Электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары: жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр станциясы (АЭС) деп бөлінеді.
Республикамызда өндірілетін электр энергиясының 90% жылу электр станцияларына тиесілі. Бұл бір жағынан, көмір, мұнай, газ тәрізді отын түрлерінің қоры көп болуына, екінші жағынан, оның жыл бойы үзбей өндірілуіне байланысты.
Жылу электр станциялары көмір, газ, мазутпен жұмыс істейді. Жылу электр станциялары электр энергиясын өндіретін мемлекеттік –аудандық электр станциялары (МАЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭС) деп бөлінеді.
Еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларында жылу электр станциялары мен жылу электр орталықтары салынған. Мұндай электр станциялары Қарағанды және Екібастұз көмірі негізінде жұмыс істейді. Екібастұз маңында әрқайсысының қуаты 4 млн квт болатын МАЭС -1 және МАЭС-2 толық жұмыс істесе, МАЭС-3 құрылысы тоқтап тұр.
Балқаш көлінің оңтүстік-батысында Алматы облысына қарасты Үлкен деп аталатын елді мекенде Екібастұз көмірін пайдаланып, жұмыс істеуге тиісті МАЭС-4, яғни Балқаш МАЭС-нің құрылысы басталды.
Сонымен бірге Екібастұз көмірін пайдаланып электр энергиясын өндіретін Ресейдің Орал және Сібір экономикалық аудандарында 20-ға жуық жылу электр станциялары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |