Еліміз аумағындағы жұмыс істейтін электр стансаларын жоғары вольтты электр желісімен байланыстыратын біртұтас энергетикалық жүйе әлі жасалынбаған. Бұл ел экономикасының дамуына елеулі әсер етуде. Электр станциялар арасындағы технологиялық айырмашылық, оларды энергетикалық жүйеге біріктіреді. Энергетикалық жүйе – жоғары кернеулі электрді беретін желілерге (ЭБЖ) біріккен станциялар тобы. Республикада жергілікті Алтай, Алматы, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе энергетикалық жүйелері бір-бірімен өзара байланыспаған. Солтүстік Қазақстан энергетикалық жүйесі Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан жүйелерімен байланыстырылған. Алматы энергетикалық жүйесі Бішкек қаласы арқылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары одан әрі Өзбекстанмен жалғасқан. Ақтөбе энергетикалық жүйесі Оралмен, ал Орал жүйесі еділ бойы арқылы ТМД -ның Еуропалық бөлігінің бірыңғай энергетикалық жүйелерімен қосылған.
Біздің республикада 2006 жылдан бері «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» деп аталынатын бағдарлама жүзеге асуда. Осы бағдарламаға сай қазір Электр торларын басқару бойынша Қазақстандық «KEGOC» компаниясы акционерлік қоғам басшылығымен «Қазақстанның солтүстік-оңтүстік 500кВт транзиті» жобасы жүргізілуде. Жобаның мақсаты – елдің оңтүстік аудандарын электрмен қамтамасыз ететін жаңа электр энергиясы желісін жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |