Тұрсынова Г. Т



бет17/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   180

Орфография және орфоэпия


Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы.

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты төмендегі кестеден көруге болады:





Жазылуы

Айтылуы

Көзілдірік

Көзүлдүрүк

Өлең

Өлөң

Жұлын

Жұлұн

Қара ала

Қарала

Ақ ешкі

Ағ ешкі



95-тапсырма. Мына жұрнақтарды қандай сөздерге жалғай аласыздар?

-нікі -қор

-дікі -паз

-тар -хана -дар -кес

-гер -қой

96-тапсырма. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңыздар.

жам бағу - қағ алды - саптаяқ - сарауыз - сегіз ғанат - түйгіссе - тайақ - жапан дүз -



97-тапсырма. Төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шығыңыздар.

Башшы - сүссе - өнүм - тұу - ыйық - тоқыу -



98-тапсырма. Мына сөздердің айтылуын жазыңыздар. Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.

99-тапсырма. Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөзді тауып, оны дұрыс жазыңыздар.

Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар, сүссе, Жүсіппек, жасса, балмұздақты, Талдығорған, әлдегім, Меңдіқұл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет