Тұрсынова Г. Т



бет25/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180
142-тапсырма. Синонимдерді қатыстыра отырып, «Тәуелсіз Қазақстан» атты ойтолғау жазыңыздар.

143-тапсырма. Синоним сөздерге мақал-мәтелдерден мысал келтіріңіздер.

144-тапсырма. Сөз тіркестерінен тұратын синонимдер тауып жазыңыздар.

Үлгі: Жермен жексен етті, Күлін көкке ұшырды.

145-тапсырма. Төменде берілген синонимдердің қай сөз табы, қандай тұлғалы сөздер екенін ажыратып, бұл сөздерді мағынасына қарай топ-топқа бөліп көшіріңіздер.

Биік, жүздесу, бүкіл, асқар, реті, түгел, зәулім, орай, шапшаң, жолығу, бүкіл, шұғыл, жалқы, жедел, жалғыз, ұзын, демде, қисын, дереу.



146-тапсырма. Мына төмендегі сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.

  1. Кездесу...

  2. Әдемі... 3) Батыр...



147-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішінен синонимдерді теріп жазып, олардың қандай мағыналарды білдіретінін түсіндіріңіздер.

Бала кезінен бастап, әке орнатқан тәртіпке, қаталдық пен зорлыққа жаны түршіге жиіркене қараған гуманист Абай осы тартыста өз табынан іргесін мүлдем аулақ салып, ара жігін ашып алады.



148-тапсырма. Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңыздар.

Күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы; Бағалы, құнды, қымбат; Халық, жұрт, көпшілік.



149-тапсырма. Сөздерді оқып, мағыналарын анықтап, бұларды синоним сөздерімен топтап жазыңыздар.

Алыс. Сүйкімді. Тартымды. Қашық. Өңді. Тәуір. Алшақ. Келбетті. Жаман. Ұстамды. Нашар. Көр. Әдепті. Қара. Байқа. Аңғар. Тәрбиелі. Көргенді. Білімді. Үлкен. Кең. Көлемді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет