Антоним – мағыналары бір-біріне қарама -қарсы сөздер. Мысалы: Аласа – биік, ұзын – қысқа, ақ – қара, жақын – алыс, су жүрек – жүрек жұтқан.
110-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жазыңыздар. Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.
111-тапсырма. Бір-біріне антоним болатын сөздерді орнына қойыңыздар.
Жаман, дос, жақсы, адал, қас, үлкен, арам, кіші, кең, жас, аз, ақымақ, ашық, ақылды, жабық, тар, кәрі, көп.
112-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті антонимдерді қойыңыздар. Адал еңбек елге жеткізер,
................. қулық елден кеткізер.
Мұратыңа жеткенше,
Дос-........... сыр берме.
(Б.Момышұлы)
Ақылсыз достан
......... дұшпан артық-ты.
(Шалкиіз жырау)
Достарыңызбен бөлісу: |