Туған ел – алтын бесік, ұшқан ұям,
Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям?
Тарта гөр, Семейімнің топырағы,
Төстіктей жеріңе мен еркін сиям,–
дейтіндей тән мен жан қуаты да бойынан сарқылып бара жатқан.
Сондықтан да өзінің «Казахстансакая правда» газетінің «Әуезовтің және оның романының көзін жоюға ұмтылған дөрекі талпынысына» қарсы жан айқайында бұрын сыртқа шығаруға сескенетін:
«Ойы парасатты, көркем шығарманы партиялық талап тұрғысынан сын көзімен қарай алатын әрбір тұлға ... партия мен кеңес халқының талданған кітап туралы шынайы пікірінің көрінісі емес екеніне еш күмәнданбаса керек... Керісінше, Әуезов пен оның шығармашылығы туралы ашықтан-ашық теріс бағыт ұстанған, сыңаржақ және қырғи қабақты талдау екеніне ешкімнің күмән келтіруі мүмкін емес. Бұл мақала, бұдан бұрынғы жарияланымдар сияқты, сынауды емес, адамның көзін жоюға (изничтожить) бағытталған»,– деген сияқты. ащы сөздерді қолдануы орынды еді.
Шарасыздықтан шамырқанған Мұхтардың өзге амалы да қалмап еді. Сондай-ақ СССР Жазушылар Одағында өткен талқылау мен қолдау да сенім берсе керек. Және осы күндері Берияның қылмыстары әшкереленіп, ату жазасына бұйырылуға дайындалып жатқан. Қаншалықты мемлекеттік құпия болғанымен, оны таныстық тамыры кең тараған, соның алдында ғана Мәскеуден келген Әуезовтің білмеуі мүмкін емес еді. Оның үстіне, шындығында да, романның орыс тіліндегі тәржімасында мәскеулік редакторлардың қырағы кеңесіне сүйене отырып Дулат пен Кенесарыға, Көкбай мен Тұрашқа қатысты тұстарды қысқартып, қосып, оларға мүлдем кереғар баға беріп, «тиісті саяси өңдеулерден» өткізіп қойған болатын. Сол өзгерістердің айырмашылығы қазақ пен орыс тіліндегі нұсқаларда осы күнгі басылымдарда да сақталып қалған. Мысалы, емшектегі сәби Тұраштың аты сызылып қалғанымен де, Абайдың:
Достарыңызбен бөлісу: |