Көсемше – бірде пысықтауыштың , бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Іс- әрекеттің жай-күйін білдіріп, пысықтауыштың қызметін атқарады.
Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, баяндауыштың қызметін атқарады. Көсемшенің жұрнақтары:
|
-а,-е,-й
|
бар-а-ды, кел-е-ді
|
|
-ып,-іп,-п
|
шығ-ып,ез-іп
|
|
-ғалы,-гелі,қалы,-келі
|
Ал-ғалы, бер-гелі, басқалы
|
Көсемшенің жіктелуі:
|
|
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
|
І
|
Бара-мын
|
Бара-мыз
|
І
|
І
|
Бара-сың
Бара-сыз
|
Бара-сыңдар Бара-сыздар
|
ІІ
|
І
|
Бара-ды
|
Бара-ды
|
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Пысықтауыш
|
Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.
|
Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Көрекөре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.
|
Баяндауыш
|
Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп, баяндауыш болады.
|
Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келеді. Ол өз ойын айта салады. Түнде жаңбыр жауыпты.
|
245- Көсемшелерді байланысқан сөздермен бірге теріп жазып, оларға тұлғалық талдау жасаңыздар.
Көмірдің отын және химиялық шикізат ретіндегі маңызы зор. Сапасы жоғары көмір түрлері кокс алуда пайдаланылады. Кокстелген көмір металлургия өнеркәсібінде металл балқытуда қолданылады.
Кокс – таскөмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алынатын отын түрі.
Көмір жылу электр стансыларында электр энергиясын өндіру үшін энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге зауыттарда, тұрмыста қолданылады.
246-тапсырма. Мақал-мәтелдерден көсемшелерді тауып, олардың қай жақта жіктеліп тұрғанын айтыңыздар және тұлғалық талдау жасап, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.
Дұшпан күлдіріп айтады,
|
Ақылды адам айтқызбай біледі,
|
Дос жылатып айтады.
|
Ақсұңқар қаққызбай іледі.
|
Досы көпті жау алмайды,
|
Ат баспаймын деген жерін үш басар,
|
Ақылы көпті дау алмайды. Асқар тау алыстан көрінеді.
|
Ат баспаймын деген жерін үш басар,
|
Сын түзелмей, мін түзелмейді. татар.
|
Ер татпаймын деген дәмін үш
|
Адамды түсіне қарап таныма, Ісіне қарап таны.
247-тапсырма. Мәтіннің мазмұнынан шығарып, тақырыптың мәнін талдаңыздар. Көсемшелер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын айтыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |