1.4. Мәдени сұхбат идеясы және Ұлы Жібек жолы
Мәдениаралық
қарым-қатынастар
жүйесінде
мәдени
артефактыларды тарату барған сайын маңызды рөл атқарып келеді.
Бүгін біз, онда бұл берілістің көлемі мен жылдамдығына әсер ететін,
мәдени ақпарат берілісінің құралдары, тәсілдері, арналары мен
технологиясы күрт өзгеріп кеткен, техногендік өркениетте өмір сүреміз.
Іс жүзінде мемлекеттік, саяси және басқа да шекаралы мәселені
шешкен, ақпаратта кім жаппай қажетті болған, тек сол өмірде табысты
әрекет ете алады.
Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі – қарым-қатынас, яғни, ғылыми
тілдегі коммуникация. Өркениеттер келесі бір өркениеттермен әрдайым
67
түрлі деңгейлерде қарым-қатынасқа түседі. Бұл өркениет болмысының
міндетті түрдегі шарты, себебі бұл процесс жаңаға еніп, жаңа ішінде пайда
болып, онда мықтап орнығады. Осы процесс жаңаны меңгерудегі
айналымды құрайды. Кез-келген өзгеріс аталмыш үдерісте толық аяқтамаса
да, өркениеттің ішкі қатпараларын игере алады; бірақ бұл өзгеріс
мәдениеттің өзегіне айнала алмайды, оны мәдениет мойындамайды да,
себебі өзгеріске ұшырау барысында белгілі бір үйлесімділік заңдылығы
бұзылады. Әртүрлі өркениеттердің қарым-қатынасы кезіндегі ең керемет,
әрі ең қызықты сәт, жаңаға жолсерік болған жатық тетіктердің өзара
ықпалдастығы мен ортадағы делдалдық қызметі.
Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда ұланғайыр аймақтар мен елдерді
өз атуларына топтастырып жинақтаған әлемнің төрт патшалық жүйесі
жөніндегі пікір кең етек алды. Осы «әлем патшалықтарының» әрқайсысы
замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен танылды.
Суйдың (589-618), одан соң Танның (618-907) қоластына біріктірілген
Қытай, орталығы Ганг өзені жағалауындағы Канауджа қаласы болған үнді
әміршілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейін біріккен
түрік, одақтасқан Парсы мен Византия тәрізді қуатты мемлекеттердің
құрылуы дүниенің төрт тұсына орналасқан әлемдік төрт билеушілер
жөніндегі идеяның тууына негіз болды: пілдер патшасының империясы
(Үндістан) оңтүстікте, құнды заттар патшасының империясы (Иран мен
Византия)
Батыста,
арғымақтар
патшасының
империясы
(Түрік
қағанаттары) солтүстікте, адамдар патшасының империясы (Қытай)
Шығыста болды [62, 26 б.]. Бұл ой мұсылман авторлары тарапынан да
қолдау тауып отыр: «Пілдер патшасы – үнді пәлсафасы мен ғылымының
мәніне қарай, әрі даналық патшасы аталса, адамдар патшасы – Қытайдың
атақты өнертабыстарына қарай, мемлекеттік басқару мен өнеркәсіп патшасы
атанды; ал батыста екі патша бой көрсетті: оның бірі (патшалардың
падишасы) Парсының, кейін арабтың патшасы болса, екіншісі (еркектер
патшасы) жұртшылығының келбеттілігіне байланысты – Византия патшасы
болды» [62, 26 б.].
Айтылған ойдың дәлелі ретінде археолог ғалым Самарқандқа жақын
Қушан елді мекеніндегі ғимараттың қабырғасын түгел алып тұрған
әшекейлі өрнек-жазулар осы жүйенің айғақтамасын келтіреді. Онда қытай
императорлары, келесесінде түрік хандары мен үнді брахмандары,
үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген [62, 26
б.].
Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттер сұхбаты поэзия алыптары –
Шығыс ақындарының назарынан тыс қалмаған. Атақты Нәсір Қысырау
(Хосров) былай шабыттанады:
Жадыңа тұт, ал арабтай кешегі
Шабандоз жоқ жыр-бәйітке көшелі.
Ал гректің ежелгі есті ұлдары
68
Жер-жиһанды емшілікпен нұрлады.
Тылсым күшпен тартқыш ел жоқ Үндіден,
Рим етті сан-есеп, саз-үнді кен.
Қытай күшті-ақ суретке жырақта...
Бағдаттықтай қыл-қаламнан гүл төккен
Шын шеберді көрмепті әлем бірақ та
(Ирано-таджикская поэзия. – М., 1974, 82 б.).
Ұлы Жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста
Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия
империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның
таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы
Жібек жолын тек тек аграрлық империяларды 15 ғасырдан артық уақыт
қойып тұрған артерия ретінде қарастыру шекті болады, себебі бұл
отырықшы мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сиякты оқшау
тұрған, ал оларды түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді.
Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен
өтті, яғни бұл ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға
болады. Ұлы жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіңдеп
өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен
сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы
өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі
бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс
үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір
сүрген. Ол тек өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен
ілесе алмады.
К. Байпақов атап өткендей, «Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір
сүрген. Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен
Атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек
жолы деген ат толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және
б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды. Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени
жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен
отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы
болды» [62, 203 б.].
Ұлы Жібек жолы қашанда тек бір машрутпен өтпеген және оның
көптеген баламалары мен алғы нұсқалары болған. Бастапқы кезде асыл
тастарды сатумен қатысты «Лазурит жолы», «Нефрит жолы» деп
аталатындар табысты әрекет еткен. Олар Солтүстік Ауғанстандағы
Бадахшан тауынан лазурит кені және Қашқариядағы Хотан аймағындағы
Жаркент өзенінің маңайынан нефрит кені ашылуына орай жолға қойылды.
Ұлы Жібек жолының алғашқы нұсқалары мен параллельдері б.д.д. ІІІ-ІІ
мыңжылдақтарда басталған.
Осындай Ұлы Жібек жолының бір сыңарына Қазақстан аумағына
қатысты б.д.д. І мыңжылдықтың орта кезінен әрекет еткен «Дала жолы»
69
деген жатады. Көне заман білгірі Геродот бұл жолдың мынадай бағытта
болғанын атап өтеді: «Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі
савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан
Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай
созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды
металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты» [63, 53 б.].
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
біздің дәірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келеді. Алайда Чжецзян
провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай
археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек
жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750 ж., оларды
талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ, яғни бұдан бес мың жыл
бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан
кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда
қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады.
Алтайдағы Пазырықтың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірге
дейінгі V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек
жамылғы (ат жабуы) табылды. Сондай-ақ, Оңтүстік және Батыс Европа
аудандарынан біздің дәуіріңізге дейінгі VІ-V ғасырларға жататын
қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен
шашақтар да табылған [62, 6 б.].
Егер марксистік «құлиеленуші» және «феодалдық» мемлекеттер дегенді
аграрлық өркениеттер формалары деген мағында қолдансақ, онда олардың
партикулярлық сипатта болғанын атап өткен жөн. Қытайдан шыққан қымбат
бағалы жібек өзімен өзі басқа аграрлық империяларға жете алмас еді.
Оларды дала пилигримдері, көшпелі әулеттер Орталық Азия арқылы Парсы,
Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіне дейін таратты. Бұл жөнінде Батыс пен
Қытай зерттеушілері, солардың ішінде Ма Юн мен А.П. Франкфор
тәрізділері Ұлы Жібек жолы жөнінде, осы бір асыл тауар шамамен 40
параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен
иілісінен басталып, Қазақстан даласы мен Қара теңіз жағалауын басып өтіп,
гректер мен этрустар жеріне жеткізілді деп жобалауға болады дейді [64, 22
б.].
Ұлы Жібек жолы тек Батыс пен Шығысты ғана емес, сонымен бірге
«үш Шығысты»; Үндіні, Қытайды, Араб халифатын да байланыстырған.
Мысалы оған үндінің «синапатто» - «қытай жібегі» деген сөзі куә, осы
жөнінде деректер б.д.д. ІV ғасырда жазалған «Артхашастра» (Саясат
ғылымы) трактатында кездеседі.
Бірақ Ұлы Жібек жолының ашылу және өркендеу құрметін тек
қытайлықтармен шектеу дұрыс емес, көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні
соғдылықтар, парсылар, тохарлар, сириялықтар, таңғұттар ж.т.б. і қолына
көшті. Шығыс Түркістанның, Тохардың қалаларында және Қытайдың
Ланчжоу, Дуньхуан, Чаньан тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда
70
отарлары болды. Мәселен, Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды.
Соғдылар Жібек жолы таусылған жерден Жапонияға басып кіріп,
Жапонның ежелгі астанасы Нараны биледі. Сондағы храмдардың бірінде
соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр [62, 8 б.].
Ұлы жол Жаңа дәуірге дейін Шығыс пен Батысты түйістіріп түрған
бас жолға айналды, мәдени ауысулар осы артерия бойынша өтті, онымен
елшілер мен сауда керуендері, өнерпаздар мен діни ағымдар толшастамакй
ағып жатты. Алайда Ұлы Жібек жолының маңыздылығы Батыс өркениеті
дәуірлеп өсіп шыққанда толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар
бойында ол біртіңдеп тарылып кетті, отарлау саясаты басталды, теңіз жолы
ашылды.
Бірақ бұл үрдістер кейін жүзеге асты, орта ғасырларда негізгі Ұлы
Жібек жолы торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан –
Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан-шұңқыры – Шығыс Түркістан
арқылы тартылады. К. Байпақовтың дәлелдеуінше, бұл жолдың
тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан
Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал
жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі
жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда-
дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы
Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырлада Орта Азия,
Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен
Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Алайда, ол жол ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы
саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің
(көпестердің) және басқа саяхатшылардың талап-талғамдары реттеп
отырды [62, 10 б.].
Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса
маңызды болғанын есте ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын
бойынша еуразялық Дала аймағы «варвар» көшпелілерден басқа мәдени
үрдістерді басынан өткізбеген. Бірақ шын мәнісінде бұл жерде көшпелі
түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл
мәдениет өркендеген болатын. Ұлы Жібек жолы мәдениетінен шығатын бір
қорытынды аграрлық өркениеттегі қала мен оның маңайындағы жер
өндеушілер мен бақташылардың арақатынасындағы көптүрліліктің
жасампаздық сипатымен байланысты. Кезінде А. Тойнби атап өткендей, кез
келген мәдени құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита, ішкі
және сыртқы пролетариат бар. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің элитасына
отырықшы империялардағы билеуші топтармен қатар, Іле, Шу, Талас
және Сырдария алқаптарында қала орталықтары, дихандардың алғашқы
тектері орналасқан елді мекендердегі көшпелі-отырықшылардың тұлғалары
да жатты. Солардың көпшілігі туралы деректер қазір Тянь-Шань тауы
етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы
71
алқаптардан ашылып отыр. Бұл жерде Ислам Ренессансы өкілдерімен
қатар, қолдары алтын зергерлер мен құмырашыларды, әскербасыларды,
діни қайраткерлерді айтсақ та жеткілікті.
Ұлы Жібек жолы осы кезде жанданып, Орталық Азия қалаларындағы
жоғары мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Ұлы Жібек жолы
мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы жартысында,
Орталық Азияда оншақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан империясы
мен Ислам Ренессансы уақытында, VІІІ-ХІІ ғасырларда бұл өңірде болған
саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді, мысалы
Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондаған қалалар бар екені жөнінде
хабарлайды. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп тұрғанда Орталық
Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар шапқыншылығынан
кейін бұл жердегі қалалық мәдениет титықтатып, күйдіруге
жеткізгенгенімен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы
Жібек жолынан керуен арылған жоқ дейді [65, 126-128 бб.].
Әрине, Ұлы Жібек жолы дегенде барлық құнды бұйымдар тек Қытайдан
келді деп ойламау керек. Мәдениеттануда сұхбат ұстынымен қатар мәдени
инкультурация деген де бар. Бірақ бұл соңғысы үстем (донор мәдениет) пен
қабылдаушы құрылымдардың арасында өтеді. Ұлы Жібек жолының
ерекшелігі оның орталықтарының басымдық таныта алмауында болды.
Оның үстіне ол кезде мәдени артерияны бақылаушы түркілерде жалғыз
үстемдік етуші жүйе әлі қалыптаспады. Тек кейін бұл функцияны ислам
атқара бастады.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуына араб саяхатшылары мен исламды
таратушылар үлкен үлес қосты. Мұсылмандар ортағасырларда әлем туралы
еуропалықтардан анағұрлым көп білді. Ислам бойынша, саяхатшылар
ғұламалармен теңестірілді және оларға қонақжайлылық таныту міндетті еді.
Өз өмірінің 30 жылын ғылымдарды үйренуге, 30 жылын саяхатқа және
қалған 30 жылын шығармашылық пен толғауларға арнаған ақын
Муслихиддин Саади Қашғардан Магрибке дейінгі бүкіл кеңістікті аралап
шыққан. Ол былай дейді: «Көпес ең бақытты адам. Ол әрбір жаңа қалада
жаңа өмір ләзаттарына батады» [66, 37 б.]. Киш аралының бір көпесі
Саадиге былай деген: «Мен Қытайға онда қымбат бағаланатын парсылық
пемзаны апарамын, ал Қытайдан Румға фарфорды, румийлік жібекті -
Үндіге, үнділік болатты – Алеппоға, Алепподан әйнекті – Йеменге,
Йеменнен маталарды Парсыға жеткіземін» [66, 168 б.].
Ұлы Жібек жолы Еуразияның қан тамырлары тәрізді оның бүкіл бойын
қамтып алған. 1965 жылы Самарқанның маңайындағы Афрасиабтан VІІ ғ.
өрнектері табылды. Патша сарайының ең төрінде үлкен әлем халықтарының
көрмесі тәріздес панно орналасқан. Сурхандария аңғарындағы Чачаниан
билеушісінің елшілігін бейнелеген суретте пілдің үстіндегі ханзада мен
түйеге мінген сарбаздар, ұшып жүрген киелі ақ құстар көзге түседі.
Сарайдың батыс қабырғасында шаштарын түйген түрік жауынгерлері мен
72
қолдарына жібек маталарын ұстаған қытайлықтар назар аударады, Кореядан
келген елшілердің бас киімдері құс қауырсындарымен безендірілген.
Солтүстік қабырғада қытай ханшасы қайықта серуендеп жүр және
жағалауда қабыланға аңшылық қыза түсуде. Әрине, осының бәрін бейнелеу
үшін түкпір-түкпірдегі халықтардың өмірі және әдет-ғұрыптарымен жақсы
таныс болуы керек. Бұл тек Ұлы Жібек жолы сияқты мәдени дәнекерлер
арқылы жүзеге аса алады. ІІ Юстин императорлығы кезінде Соғдыдан түрік
қағаны Дизибулдың атынан Константинопольге елшілік келді. Оны
соғдылық бекзат Маниах басқарды және оның мақсаты Византияға қарай,
көпестерге үлкен алым-салық салатын Иранға соқпайтын, жаңа керуен
жолын ашу туралы келісімге келу болды. Византия императоры жауап
ретінде Зимарх басқарған өз елшілігін Солтүстік Кавказ арқылы
аттандырды. Осының нәтижесінде 500 жылғы үзілістен кейін Қытайдан
Румға (Византия) дейін созылған Ұлы Жібек жолы әрекет ете бастады.
Жалпы
қазіргі
батыс
философиясында
Азия
халықтарына
партикуляризм тән деген жиі қайталанады. Бірақ бұл Азияны түсінбеуден
туындайды. Адамдағы рухани бастауларды аспандатқан, нәпсіқұмарлық
пен зорлық-зомбылықты, дүние қоңыздық пен екі жүзділікті әшкерелеген,
кейбір зерттеушілер түркіден шыққан, басқалары парсының ақыны деп
есептейтін, сопы Мауляна Жәлеледдин Руми, мәдени ауысулар мен
ынтымақтастыққа, сұхбатқа ерекше мән береді: «Кейде түрік пен үнді оп-
оңай ортақ тіл табыса кетеді. Кейде екі түрік бірін-бірі жаттай сезінеді.
Ендеше жанмен ұғынысу тілі – дегеніміз – мүлде бір басқа нәрсе; бір
тілдестіктен жанмен ұғынысу тілі қымбат». «Дін жүрегі» атанған абзал
ақын Конье қаласында қайтыс болған кезде оны ақтық сапарға шығарып
салуға мұсылмандармен қатар христиандар да, иудейлер де, буддаға
табынушылар да бірлесе қатысқаны тектен-тек емес-ті [67, 27 б.].
Жалпы адамзаттық мәдениет – көркемдік-поэтикалық, ғылыми,
өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әртүрлі халықтар мен ұрпақтарды
ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салты мен ақиқатты танып-білуінің
бірегей тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және
нәсілшілдік өшпенділікке жол бермейтін, адам мен халықтар құқығы
бұзылмайтын, қайыршылық пен мәдени отаршылықтан ада, біртұтас
өркениетті құруға бағыт алуда. Мәдениеттің бір үлгілерін бүгінгі таңда
басты мұратқа айналып, біртұтас адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда
басты бағдар болап отыр. Адамзат мәдениетінің қалыптасуы – халықаралық
қауымдастық мүшелерінің мәдени құндылықтардың белгілі бір жүйесін жәй
ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау
деп қарастыруға тағы да болмайды, өйткені мәселе аймақтық және ұлттық
мәдениеттердің өзара рухани байланыстарының өсуі жайында болып отыр.
Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениетінің арасындағы мәдени қарым-
қатынастар мен байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, сөйтіп бір мәдениет
шеберінде орын алған өзгерістер басқаларына да өз ықпалын тигізуде.
73
Ғаламдық мәдени тұтастықтаң кең өріс алуы жағдайында белгілі бір мәдени
жетістіктер дүние жүзіне кеңінен таралуда. Ендеше, біз әлемдік гуманистік
құндылықтар дамуына жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек.
Қазіргі әлемде адамзаттық жаңа рухани бағдарларын қалыптастыру,
дамудың жаңа жолын іздестіру жүріп жатыр. Осы ізденіс ішінде бейбітшілік
мәдениеті, келісім және сұхбат – ең тиімді әрі болашағы бар жол болып
табылады. Егер Гете өмірінің соңында әрбір ақыл-есі бүтін жан либералшыл
болу керек десе, бүгінгі оның ойын төмендегідей аударуға болар еді: бүгінде
кімде кім өзін есінен алжаспағанмын деп сезінсе, ол төзімді, бейбітшілік
сүйгіш болуы тиіс.
Жаңа дүниетанымдық бағдардың алғышарттары бүгіннің өзінде жасалу
үстінде, ал олардың қоғамдық пікірде орнығуы баршамыздың адамгершілік
жауапкершілігіміздің көрсеткіші. Өйткені бізбен және біздің әлемде болып
жатқан барлық оқиғалар үшін тек біздің өзіміз ғана жауаптымыз.
Сонымен бірге адамдар қауымдастығында әртүрлі жаңа байланыс
түрлері, ақпаратты сақтау және тарату жолдары пайда болып, адамзат
тарихы көз алдымызда келелі тарихқа айналып отыр. Бұның өзі жоғарыда
жағымсыз қырынан аталып өткен техниканың тартымды тұстарымен тығыз
байланысты процестер. Бұрынғы жеке дарашыл, өз алдына бөлектенген
күйден адамзат қай тұсынан алып қарасаң да біртұтас күйге ауысып келеді.
Ол дегеніміз адамзаттың сұхбатқа үйренуін талап ететін жай. Сондықтан да
тек өз құндылықтарын мен мәдениетінді ғана абсолюттеп, басқаларға
мүсіркей қарау сынды көзқарастардан, әртүрлі европа-, америка-,
африкацентризмдерден арылу қажет.
«Сұхбат» ұғымын заманымыздың ақ желкені, туы десек асыра
айтпаймыз, өйткені «сұхбат» сөзі соңғы кезде кең пайдаланылып жүр. Ол
туралы саяси бағдарламалардан, ғылыми еңбектерден, білім беру
жайындағы пікірталастардан және т.б. естиміз. Қазіргі мәдениетте сұхбат
құбылысы (феномені) қоғамдық-әлеуметтік тәжірибе саласында көп назарға
ие болып жүр, оның басты себебі сұхбат сол салада көптеп кездесетін
мәселелерді оң шешудің құралы болып табылады. Әсіресе бүгінгі қоғамдық
өмірдің тұрақсыз жағдай-күйінде сұхбат тақырыбы тікелей қақтығыс, жан-
жалдарды – ұлттық, діни, мәдени-өркениеттік – болдырмау әрі алдын алу
және шешумен тығыз байланысты [68, 201 б.].
Біздің көз алдымызда жалпы мәдени, дүниетанымдық парадигманың
өзгерісі жүріп жатыр,оны өзіндік бір «концептуалды революция» деуге
болады. Оның мәні дәстүрлі және модернистік пайымдау шегінен шығып,
жаңа сұхбаттылық принципін қалыптастырумен байланысты.
Сұхбат (диалог) дегеніміз не? «Диалог» сөзі этимологиясы бойынша
көне грек тілінің «dialego» - екі адамның әңгімесі, сұхбаты дегенді
білдіретін сөзге барып тіреледі. Диалогтың көп түрлі анықтамаларының
ішінде оны ой алмасу немесе адамдардың өзара бірлескен ой қызметінің
тәсілі дегенді де ертеден кездестіреміз. Соңғы уақытқа дейін диалог сөзі екі
74
немесе бірнеше кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби
шығарманың және де драмалық әрекеттің құрамдас бөлігі ретіндегі
адамдардың сұхбаты деп түсіндіріліп келеді.
Бүгінде бұл сөздің мәңімен мағынасы көп кеңейді. Бұдан
лингвистикалық терминнің сол лингвистика саласынан тысқары жатқан
аймаққа енуін көріп, ұғымның эвристикалық қуатының молшылығын
байқаймыз [68, 201 б.]. Сұхбаттың маңызды қасиеті оның қарым-қатынасқа
негізделгендігінде. Қатынасқа түсу – шынайы адами құндылық. М. Бахтин
айтпақшы, «Адамның өзіндік болмысы (ішкі және сыртқы) түгелдей дерлік
қарым-қатынастан тұрады. Болу дегеніміз – қатынаста болу дегенді
түсіндіреді». Өзінің жанының терең түкпірінде қатынасқа ықыласты болып
жаратылған адмзат баласы өзін толығымен тек араласу, байланысу
процесінде ғана жүзеге асырады, яғни бірлесе – тіршілік ету, бірлесе –
шығармашылық туындау және т.б. сынды бірлік сипатында адам адамдық
кейпін ашады [69, 312 б.].
Сұхбат – адамдар қарым-қатынасының түп тамыры. Сұхбат идеясы қос
түрлі саналар кездесуі идеясы, қос түрлі мәдени әлемдер байланысы идеясы.
Әрбір мәдениет өз алдына бір-бір дүние, олар бір-бірімен толық сінісіп кете
алмайды да, өйткені олардың әр қайсысы осы әлемде соған ғана «бөліп
берілген» өзіндік орнына ие. Диалог әлемі біріншіден, сұхбаттанушы
жақтардың біртуарлығына, екіншіден, сұхбаттанушылардың өздерінің
Болмыстағы бірегей орнының барлығына және ол орынды одан басқа
ешкімнің баса алмайтындығын білуіне иек артады. Яғни, диалог тек тепе-
тең сұхбатттаушылар позициясы бар жағдайда ғана, өздерінің әр түрлігімен
маңызды көзқарастар айта алар жағдайда ғана шынайы мүмкін болады.
Қазіргі заман жағдайларында болашақ өркениет жалпыпланеталық болып
сипатталуы тиіс. Өзгеше айтқанда, "үшінші әлемдегі" кедей, бірақ ақпаратты
елдердің тұрғындары бай туысқандарының жағдайымен ұзақ уақыт келіспеуі
мүмкін және байлар одан сайын бай болатын, ал кедейлер одан сайын кедей
болатын әлемдік тәртіпті қайта құруға тырысады. Сонымен бірге, дамымаған
"елдердің саны орташа айлық жалақысы тұлғаларға жеткіліксіз болып
табылатын көптеген постсоциалистік мемлекеттермен толған. Осы теорияға
қатысты Қазақстан Республикасы Президенті қызық пікір айтады: "...Қазіргі
заманның жүрісі "вестернизацияның", сондай-ақ ымырашылдықтың бүкіл
әлемдік жеңісін білдірмейді. Бүкіл әлемдік либералдылық моделінің
схематизмі батыс еуропалық және солтүстік америкалық өркениеттің бірегей
және баға жетпейтін тәжірибесі оның жеке тұлғаларының көпсанды
кездейсоқтарымен, ауытқуларымен және шапағаттарымен тарихи және нақты
тәжірибе сияқты емес бір уақыттан тыс модель ретінде ұғынылады" [70,
257 б.].
Бір-бірімізді дұрыс түсініп, дұрыс көзқараспен қарау үшін ақ ниетпен
өзкізілетін діни-мәдени сұхбат (диалог) керек. Батыс пен Шығыстың
қосарлы ықпал аймағында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен
75
діндер сұхбаты идеясының берері мол. Сұхбат ықпалы аймағында
орналасқан Қазақстанның елі үшін сұхбаттылық, адамдар арасындағы
сыйластық өмір салты болып кеткен. Олар үшін құқықтық та, қара күш те
адамдар бірлестігінің негізі бола алмайды. Олардан биік тұрған құндылықтар
– сұхбатты қалыптастырушы сүйіспеншілік, төзімділік, мәміле-келісім
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |