Сөзді лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады. Мысалы:
Сөздің көп мағыналығы (полисемия) – бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы. Мысалы:
Адамның басы
Судың басы (бұлақ) Сөздің басы (сәлем) Таудың басы (шың)
100-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен жалпылама қолданылатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыздар.
Ел, сыншы, аялдама, бақыт, ақша, футбол, анықтауыш, қоғам, мемлекет, доға.
101-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріңіздер. Атаң мен анаң саған өмір сыйлады. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.
102-тапсырма. Сөйлемнен ауыспалы мағыналы сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңыздар. Ол еш нәрсеге мойын бұрмай, екі көзін кітап бетіне қадаумен болды.
103-тапсырма. Берілген сөйлемнен тура мағынасында қолдынылып тұрған сөздің астын сызып, қай сөздің ауыспалы мағынасы болатынын айтыңыздар.
Оның басы ауырып, қызуы көтеріліп дәрігерге кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |