г). Қазақтың мемлекеттiк баспаларында – Досмұхамедов пен Т.Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет iстедi
г). Қазақтың мемлекеттiк баспаларында – Досмұхамедов пен Т.Ысқақов Даниал (Ташкентте), Дулатов (Қызылордада), Бөкейханов пен Әуезов (Мәскеуде) қызмет iстедi.
е). Аударма әдебиеттерiмен – Бөкейханов, Дулатов, Жұмабаев, Байтасов (аудармалардың мағынасын бұрмалап керексiз, кеңес мектептерi мен бұқара халыққа аса қажеттi емес кiтаптарды) аударумен шұғылданды.
ж). Қазақ тiлiнде мыналар: Х. Досмұхамедов (қазақтардың тәуелсiз кезiндегi өмiрiн жырлаған, батырлар мен қазақ даласының құдiретiн баяндайтын ежелгi әндер мен халық аңыздары), Әуезов (өткен кездiң табиғаты мен ауыл өмiрiн үлгi ете эпикалық сарында суреттедi, оларды үлгi етiп көрсеттi), Жұмабаев (сол сарындағы әндер мен өлеңдер), Тынышбаев (орыс тiлiнде – кең байтақ кең далаға қоныстанған бұрынғы тәуелсiз өмiрдiң, өзге халықтарға тәуелсiз күн кешкен тарихын) кiтап етiп бастырып шығарды.