Сирек кездесетін металдар
Қазақстан сирек кездесетін металдарға да өте бай. Ал бұл металдар болмайынша машина жасау өнеркәсібін құру мүмкін емес. Сирек болғандықтан, олар осылай аталады. Сирек кездесетін металдар жөнінде Қазақстан маңызды орын алады.
Ол металдар: ванадий, вольфрам, молибден, селен, калий, германий, теллур, тантал, ниобий, скандий, титан.
194-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауларын табыңыздар.
Металды пайдалануына байланысты машина жасау салаларының бірбірінен айырмашылықтары бар. Машина жасау өнеркәсібінің әртүрлі салалары металды бірдей мөлшерде пайдаланбайды. Металдарды көп қажет ететін машиналарға кен қазатын комбайндар, экскаваторлар, қуатты автосамосвалдар, трансформаторлар жатады.
Алматы ауыр машина жасау зауыты түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі құрал-жабдықтар шығарса, Қарағанды ауыр машина жасау зауыты шахталарға арналған құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналарын, крандар мен кен қазатын комбайндар шығаруда.
Кентаудағы экскаватор зауыты, Өскеменде түсті металлургия үшін қажетті жабдықтар жасайды. Ал мұнай және газ өндіру өнеркәсіптерінің құралжабдықтары Атырау, Ақтөбе, Павлодар қалаларындағы зауыттарда жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |