Тұрсынова Г. Т



бет106/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180

Экономика пәні




Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты обьективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлағын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде, экономика дегеніміз – өзіміздің тұрмысымыз.

Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист па, заңгер ме білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару − үлкен өнер. Сонымен, сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік келісімшарт жасайды. Ол келісімшартта көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік келісімшартта баланың болашағында дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни,



ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да – экономика.

Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру − ол да экономика. Себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау денсаулығыңызды

ойлау – бәрі де экономика.

Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері де бар. Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі факторы негізінде жүргізіледі: Меншік типтері бойынша; Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша; Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі: а) дәстүрлі экономика; ә) әкімшілдік – әміршілдік экономика; б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика; в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.



Я.Әубәкіров., К.Нәрібаев., М.Есқалиев., Е.Жатқанбаев, Е. Байжұмаев.,

С., Досқалиев Ж., Жәйшібеков. Экономикалық теория негіздері. – Алматы:

«Санат» 1998. – 479 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет