Тұрсынова Г. Т


Еңбек өнімділігінің пайдасы



бет153/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Еңбек өнімділігінің пайдасы


Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде − зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстыра отырып өндіріс тиімділігі айқындалады.

Өнімділік − осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады.

Кәсіпорындарының мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекеттерінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі. Сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады.

Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді немесе еңбекті өзгерту процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса онда өнімділік өседі:

Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет