8) Ендігі сөз Кәкітай Ысқақов туралы. 1909 жылы шыққан Абайдың 6ipiнiшi өлендер жинағын құрастырып бастыруда Кәкітайдың еңбегі болғаны рас. Бipaқ, жинаққа басылған «Абайдың өмірбаяны» оның еңбегi емес, 1907 жылы, «Записки Семипалатинского отделения Западно-Сибирского отдела, императорского русского географического общества. Выпуск — ІІІ» – деген атпен шыққан кітапта, ұлтшылдардың атаманы Әлихан Бөкейханов жазған мақаланың дәлме-дәл аудармасы. (1-8 немесе 156-164-беттер). Сондықтан дамақалада байшыл-ұлтшылдықтың исі аңқып тұрады. Бұлардан басқа «Кәкітай жазыпты» деген eкi өлеңнің не автордың шығармалық бетіне куә боларлық, не қазақ әдебиетінің тарихына ешкандай пайдасы тиерлік құны жоқ. Сондықтан, Абай өлеңдерін жинап бастырғанын атап айтып, шығармалық eшбip бeтi жоқ Кәкітайды «Абай шәкірттері» деген тізімнен шығарған жөн.