Тұрсынова Г. Т


Пайдалы қазбалардың түрлері



бет42/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   180

Пайдалы қазбалардың түрлері


Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. Олар қолданылуына қарай негізгі үш топқа бөлінеді:



  1. Жанғыш пайдалы қазбалар;

  2. Кен пайдалы қазбалары;

  3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны Қарағанды, Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.

Мұнай – өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.

Кен пайдалы қазбаларына құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий және басқа металдар алынады. Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т.б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық.



190-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінен септік жалғауы бар сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын атаңыздар.

Мұнайға серіктес газдар, кедергілі сумен тотығу, судың газбен қанығуы, газдан арылу, ұңғымаларды аяқтау, қатпардың тұйықталуы.



191-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Қорғасын мен мырыш бірге кездесіп полиметалл рудалары деп аталады. Тотықтанудан сақтау үшін темірді мырышпен қаптайды. Мырышпен қапталған

темірден көптеген шаруашылық бұйымдары жасалады. Мырыш ақ бояу өндіру үшін және полиграфия өнеркәсібіне, басқа салаларға қолданылады.

Қорғасынды кабельдерді мойынтіректер, баспахана бояулары мен қоспаларын жасауға пайдаланады. Қорғасын электр аккумляторларын жасау үшін негізгі материал болып табылады.



192-тапсырма. Сөз тіркестерін естеріңізге сақтаңыздар. Оларды пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.

Пайдалы кен қазбаларын барлау – разведка полезных ископаемых

Барлаушы топ – разведывательная партия

Мұнай шығаратын жерді іздеп барлау – разведка на нефть

Таскөмірлі бассейн – угольный бассейн

Таскөмір өнеркәсібі – угольная промышленность

Кен шығаратын орын – жердің үстіңгі қабатындағы кендерді қазып алатын орын – карьер

Руданы құрғатушылар – сушители руды

Геолог-бұрғышылар – геологи – бурильшики

Көмір разрезі – угольный разрез



193-тапсырма. Мәтінді оқып жалғауларды ажыратыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет