Жалғау
Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар:
Көптік жалғауы
Тәуелдік жалғауы
Септік жалғауы
Жіктік жалғауы
Көптік жалғауы
Сөздер жекеше түрде және көпше түрде қолданылады. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: көше-лер, қыз-дар, ағаш-тар.
Көптік жалғауы мыналар: -лар, -лер, -дар,-дер, -тар, -тер.
Тәуелдік жалғауы
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді.
Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады:
|
Жекеше түрі
|
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
|
-м, -ым, -ім
-ң, -ың, -ің
-ыңыз, -іңіз, - ңыз, -ңіз
-сы,-сі,-ы,-і
|
|
Көпше түрі
|
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
|
-мыз,-ымыз,-міз,-іміз
-тарың,-терің,-дарың,-дерің
-ларың, -лерің,-тарыңыз,-теріңіз,
-дарыңыз,-деріңіз,
-ларыңыз,-леріңіз
-сы,-сі,-ы,-і
|
Септік жалғауы
Сөздің септік жалғауын қабылдауын септелу дейді. Септік атаулары төмендегіше.
№
|
Септік
|
Сұрағы
|
Жалғауы
|
1
|
Атау
|
Кім? Не?
|
|
2
|
Ілік
|
Кімнің? Ненің?
|
-ның,-нің,
-дың,-дің,
-тың,-тің
|
3
|
Барыс
|
Кімге? Неге?
|
-а,-е,-қа,-ке,-ға,-ге,-на,-не
|
4
|
Табыс
|
Кімді? Нені?
|
-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н
|
5
|
Жатыс
|
Кімде? Неде?
|
-да,-де,-та,-те,-нда,-нде
|
6
|
Шығыс
|
Кімнен? Неден?
|
-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен
|
7
|
Көмектес
|
Кіммен? немен?
|
-мен (менен) -бен (бенен)
-пен (пенен)
| Жіктік жалғауы
Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.
Сөздің жіктік жалғауын қабылдауын жіктелу дейді. Сөздер 3 жақта және жекеше, көпше түрде жіктеледі. Ескерту: Зат есім, сын есім, сан есім және есімдіктің 3-жағының қосымшасы жоқ.
Жіктік жалғауы негізінен етістікке және есім сөздерге жалғанады.
Түрі
|
Жақ
|
Есім сөздің жіктелуі
|
Жекеше
|
І
|
Мен дәрігермін
|
ІІ
|
Сен дәрігерсің Сіз дәрігерсіз
|
ІІІ
|
Ол –дәрігер
|
Көпше
|
І
|
Біз дәрігерміз
|
ІІ
|
Сендер дәрігерсіңдер Сіздер дәрігерсіздер
|
ІІІ
|
Олар – дәрігер
|
|
Жақ
|
Етістіктің жіктелуі
|
Жекеше
|
І
|
Мен келемін
|
ІІ
|
Сен келесің Сіз келесіз
|
ІІІ
|
Ол келеді
|
Көпше
|
І
|
Біз келеміз
|
ІІ
|
Сендер келесіңдер Сіздер келесіздер
|
ІІІ
|
Олар келеді
|
177-тапсырма. Мәтінді оқып, жалғаулардың түрлерін ажыратыңыздар.
Мұнай – байлық. Мұнай – мақтаныш. Екінің бірінің пешенесіне жазылмаған «қара алтын» байлығының арқасында күллі әлем қазақ елін таныды. Бүгінде ол өмірлік маңызды мәселеге айналды.
Мұнайың болса сырттан келетін инвестиция да, несие де мол. Онсыз қирап жатқан экономиканы, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қозғалту мүмкін емес. Соның бәріне де мұнай үлкен кепілдік болып табылады. Елдің еңсесін көтеріп, жұмыс істеуіне де жол ашылады.
Мұнай – ақша. Тек соның көзін тауып, қажетті мұқтаждықтарға жұмсап, жергілікті халық оның игілігін көруі керек.
178-тапсырма. Төмендегі сөздерге керекті жіктік жалғауын қосып оқыңыздар.
Мен баяғы Жамбыл... , өлең сөзге даңғыл... . Сен маған кім... ? Сен менің ақылшым... , тірегім... . Сіз оған қарсы... ба? Сіз сахарада менің де әңгімелесетін, жалғыз мәжілістесім есебінде қажет... , қадірлі ... . Екі жұмадан бері тыныш... . Сіз оған міндетті емес... . Біздер еңбекті сүйетін ел... . Сіз аса талантты офицер... . Біз сүйеміз бейбіт күнді, бейбіт күнде туған ... . Біздің өмір күндей нұрлы, бақыт құшқан ұлан... ! Бұл істі істеген мен, Базаралы... !
179-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жедел өткен шақтың жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Былтыр сендер қандай сабақтардан емтихан тапсырды... ? Сіз бұл сөзді бекер айтты... . Сіздер мені байқамай төмен түсіп кетті... . Оқыған кітаптарыңыздың аттарын қайда жазып қалдырдыңыз, біз таппа... .Жарты сағаттан кейін сендер ұйықтап қалды... . Менің әкемді сен көрді... бе? Мен Исамен әңгімелесіп отырып, көп нәрсені ұқты... .
180-тапсырма. Мәтін бойынша жіктік жалғауын теріп жазыңыздар.
Ат – адамның қанаты. Ат үстіндегі кісінің көкжиегі қашан да кең, көңілі көтеріңкі, еңсесі биік. Тек атың жүрдек болсын. Пай-пай, тоқымыңда ойнаған жүйрігің, жалын желге желпіп, елбең қағып, есіле майсаңдап келе жатса, сен бесіктегі балғындай тербелесің ғой. Сонда сені ат емес, бүкіл дала тербетеді, әлдилейді... Сенің ән салғың келеді. Ол үшін сәл тебініп қал. Атың сар желе жөнелсін. Сен оң қолыңды баяу бұлғап, атыңды сипай қамшыла, ұрма, ат сауырын қамшымен сипа. Міне, енді даланы сен тербете бастадың. Қане, енді кең дүниені әлдиле, ән сал.
181-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, көптік жалғауын табыңыздар.
Интернет – бұл әлемдегі миллиондаған компьютерлерді біріктіретін жүйе. Интернет – бұл бүкіл әлемдік біртұтас ақпараттық жүйе, кеңістік. Егер біз интернеттің тарихына үңілер болсақ, оның 1969 жылдан басталатынын көреміз. 1980 жылдан бастап ЭВМ компаниясы дербес компьютерлер шығаруды конвейерге қойды. Интернетті тұтынушылар саны бірнеше мыңнан қазіргі кезде 60 млн-ға жетті. Интернет адамға шексіз көлемде әралуан тақырыпта ақпараттар бере алады. Интернет арқылы бейне, дыбыстық мәтінді ақпарлар алуға болады.
Студенттер өздеріне қажетті тақырыпта жазылған кітаптарды, ғылыми жұмыстарды, рефераттарды, т.б. кітапханаларға бармай-ақ еркін, тез тауып алады.
182-тапсырма. Мәтіндегі ойды түсініп оқып, адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңіздер. Мәтін бойынша жалғауларды ажыратыңыздар.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
(Ғ. Мұстафин)
183- Өлеңді мәнерлеп оқып, жалғаулардың астын сызыңыздар. Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңізді айтып беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |