Тұрсынова Г. Т


Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары



бет115/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары




Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор мен сауда кәсіпорындары компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өркендеуіне, ұлттық табыс, ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі, т.б. басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға

көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден-бір көзі банктік несие болып есептеледі. Экономиканың нақты секторы және сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі негізінен банктердің атқаратын қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылығы үшін пайдасы зор. Бүгінгі таңда капиталды жұмсауда бәсекенің артуы экономикада көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелер алуды жеңілдете бастады. Несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфель көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсыну тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, оны

Қазақстан экономикасы жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру – бүгінгі күннің талабы.

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып саналады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан әртүрлі жаңа қадамдар жасалуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) мен қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.

Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлердің өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әртүрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарлар өндiру мен қызмет көрсету салаларын қаржыландыру керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттыру мүмкіндігі туады.

Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше. Я.Әубәкіров., К.Нәрібаев., М.Есқалиев., Е.Жатқанбаев, Е. Байжұмаев., С.,

Досқалиев Ж., Жәйшібеков Экономикалық теория негіздері. – Алматы: 2004 – 480 б.

438-тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне пікірталас жоспарын құрастырыңыздар.


  1. Қазіргі экономикалық жағдай.

  2. Жаңа қазақ деген кімдер?

  3. Ғылым мен техника жаңалықтары.

  4. Әлемдік дағдарыс.

  5. Қазақстандағы банк жүйесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет