Тұрсынова Г. Т


Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары



бет117/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары


Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол − адамдардың өзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi – оның алғышарттары, ең бастысы, капиталды иемдену құқығы бар субъектілер болып саналады.

Кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, сол себепті кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорнының пайдасын арттырып, шығынын барынша азайту. Ал кәсiпкердiң табысы, көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн, өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты қағидасы.

Экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру, шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет – бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол. Кәсіпкерлік аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағы артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды экономикасы дамыған және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдердің экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке төтеп бере алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтылуына, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.

2006 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері, тауарлар сату мен қызмет көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада табыс көрді. Елдің жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі, осы жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 2005 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 19,5%-ды құрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық негізі құрылды. 2004−2006 жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторының тұрақты дамуы, қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық коммерциялық банктер жалпы 2007 жылы 57 млрд теңге көлемінде несие берді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тиетін үлес 20–30%-дан аспайды. Мысалы, 2006 жылғы есеп бойынша барлық деңгейдегі борыштар сомасы 1,5 трлн теңгеге жеткен. Сондықтан банкер нақты секторды несиелеудің орнына, құнды қағаздар нарығында қызмет еткенді дұрыс көреді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру, оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты − экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде ұсақ өндірісті дамыту, оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.



Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру – отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарады, жұмыс орнының санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

С. Әкімбеков., А.С.Баймұхаметова., У.А.Жанайдаров Экономикалық теория. –Астана: 2002 − 464 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет