«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жайында
Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.
Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-
энергетика кешені мен металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары − ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту − Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамту мен қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, атқарылатын жұмыс көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселесі қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты несиелеуге кепілдік беру, несие бойынша пайыздық мөлшерлерін субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында жүргізіледі. Бұл құралдар коммерциялық банктердің несиелік және ілеспе тәуекелдер себебінен, экономиканың қандай да бір секторына қаражат салуға асықпай отырған тұлғалардың қаржысын тартуға мүмкіндік береді.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде аймақтық кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.
Бағдарламаны іске асыру аясында міндеттерді шешу мына үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
жаңа бизнес – бастамаларды қолдау;
кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
431-тапсырма. Мәтіннен экономика, бизнес саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры жүзеге асырған «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында “BISAM Central Asia” Бизнес-ақпарат,
әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығы Қазақстандағы шағын және орта бизнес ахуалы мен проблемаларын бағалау мақсатымен кешенді зерттеу жүргізді. Қазақстанның барлық әкімшілік аудандарын қамтыған зерттеуге «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты оқыту тренингтерінің 10 мыңнан астам тыңдаушысы қатыстырылды және шағын бизнестің әртүрлі деңгейдегі өкілдерімен жүргізілген фокус-топтар мен терең сұхбаттар кірді. Жалпы, кездесетін барлық қиындықтар мен проблемалар бола тұрса да қазақстандық шағын және орта бизнесте оң көзқарас басым. Зерттеу нәтижесі ғылыми, саяси және қоғамдық ортада кең таралған қалың кәсіпкерлік ортада оң көзқарас қалыптастырды. Пікір сұралғандардың 47% астамы өз бизнесінің айқын болашағы туралы хабардар етті. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі өз кәсіпкерлік қызметінің көлемін ұлғайтуға ниет білдіріп отыр. 59%-дан астамы бизнесті әртараптандыруға талпынып, оның жолдарын қарастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |