«Әуезов: Бірақ сілейтіп (охаиваниия) салу тұрғысынан болып жүрмесін»,– деп реплика тастапты.
Жазушының шыдамсыздық көрсетуі тегін емес еді. Осының алдындағы Кенесары туралы талқыда қазіргі жиналыс жүргізушінің өзі ескертіп өткендей, алаңы мол пікір ұсынған болатын. Онда Қ.Жармағамбетов:
«Диссертация қорғаушы Қ.Мұхамедханов Абай мектебінің шәкірттеріне балаларының ішінен Ақылбай мен Мағауияны, достарының ішінен Көкбай мен Әріпті, тағы басқаларды қосады. Осы шәкірттердің шығармашылығын талдай келе диссертация авторы: Абай үнемі оларға тақырып ұсынып отырды, шығармашылығына күнделікті көмек көрсетіп отырды,– дейді. Бұл жорамалға өзінің «Абай және оның орыс достары» атты кітабында Жиреншин де оп-оңай қосыла кетеді. Бұл пікірді өзінің «Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығы» атты 1945 жылы Мәскеуде орыс тілінде шыққан Абайдың бір томдығына жазған алғысөзінде Әуезов те қостайды. Әуезов жолдас онда: «Абайдың ақылымен жазылған Мағауияның ең озық дастаны – «Медғад – Қасым», ондағы оқиға Нілдің бойында өтеді, құл мен қожайынның арасындағы қақтығыс суреттеледі, ал екінші дастаны – «Шәміл» дастанында Кавказдағы патшаға қарсы көтерілістің белгілі көсемі Шәміл туралы баяндалады... Абайдың тапсырмасымен және оның етене қатысуымен Көкбай атақты Кенесары көтерілісі мен оның патшамен ұзаққа созылған қарулы күресін тарихи дастан етіп шығарды»,– деп (18-бет) жазады.
Менің ойымша, Әуезов те, Жиреншин де, Мұхамедханов та бұл арада екі бірдей қателік жіберген. Бірінші, Шәміл мен Кенесарыны көтерілісшілердің көсемі етіп көрсеткен, өз халықтарының тәуелсіздігі жолындағы күрескері ретінде бейнеленген дастандарды жазуға Абай ұсыныс берді деп, оған телуге болмайды. Жолдас Әуезов Абай жөнінде кімнен болса да жақсы біледі, оған Абайдың өзінің батыр-қарақшыларға арналған, ал Шәміл мен Кенесары шындығында да солардың қатарына жататыны анық, сөздері белгілі. Абайдың өзі:
Достарыңызбен бөлісу: |