395-тапсырма. «Қаладағы электр жүйесі» атты тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар.
396-тапсырма. Берілген сөздерді аударып, жаттаңыздар.
Әдетте
Ежелгі
Түбі бір
Шұғылданған
Көз алдында
Сопақтау
Анағұрлым жетілдірілген
|
Тиімсіз
Жердің серігі
Сәйкес
Мінсіз
Бөлік
Күн жүйесі
Қажетсіздік
|
Тәулік
Ажырату
Тұйықталу
Бейнелеу
Сәуле түсіру
Пайда болу
Қажеттілік
|
Сапасыз Электр пісіруші
Тіршілік
Шикізат
Сыйымдылық
Есептеу
Арттыру
|
397- тапсырма. Ғалымдардың электр желісін зерттеулері туралы пікір алысыңыздар.
ІІІ ТАРАУ
Экономика, бизнес, қаржы, маркетинг, менеджмент мамандықтары бойынша мәтіндер мен тапсырмалар
398-тапсырма. Мәтін мазмұнына өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер. Асты сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізіне Еуропада XVI−XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстанда XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай, т.б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология тағы басқа қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Экономикалық ғылым адамдардың қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Ал қоғамдық қатынастардың негізі – өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды.
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы, белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен үрдістердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз.
Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалық заңдар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туындап және өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасына тәуелсіз болғанмен, олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Сондай-ақ, бұл заңдар объективтік сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз туып, әрекет етеді. Экономикалық заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Я.Әубәкіров., К.Нәрібаев., М.Есқалиев., Е.Жатқанбаев, Е. Байжұмаев., С., Досқалиев Ж., Жәйшібеков Экономикалық теория негіздері. – Алматы: 2004 – 480 б.
399-тапсырма. «Бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасы», «Бизнестің даму қарқыны» тақырыптары бойынша шағын әңгіме жазыңыздар.
400-тапсырма. Синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңыздар.
байланыс − қатынас; дүниежүзі − бүкіл әлем; кіру − мүше болу; тұтынушы – қолданушы.
401-тапсырма. «Сөзтізбек» ойынын мәтін мазмұнына сүйене отырып, жалғастырыңыздар.
Қазақстан-нарық-құбылыс-сауда...
402-тапсырма. Құрамындағы барлық сөзі бірдей дыбыстан басталатын мақал-мәтелді тауып жазыңыздар. Үлгі: Еңбек етсең, емерсің...
403-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтін мазмұны бойынша тезис жасаңыздар.
404-тапсырма. Мәтіндегі экономика саласына байланысты терминдердің түсініктемесін беріңіздер. Асты сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |