Тұрсынова Г. Т



бет28/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180
154-тапсырма. Түбір және туынды сөздерді пайдалана отырып, «Туған жердің табиғаты» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыздар.

155-тапсырма. Мәтіндегі туынды сөздерді табыңыздар. Олардың қалай жасалғанын аңғарыңыздар.

Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.

Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес. Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойланған жөн. Өйткені зиян екі жақты болып отыр. Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер құнарлылылығын жоғалтады. Сондықтан оны түрлі тыңайтқыштар беру арқылы қалпына келтіріп отыру керек.

Жер беті әсіресе пайдалы қазбалар өндіруге байланысты үлкен өзгерістерге ұшырайды. Өндіріс алаңында басы сүйір төбелер көптеп кездеседі. Олар – шахтадан көмір, темір, т.б. кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері, яғни террикондар (латынша терра –жер, кон – конус). Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет