471-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударып, «Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы» тақырыбында эссе жазыңыздар
Құнды қағаздарды пайдалану қазіргі кездегі икемді қаржылық құралдардың бірі болып табылады. Құнды қағаздар, әр тауарлық айналымның маңызды атрибуты болып қалыптасты. Өзі тауар бола тұра, кредит, төлем құралы ретінде, қолма-қол ақшалардың қызметін оңай атқара алады. Бұрын, жоспарлы экономика жағдайында, құнды қағаздар мүліктік қатынаста ғана қолданылатын. Қазіргі кезеңде, экономиканы нарықты ұйымдастыруға және құнды қағаздар нарығын тұрақтандыруға көшкенде, құнды қағаздарды қайтадан жаңарту және олардың түрлігін қолдануды қажет етті. Бағалы қағаз жеке-дара, сондай-ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Көбіне пайда табудың орнына, тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине, тәуекелге кез келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Бағалы қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі, оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорынан көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |