көрсетпей, салық төлеуден бас тартты. Билік тізгінін қолына алған
Мамай бірнеше рет орыс князьдерінен жеңіліс тапты. Оқиғалар желісі
Алтын Орда мемлекетінің құлдырауына алып келе жатқан тарих
сахнасына Ақ Орда ханы Тоқтамыс шықты. Ол орыс князьдарының
бүлігін басып, осы бүлікке киліккен литвалықтарды Полтава түбінде
талқандап, Жошы ұлысындағы билікті қалпына келтірді. Алайда,
241
Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында ұзаққа созылған соғыстар қыпшақ
даласына орны толмас шығындар әкелді. Темір жорықтары барысында
Ұлы далағы қалалар мен керуен жолдары талқандалып тоналды, ең
бастысы тақ пен баққа таластық адамдық ресурстың сарқылуына алып
келді. Темірдің Үндістан мен Кавказға жорықтары исламның жаңа
аймақтарға таралуына ықпал еткенімен, оның ислам елдеріне жасаған
жорықтары бұл елдерді қанға батырып, олардың әлеуетін әлсіретті.
ХІҮ ғасырдың алғашқы ширегінде Солтүстік Еуразияда Жошы
ұлысының бірнеше мемлекеттерге ыдырауы айқын белең ала бастады.
Сөйтіп, өз заманында алып мемлекеттердің бірі болған Алтын Орда
ірілі-ұсақ хандықтарға бөлініп кетті. Осындай тарихи үрдістердің
барысы ХҮ ғасырдың екінші жартысында дербес Қазақ хандығының
құрылуына алып келеді. Қазақ халқының исламды қабылдауы, Д.
Стюарт атап көрсеткендей, өте күрделі процесс болды. Осы тұрғыда Д.
Стюарт мынадай бірқатар негізгі тұстарды бөліп қарастырады: 1)
исламның еніп, таралуы; 2) жоғарғы билеушілердің исламды
қабылдауы; 3) биліктің исламды ресми дін ретінде қабылдауы; 4) ислам
мемлекеттерінің көрші халықты мұсылман елі деп тануы; 5) халықтың
басым көпшілігінің исламды ұстанатын ахуалының қалыптасуы. Біз өз
зерттеуімізде Д. Стюарт ұсынған әдістемелік принциптің негізгі
қағидаларын жүзеге асырдық деп айта аламыз. Ол атап көрсеткен
тұстардың алғашқы үш пунктіне жан-жақты тоқталдық. Енді қалған
екеуін Қазақ хандығының қалыптасуына қатысты талдайық. Д. Стюарт
Шейбани әулетінің 1509-жылғы қазақтардың наным-сеніміне қатысты
пәтуасына және осы пәтуа жөніндегі Фаззалах ибн Рузбихан
Исфаханидің есебіне тоқталады.
Д. Стюарт өз мақаласында: «Рузбиханның пікірінше, қазақтар
исламды арғы аталары Өзбек ханның тұсында қабылдаған, 200 жылдан
кейін олар исламның барлық ережелерін жақсы біледі, бірақ оны әдейі
бұзады. Ол қазақтар намазды және басқа да бір қатар парыздарды дұрыс
орындайды, сондықтан надандық олардың күнәларының себебі болып
табылмайды.
Рузбихан қазақтардағы пұтқа иіліп тәжім етудің бар екендігін атап
көрсетеді. Ол сондай-ақ алғашқы сауылған қымыз құрбандыққа
берілетін тәңірілік рәсімді сипаттайды, оның түсіндіруінше бұл күнге
табыну рәсімі. Пәтуаның қабылдануына басты себеп жорық барысында,
әсіресе 1507-1508 жж. мұсылмандарды тұтқынға алу болды.
Пәтуаның нәтижесінде шейбанидтер қазақтармен өздеріне тиімді
жағдайда соғыса бастады, енді қазақтарды тұтқындауға болатын болды.
1509 жылғы пәтуа мұсылман ретіндегі қазақтардың өзіндік
санасына соққы болды, бірақ қазақтардың исламдануы процесі
тоқтамады», - деп жазады [171, 144-145 б.].
242
Біріншіден, автордың өзі мойындап отырғанындай, пәтуаның
қабылдануының негізгі себебі саяси оқиғалармен байланысты. Яғни, ол
саяси әрекеттерді негіздеу салдарынан туындаған. Екіншіден, Д. Стюарт
мырза баяндап отырған пәтуа қазақ халқы мен көшпенділер арасындағы
исламның таралуы тарихының тек бір кезеңін ғана қамтиды. Аталған
тарихи кезеңде халық санасында қос сенімділік, яғни исламға дейінгі
және исламдық сенімнің қабаттасуы орын алғандығын жоққа шығара
алмаймыз. Алайда, осы уақыттардың өзінде-ақ халықтың өзіндік
бірегейлігінде ислам жетекші позицияларда болды деп айтуға негіз бар.
Өйткені, сопы-дәруіш пен қам-шаман, бақсы бейнелеріне мәдени-
антропологиялық талдау жасайтын болсақ, алғашқылар образының
соңғыларын ығыстыра бастағанын байқаймыз. Себебі, бақсы аруақтар
мен рухтар әлеміне жақын болса, сопы адамдардың күнделікті өміріне,
тұрмыс-тіршілігіне бір табан жақын болды. Үшіншіден, біз санадағы
архаикалық архетиптермен істес болатындығымызды ұмытпайық.
Халық дүниетанымының терең қабаттарында жатқан бұл архетиптер
ізсіз жоғалып кетпейді және мүлдем ығыстырылып та шықпайды. Олар
актуалданған немесе пассивті жағдайда болуы мүмкін. Белгілі бір
оқиғалар немесе ресми идеологиялық ұстанымдар олардың қайта
жаңғырып, жандануына себеп болуы мүмкін. Аталған жаугерлік заман
олардың осылай қайта жаңғыруына түрткі болатынын да естен
шығармаған абзал. Дегенмен, уақыт ағымы исламның қазақ халқының
санасында тұрақтануына алып келді. Сондықтан, ХҮ ғасырдағы
халықтық діни сана мен ХҮІІ-ХІХ ғасырдағы діни сана бірдей бола
бермейді. Қазақтардың мұсылмандығы туралы айтқанда осыны естен
шығармаған жөн.
Исламның Дешті Қыпшақ көшпенділері арасында таралуы
негізінен сопылық бірлестіктердің дінді таратуға бағытталған
әрекеттерімен тығыз байланысты болды. Өзінің қарапайым
тұрмысымен, діндарлығымен, осы дүниелік игіліктер мен ләззатты тәркі
етуімен, ақыл-парасатымен, әділ әрі адалдылығымен ерекшеленген сопы
халық арасында айрықша беделге ие болып, әулие танылды.
Сопылықтың көшпенділер арасында таралуына исламға дейінде
танымал болған «әулиелер культі» де зор ықпал етті. Көшпенділер үшін
адамның моральдық беделі оның саяси немесе әлеуметтік беделінен кем
түскен жоқ, тіпті олардан жоғары болды десек артық айтпаймыз.
Сондықтан, көшпенділер арасында исламның таралуында оның ресми
жағына қарағанда жеке тұлғалық үлгісі әлдеқайда пәрменді болды.
Алайда, бұл исламның иман шарттары мен парыздары көшпенділер
үшін жат құбылыс болды дегенді білдірмейді. Кейбір тарихшылардың,
атап айтқанда мысалы, Л. Гумилевтің Тоқтамыс пен Ақсақ Темір
арасындағы қақтығысты тәңіршілдік пен шамандық тәрізді наным -
сенімді сақтап қалуға талпынған көшпенділік пен қалалық мәдениетке
243
бейім отырықшылық-исламдық өмір салттары арасындағы қарама-
қайшылық ретінде сипаттауды біз ғылыми факт деп қабылдай алмаймыз.
Өйткені, жахилия дәуірін бастан өткізген араб тайпаларының өзі
исламды бір күнде немесе бір жылда қабылдай қоймады. Сондай-ақ,
исламды қабылдағаннан кейінде араб тайпалары көшпенділік өмір
салтынан қол үзіп кеткен жоқ. Себебі, ислам халықты көшпенділіктен
отырықшылыққа өтуге бағыттаған аграрлық реформа емес еді.
Исламның негізгі мақсаты - адамзатқа хақты таныту және сол арқылы
өмір мен дүниеге деген көзқарасты өзгерту, адам жүрегіне иман нұрын
ұялату болатын. Әрине, қалалық тұрмыс ислам құндылықтарының тез
қарқынмен таралуына ықпал етті, өйткені қалалық жердегі ақпарат
айналымы адамдардың қоныстану тығыздығына тура пропорцианалды
болды. Алайда, Н.Д. Нұртазина атап көрсеткендей, «көшпелі өмір салты
сенім жолына, шариатты, тіпті ғылым мен білімді игеруге тосқауыл
болмады». Исламның терең теологиялық мәселелері көшпенді халық
үшін аса түсінікті бола қоймағанда шығар, алайда, исламның күнделікті
практикалық, адамгершілік-құлықтылық аспектілері олар үшін маңызды
болды. Көшпенділер арасында исламды таратқан дін адамдарының
бойынан табылған көркем мінез, салауатты өмір, қилы жағдайлардағы
байсалдылық пен сабырлылық, әділеттілік пен рухани тазалық, пенделік
тіршіліктен жоғары тұру және т.б. толып жатқан құндылықтар мен
ұстанымдар ақ пен қараның, адалдық пен арамдықтың, жақсы мен
жаманның аражігін теологиялық-философиялық пікір-таластар
барысында емес, нақты өмір ағымында ашқан қарапайым көшпенділер
үшін әлдеқайда маңызды болды. Ислам ақиқатына қаныққан ақындар
мен жыраулар оны көпшілік бұқараға түсінікті поэтикалық жанрларда
жеткізіп отырды. Мысалы, Қаблиса (Қабан) жырау:
Ай, мұсылман жараңдар,
Малыңнан зекет беріңіз,
Бірлігін Хақтың біліңіз,
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз.
Бұл дүниең, жарандар
Сағатындай болмайды,
Ақіретте күніңіз - десе,
Шал ақын:
Жігіттер ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы, Аллаһты ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқытта өлген,
Жігіттер, жас күніңде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ, - деп ой толғайды. Оның
осы толғауын Дулат Бабатайұлы:
Әуелі Аллаһ айталық,
244
Ағузы билляһи әліпті,
Қайыр беріп сыйлаңыз
Мүсәпір мен кәріпті.
Кәріпке қайыр берсеңіз,
Ақыреттің дәулеті,
Қараңғы емес, жарықты,
Құдай білер деген сөз
Тыңда мақшар күнінде,
Өз алдына анықты.
Ақыретте не болар,
Құдайды жақсы білмеген?
Құдайды жақсы білмеген құл
Тозаққа жанып күймеген,
Қыл көпірден өтерде,
Қинауды көріп тұрарсың,
Мына күнәм жалғанда,
Жақсылық жолдан жүрмеген.
Сүйтсе-дағы байғұстар
Тый талабын қылыңыз,
Құдіреті күшті Құдайдың
Жарлығын жақсы біліңіз.
Құдіреті күшті Құдайдың
Жарлығын жақсы білсеңіз,
Мүңкір, Нәңкір келгенде,
Бұлбұлдай сайрар тіліңіз, - деп ары қарай жалғастырады [172, 188
б.].
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіне талдау жасау
исламның иман шарттары мен бес парызының көшпенді қазақ мәдениеті
мен тұрмысында елеулі орын алғандығын, тіпті осы мәдениеттің
бірегейлігін анықтайтын элементке айналғандығын көрсетеді. Алайда,
Қазақ хандығының өз мемлекеттілігі мен өмірлік кеңістігі үшін
жүргізген толассыз күресі бес парызды күнделікті өмірде үзбей ұстануға
мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты халық арасында «Ораза, намаз
тоқтықта» деген мәтел қалыптасты. Қазақ хандығындағы исламды
зерттеген Н. Нұртазина: «Ойланып қарасақ, «Ораза, намаз тоқтықта»
мәтелі халық аузынан шыққан мұсылмандықтың ең кәміл дәлелі. Оның
мағынасына сай соғыс, аштық, жұт сияқты төтенше оқиғалар орын
алмаса, ораза тұтып, намаз оқу әдетті, қалыпты жағдай саналды»,- деп
атап көрсетеді.
Қазақ хандығы дәуірінде шариат нормалары қазақ халқының
дәстүрлі құқында көрініс таба бастайды. «Қасым ханның қасқа жолы» -
дербес қазақ мемлекетінің алғашқы заң жинағы. Бұл заң жинағы ел
ішіндегі және ел сыртындағы қатынастарды реттеуде негізінен ертеден
245
келе жатқан дәстүрлі нормаларға арқа сүйесе, Тәуке ханның «Жеті
жарғысы» мен «Есім ханның ескі жолында» қазақтардың дәстүрлі құқы
мен шариат нормалары арасында сәйкестіктің орын алғаны байқалады.
Яғни, құн төлеу, неке мен отбасы, дін мәселелерінде дәстүрлі құқықтың
ислам құқына қайшы келмейтіні байқалады. Бұл туралы Қ. Омарханов
«Қазақ елінің дәстүрлі құқығы» еңбегінде: «ХVІІ-ХІХ ғасырдағы
қазақтың дәстүрлі құқығындағы шариғат заң ережелерінің рөлі мен
маңызы артпаса төмендемеген. Шариғат заңының кейбір нормалары мен
элементтері дәстүрлі құқықтың ережелерімен ұштасып, беки түсті.
Қазақтың көшпенді қоғамындағы қылмыстың кейбір жеке түрлері үшін
ант беруде шариғат заңы мен қағидаты жеке азаматтарға айтарлықтай
ықпал етті. Шариғат заңының нормалары көбіне дінге қарсы
қылмыстарға, отбасы мен неке қатынастарына байланысты туындаған
істерге қолданылғаны тарихи жазба деректерде біршама айтылған», -
деп жазады. Исламның құқықтық практикасының қазақ халқының әдет-
ғұрып заңдарына ықпалын зерттеген ғалымдар С. Зиманов пен Н.
Өсерұлының зерттеулері де жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттайды
[173, 29-43 б.]. Авторлардың тұжырымдауынша, қазақ халқының
ертеден келе жатқан құқықтық дәстүрі шариат нормаларына қайшы
келмеген, ал исламның құқықтық ұстанымдары қазақ жерінде
қалыптасып келе жатқан феодалдық қарым-қатынастардың дамуына игі
ықпал еткен және сондай-ақ ислам білім мен ғылымның өркендеуіне
жол ашқан.
ХІХ-ХХ ғасырларда ислам халықтық білім беру саласына да ене
бастайды. Осы мәселені зерттеген Р. Мұстафина ХІХ ғасырда Қазақстан
аумағында екі типтегі діни оқу орындарының: бастауыш – мектеп және
жоғарғы – медресе болғандығын атап көрсетеді. Ол: «ХІХ соңы мен ХХ
ғасырдың басында қазақтар ислам ілімі негіздерін біліп, оны
басшылыққа алып қана қойған жоқ, олар өз балаларын мұсылман оқу
орындарында – мектептер мен медреселерде оқытты, мешіттерге барды,
яғни, олар ешқандай шүбәсіз мұсылман болды... Осының бәрі әдебиетте
орын алған осы кезеңде қазақтарда ислам үстірт болды деген пікірге
күмән келтіруге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетеді [174, 130 б.].
Жоғарыда қарастырылған исламның Еуразия кеңістігінде,
Қазақстан мен Орталық Азияда таралуы ислам мәдениеті мен
өркениетінің аталған аймақтарға таралуының ұзақ ғасырларға созылып,
бірнеше кезеңдерден өткендігін байқатады. Шартты түрде исламның
таралуын: а) ҮІІІ-ХІ ғасырлардағы алғашқы енуі; б) ХІІ ғасырдағы
Шыңғыс хан империясының дүниеге келуіне байланысты уақытша
саябырсу кезеңі; в) ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы ислам таралуының қайта
жандануы мен қарқынды белең алуы; г) ХҮ-ХІХ ғасырлар арасындағы
орнығуы мен нығаюы кезеңіне бөліп қарастырамыз.
246
Ортағасырлық қалалар ислам мәдениеті мен өркениетінің ошақтары
болып табылды. Осы уақыттарда қалаларда ислам зиялы қауымы
қалыптасып, ғылым мен білімнің, өнердің дамуы жаңа сатыға көтерілді.
Исламның таралуы Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде
нығаюына және жаңа қалалардың дамуына ықпал етті. Ислам тек қана
материалдық -мәдениеттің емес, рухани мәдениеттің де, соның ішінде
ғылым мен әдебиеттің дамуына да жаңа серпін берді. Түркі ғалымдары
мен ақындарының, дана ойшылдарының шығармалары ислам
өркениетінің ажырамас буыны болып табылады. Жалпы алғанда ислам
Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған өркениеттік құбылыс
болды. Еуразия даласын мекендеген түркі мемлекеттері бұл өркениеттік
үрдістерден шет қала алмады және қала алмайтын да еді. Ислам діні әр
түрлі мәдениеттерді бір өркениеттік ағымға біріктірді. Ислам осы дінді
қабылдаған халықтардың мәдениетін жойып жібермей, керісінше, жаңа
сатыға көтерді. Қоғам мен мәдениет үнемі қозғалыста, дамуда болатын
жүйелер. Түркі мәдениеті мен ислам өркениеті туралы айтқанда олардың
бір-бірін толықтырып отырғандығын ескеруіміз керек. Түркілердің
түсінігінде Тәңір Аллаһтың синониміне айналды. Ескі діннің көптеген
көріністері ислам канондарына бейімделуге мәжбүр болды. Ал ислам
діні өзінің негізгі канондарын нығайтып, бекіту үшін тұрғылықты
халықтың наным-сенімдерімен санасты.
Ресми исламға қарағанда көшпенді түркілер арасында сопылық
бағыт кеңінен таралды. Сопылық бағыттың таралуына осы жерлерде
исламға дейін қалыптасқан «әулиелерді» пір тұту дәстүрі көп ықпал етті.
Рухани тазалығы, емшілік қасиеті, тақуашылығы арқылы халық
арасында кең танылып, беделге ие болған сопылардың аты тірі кезінде-
ақ аңызға айналды. Ал қайтыс болған соң олардың бейіттері қасиетті
орындарға айналды. Осындай кейбір ерекшеліктеріне қарамастан,
көшпенділер арасында исламның таралуына сопылықтың маңызы зор
болды. Сопылық арқылы исламның моральдық принциптері бұқара
халық санасына сіңірілді. Қоғамдық өмірдің ресми деңгейінде Әбу
Ханифа мазһабы қолданыс тапты. Отырықшы түркі халықтар арасында
бұл мазһабтың қолданыс аясы, көшпенділермен салыстырғанда
әлдеқайда кең болды. Көшпенділер қоғамдық өмірді реттеуде әдеттік заң
нормаларына көбірек жүгінгенімен, ислам шарттарын орындау мен
ғибадат мәселелерінде осы мазһабтың ұстанымдарын басшылыққа алды.
Бала туғанда азан шақырып ат қою, неке қию, жерлеу рәсімдері, ораза
тұту, намаз оқу тәртіптері осы мазһаб шарттарына сәйкес атқарылды.
Басқа да мұсылман халықтары сияқты көшпенділер де ораза айт, құрбан
айт сияқты мейрамдарды атап өтіп отырды.
Ортағасырларда ислам түркі мемлекеттеріндегі діндер арасындағы
бәсекелестікте жеңіске жетті. Оның бірнеше басты себептері болды.
Ислам ілімі басқа діни ілімдермен салыстырғанда қарапайым, әрі
247
түсінікті болды. Екіншіден, «ислам әрқашан синкреттілігімен
ерекшеленді. Ол өзіне дейінгі діндердің көптеген идеяларын игерді. Оны
жиі-жиі аққан өзеннің жағаларымен салыстырады». Үшіншіден, ислам
оны қабылдаған халықтардың мемлекеттілігі мен мәдениетінің дамуына
жаңа серпін бере білді. «...Арабтар жаулап алған халықтарға қатысты
ислам «өркениеттендіруші рөл атқарды, оларға ауқымды мәдениет
әлеміне және халықаралық тілге аясына енуге мүмкіндік берді.
Көшпенді халықтарға қатысты ол мемлекеттілік пен құқықтың
қалыптасуына ықпал етті». Ислам мен оны қабылдаған халықтар
мәдениетінің синтезі А. Мец «Мұсылман Ренессансы» деп атаған
өркениеттік құбылысты дүниеге әкелді. Ислам таралғанға дейін Орталық
Азияны мекендеген халықтардың мыңдаған жылғы мәдениеті мен
тарихы бар еді. Ислам халық руханилығының осы терең қабаттарын
жаңғыртуға түрткі болды. Істің мәнісі исламның жергілікті дәстүрлерге
төзімділікпен қарауында ғана емес. Ислам әмбебапты өркениеттік сана,
идентификациялық деңгей ретінде қабылданғанымен, ол этникалық
ерекшеліктерді теріске шығармады. Құранда бұл туралы Жаратушы
адамзатты бір-бірін білсін, танысын деп әр түрлі етіп жаратқандығы
туралы айтылады. Сонымен қатар, ислам саясат философиясы мен
басқару мәдениетінің жаңа үлгісін орнықтырды. Билік Аллаһтың
аманаты ретінде қарастырылды және қоғамда үйлесімді әлеуметтік
тәртіп орнатуға бағытталды. Төртіншіден, ислам ғылым мен өнердің
гүлденуіне қамқорлық жасады. Аллаһ жаратқан әлемді тану, ғылым мен
білімге ұмтылу, дүниедегі үйлесімділікті сақтау адамдық парыз деп
танылды. Осындай іргелі принциптерді басшылыққа алған ислам
ортағасырлардағы алдыңғы қатарлы өркениетке айналды.
Өкінішке орай, кейінгі ғасырларда ислам өркениеті озық
позицияларын жоғалта бастады. Ислам ағымдарының және жекеленген
әулеттер арасындағы өзара бәсекелестік феодалдық бақталастыққа,
мемлекеттіліктің құлдырауына, ғылымның тоқырауына алып келді. Ең
бастысы, ғылыми-технологиялық тұрғыдан алғанда ислам өркениеті
басқа өркениеттерден көш бойы кейін қалды. Діни және этникалық
алаауыздық, саяси бытыраңқылық, отарлану, мәдени артта қалушылық
– осының бәрі ХІХ-ХХ ғғ. ислам әлемінің шындығы.
Алайда ХХІ ғасыр ислам өркениетінің алдында үлкен мүмкіндіктер
ашып отыр. Көптеген мұсылман елдері саяси тәуелсіздікке қол жеткізді,
ортақ саяси-экономикалық, қаржылық институттар құрылды. Бірақ,
олардан да маңыздысы ислам рухани тазалық пен құндылықтардың
өзегі, адам болмысының тұтастығын қамтамасыз ете алатын пәрменді
күш ретінде адамзат санасына сіңе бастады. Миллиондаған адамдар
өмірдің өзгеруін, салауаттылық пен парасаттылықты, өркениеттіліктің
болашағын өз бойларындағы осы бір терең сеніммен байланыстырады.
Соңғы бес ғасырда әлем негізінен Батыс өркениетінің қалыптастырған
248
үлгілері бойынша дамып келді. Батыс өркениеті адамзат тарихында
өзінің орасан зор табыстарымен де, қанға бөктірген зұламат
соғыстарымен де есте қалды. Дегенмен, адам құндылығы мен
бостандығы, гуманизм мен демократия, азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекет идеялары мен негіздерін дамытудағы Батыс өркениетінің
жетістіктерін теріске шығару мүмкін емес. Бұл Батыс өркениетінің
алдыңғы қатарлы өкілдері мен қарапайым азаматтарының қажырлы
қайраты мен табанды күресінің нәтижесі. Қарап отырмау, харакет ету,
талмай іздену мен тер төгіп еңбек ету, өзін шындықта іске асыру батыс
адамының өмірлік принциптеріне айналды. Бұл жолда қателескендер де,
адасқандар да болды, алайда ақиқатты іздеу, әділеттілікке ұмтылу, еркін
өмір сүру Батыс өркениетінің ұранына айналды. Бүгін заман басқа.
Тарихи даму процесі өркениеттер мен қоғамдар алдына жаңа талаптар
қоюда. Болашақ жекеленген мемлекеттер мен тұтас адамзат
қауымдастығының осы талаптарға қалай жауап беретіндігіне
байланысты болмақ. Ислам өркениетінің алдында да абыройлы
мақсаттар мен жүгі ауыр міндеттер тұр. Ислам өркениеті әлемге
экономика мен саясат, әлеуметтік өмір салаларында қандай
альтернативті үлгілер (модельдер) ұсына алады? Ислам өркениетіндегі
реформация мен модернизация процестері қалай және қай бағытта
жүзеге асуы қажет? Ислам өз ішіндегі мәселелерді өркениеттік жолмен
шеше ала ма? Бұл сауалдар тізбегін басқа да сұрақтармен жалғастыра
беруге болады. Бастысы, осы өркенеиет өкілі қоғам мен жеке өзінің
алдында осындай сұрақтар қойып, жауаптарын іздестіруі қажет. М.
Хайдеггер айтқандай, болмыстан жалықпай сұрағанда ғана ақиқатты
аша аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |