Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Сіздің шақырылуыңыз тек қана абайтану туралы дискуссияға қатысты... Сіздің дәлелді себептеріңізге байланысты дискуссия 15-маусымға қалдырылды»



бет183/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Сіздің шақырылуыңыз тек қана абайтану туралы дискуссияға қатысты... Сіздің дәлелді себептеріңізге байланысты дискуссия 15-маусымға қалдырылды»,– деп жедел хат жолдады.

Бұл екінші жағынан алғанда, әзірше төніп тұрған қауіп жоқ – деген ишара да болса керек. Іле сонымен жарыстыра М.Ғабдуллин 23-мамыр күні:



«Сіздің баяндамаңыз дикуссияның бағдарламасына енгізілді, қай тілде сөйлейтініңізді хабарлаңыз. Абайдың ақындық мектебі – баяндамашы С.Мұқанов, Орыс әдебиетінің Абайға ықпалы – баяндамашы С.Нұрышев. Жеке жолдастар да сөзге дайындалып жатыр»,– деп жеделдете суыт хабар жіберді.

Екі жиналыста қаралған мәселе де және онда сөйлеген адамдар да, олардың пиғылдары мен пікірлері де бірдей. 14-маусым күнгі Ғылым Академиясының президиумындағы Қ.Сәтбаев жүргізіп отырған алқа мәжілісінде де М.Әуезовке сөз берілген болатын. Сондықтан да қайталау мен шашыраңқылыққа ұрынбас үшін екі мәжілістегі сөздерді қосарлай жарыстыра пайдаландық.

Жазушылар одағындағы жиналыс стенограмма бойынша Қ.Жармағамбетовтің:

«Енді Абай мектебі туралы мәселеге көшемін. Бұл туралы кандидаттық диссертация қорғатуға дейін барған Әуезовтің ұстанымы бар, сондай-ақ оған қарсы Жұмалиевтің және оны қостайтын өзге де әдебиетшілердің пікірі бар, бұл мәселе туралы мен де пікір білдіргемін. «Шындық таласта туады» – деген, сондықтан да бұл мәселені жолдастық, ашық пікір, ғылыми-талап тұрғысынан талдап, бір шешімге келуіміз қажет»,– деген сөзімен басталады.

Осы арада орынында отырып:.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет