Тұрсынова Г. Т



бет56/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Мәңгілік дәстүрлер


Қазақтар ертеден көшіп-қонып, мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі халықтар диқаншы әрі өте атқұмар болған. Қазақтар «киіз үй» деп аталынатын жер беті іспетті дөңгелек келген, шаңырағы мен керегелері ағаштан жасалып, сыртынан киізбен қапталған үйлерде тұрған. Қазақ үйінің ішіндегі сандық, домбыра, әр түрлі шаруашылыққа қажетті заттар қазақ халқының қазынасы, өнері болып есептеледі. Әр заттың өзіндік ерекше орны, мәні бар. Күнделікті пайдаланылатын заттар ағаш, жүн, тері және сүйектен жасалған.

Бозбалалар мен атқұмарлар жүйрік, сұлу атқа құмар болған. Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген. Аттың ер-тоқымын нағыз теріден ежелгі қазақтың дәстүрі бойынша әсемдеп жасаған. Әйелдер ер-тоқымы тіпті шебер зергерлікпен әшекейлеп жасалынған. Қазақ зергерлері мен шеберлерінің талғамы өте жоғары болған. Зергерлер күмістен әр түрлі бағалы әсемдік заттар жасаған, олар ғасырлардан ғасырларға мұра болып жеткен.

Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады. Бірақ олар бұрынғыдай тамаша шабанжоздар, дала төсі әрдайым аттарға толы. Қазақтың көркем өнері өшкен жоқ, ғасырлардан ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.



248-тапсырма. Көсемшелерді тауып, сұрақ қою арқылы олар сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыздар.

Бос жыныстарға көмір ұнтағы араласып жататындықтан террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды. Кейінгі жылдары өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды. Ондағы бос тау жыныстары көмірі таусылған ескі шахталарға қайта апарып төгіледі. Бірқатары тұрған жерінде тегістеліп, террасаларға айналдырылады. Ондай жердің бетіне құнарлы топырақ төгіліп, ағаш, бұта және шөп егіледі. Сөйтіп террикондардың біразы шахтѐр посѐлкесіне көрік беретін жасыл желекке айналады.

Ашық карьерлерден өндірілетін пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатты аршығанда шыққан жыныстары олардың төңірегінде тау-тау болып үйіліп жатады. Мұндай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит, Соколов-Сарыбай темір кен орындарында, Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында, т.б. жерлерде кездеседі.

Пайдалы қазбалары қазып алынған карьерлердің орнына қолдан көл жасап, төңірегіне ағаш отырғызу тиімді. Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет