Тұрсынова Г. Т



бет31/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

165-тапсырма. Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіздер? Өз білімдеріңізді тексеріп көріңіздер.

166-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңыздар.

Арасанқала –Талдықорған облысы жеріндегі емдеу орны бар елді мекен. Мұны «Қапаларасан» деп те атайды.

Арқа – батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан кең дала. Мұны – «Сарыарқа» деп те атайды.

Бетпақдала – Балқаш көлінің батыс жағалауынан басталатын кең даланың атауы.

Жоңғар Алатауы – бір жақ шеті Қытай жеріне кіріп тұрған Қазақстанның шығысындағы тау жүйесі.

Қабырға – Торғай облысы Жангелді және Амангелді аудандарының аумағындағы өзендер. Қабырға атауын татар, башқұрт, тілдеріндегі «тау баурайы» деген мағынамен байланыста қараған қолайлы.

Катонқарағай – Шығыс Қазақстан облысындағы жер, аудан және оның орталығының атауы. Ол «топ қарағай» немесе «дөңгелене өскен қарағай» дегенді білдіреді.

167-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, негізігі ойды өз сөздеріңізбен баяндаңыздар.

Ислам «мойынұсыну», «бойұсыну» дегенді білдіреді. «Мойынұсыну» - «қабылдау», «бағыну» және «айтқанын орындау» деген сөз. Сондықтан ислам Аллаға бағынуды және оның бұйрықтарын орындауды білдіреді. Ислам сондайақ «қанағат» деген ұғымды да білдіреді. Қанағат сезімі Алланың әмірін орындағанда ғана пайда болады. Демек, ислам «бейбітшілік» және « Аллаға мойынұсыну» дегенді білдіреді. Мойынұсыну ғана тыныштық әкеледі.

Ислам – біздің Жаратушымыз және Әміріміз. Аллаға мойынұсыну арқылы жер бетінде бейбітшілік орнатып, оны тыныштыққа бөлеуге болады.

168-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Біріккен сөздерді табыңыздар.

Жайлаудың бәрі шұрайлы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар бар. Олар: Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы деп аталады.

Қарқара жайлауы үстімен Ұлы Жібек жолы өткендіктен, осы жерде ертеде атышулы жәрмеңке болады екен. Бүгін де бұл өлкеде той толастамайды. Бәйге шауып, қыз қуады. Балалар гүл теріп, көбелек қуып, суға шомылады. Тауда өсетін жемістер: қарақат, таңқурай, долана; жазық далаларда өсетін қой бүлдірген, сиыр бүлдірген де өте көп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет