Тұрсынова Г. Т


Жарық көздерін бақылау құралдары



бет131/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   180

Жарық көздерін бақылау құралдары




Жарық құбылыстарын зерттеу тамаша құралдар ойлап табуға көмектесті. Арнайы оптикалық құралдар – телескоп, микроскоп, фотоаппарат, лупа. Телескоптың көмегімен астрономдар Жерден миллиардтаған км қашықтағы аспан денелерінің құрылысын, құрамын, атмосферасын зерттеп, олардың айналу жылдамдықтарын анықтай алады. Микроскоптың көмегімен

өсімдік клеткаларын, бактерияларды, қан түйіршіктерін көру және зерттеу мүмкіндігі туды. Перископ арқылы суасты қайығының теңіз бетін бақылауға болады.

Үлкейткіш оптикалық телескоппен ең алғаш аспанға қараған адам – әйгілі итальян оқымыстысы Галилео Галилей. Галилейдің өзі ғылым тарихындағы тұңғыш екі телескопты құрастырды. Ол телескоптар, әрине әлі де жетілдірілмеген еді: кескінді кішісі бар болғаны 3 есе, ал үлкені 32 есе ғана үлкейтетін. Соған қарамастан, Галилей осындай қарапайым құралдармен-ақ ұлы жаңалық ашты.

Телескоптар алыстағы нәрселердің кескінін үлкейту үшін қолданылады. Оның көмегімен ғарыштық кеңістіктегі шырақтар туралы аса көп мәліметтер алынады. Бірінші рефлектор – кішкентай айналы телескопты 1668 жылы Ньютон ойлап тауып және жасап шығарды. Бұл кішкентай телескоп осы күнге дейін Лондонда сақтаулы тұр.



Соңғы бірнеше жүз жыл ішінде телескоптың екі түрі жасалды: линза негізіндегі телескоп-рефракторлар және айна негізіндегі телескоп- рефлекторлар. Телескоп түтігінің ашық саңылауына алыстағы шырақтан параллель сәуле шоғы түрінде жарық түседі. Жарық шоғы ойыс айнадан (ОБ) шағылып, жинақты шоқ түзеді. Көлбеу жазық айна (А) өзіне түскен жинақты шоқты окуляр (ОК) жаққа қарай шағылыстырады. Сондықтан, аспан объектісінің кескіні, окуляр фокусының жанында үлкейіп көрінеді. Шыныдан үлкен айналы объектив жасау өлшемдері дәл осындай, рефрактор объективінің шыны линзасын жасаудан жеңіл және арзанға түседі. Сондықтан, ірі астрономиялық телескоптар рефлекторлық болып келеді.

(Ә.Қ.Шоқанов. «Жалпы физика курсы» «Механика және молекулалық физика»)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет