Тұрсынова Г. Т



бет40/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180

Ана тілім


Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім –

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қасіретім, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім –

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байланғанша тіл-жағым!



(Н.Айтов)

184-тапсырма. Мәтінді оқып, жалғаулардың астын сызыңыздар.


Жер серіктерінің қызметі


Ғаламшарымызды айнала ұшып жүрген Жер серіктерінің ел үшін пайдасы орасан зор. Оның түрлері де сан алуан. Мысалы, метеорологиялық Жер серігі ауа райын бақылап, өз байқауларын радио арқылы дәлме-дәл хабарлайды. Тәулігіне ғарышты бірнеше рет айналып үлгеретін ол дауыл, боран, нөсер туралы хабарды жерге жеткізіп отырады.

Ал байқау Жер серігінің міндеті – Жердегі «тәртіпті» бақылау. Мысалы, ол жай отыннан өртенген орманды байқасымен-ақ өрт сөндірушілерге хабарлайды.

Барлаушы жер серігі геологтерге пайдалы қазбаларды іздеп табуға көмектеседі. Әсіресе адам аяғы жетпейтін биік тауларды, тайганы, ну орманды, теңіз тереңін зерттеуге оның көп көмегі тиеді. Оның түсірген суреттері бойынша жер астының қай жерінде мұнай, қай жерінде темір я тұщы кеңтастар бар екені анықталады.



185- Мәтінді оқып және онда не туралы айтылғанын баяндаңыздар.

Күннің беті үнемі шуақты болып тұрмайды. Кейде бізге белгісіз себептермен оның беті күңгірт дақтарға толып кетеді, оның терең қойнауларынан от жалынды алып бұрқақтар атқылай бастайды. Ғалымдар мұны «протуберанцтер» деп атайды. Жерді қоршаған ауаның берік қорғанышы бар. Жерді қоршаған ауа қабаты – атмосфера кеселді сәулелерді өткізбейді, оны тіршілік шекарасы көктің ең жоғарғы қабаттарында тұтып қалады.



Күн бетіндегі шалқулар кезінде жердегі ауа райы өзгереді. Ондай кезде ғарышқа ұшу да, теңізде алыс сапарларға шығу да, әуе жолдарында самғау да қатерлі. Сондықтан Күннің бетінде не болып жатқанын білу – адамдар үшін өте маңызды іс.

186-тапсырма. Тіл өнері туралы берілген 10 мақалды табыңыздар, мазмұнын айқындап беріңіздер.



өнер

еді

қы

ді

қан

ле

ал

қан

тіл

меген

қа

ген

ды

бы

тап

Көзге

ман

үнде

зыл

ның

қол

ның

ғы

жең

сөз

қара

жа

жоқ

ті

айт

ға

қан

жан

сақа

сыз

айы

жоқ

қара

ген

ма,

ға

атаң

сөз

саң

орын

мақа

ды

лына

кір

айт

ор

әзіл

көңіл

айт

кен

сөз

ға

да

кіл

лына

сөз

зім

тіл

әділ

ті

айт

жы

жоқ

дің

дің

сөй

әділ

187-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, жалғаулардың астын сызыңыздар.

Өзен жағасында жарқабақтан құм, саз, малта тастардың үйіліп жатқанын көруге болады. Олардан басқа жер бетінде және оның қойнауында гранит, әктас, тұз, тас, көмір, мұнай, газ, т.б. бар.

Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады. Жазықтар да тау жыныстарынан тұрады. Олар тек құрлықта ғана емес, өзенкөлдердің, теңіздер мен мұхиттардың түбіне де таралады.

188- Мәтінді оқып шығып, көптік жалғауын ажыратыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет