Етістік
Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
|
Туынды етістік
|
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады.
Мысалы: кел, кет, көрген, айтпады, т.б.
|
Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, сан-а, күлімсіре, көг-ер, т.б.
|
Құрамына қарай:
Дара етістік
|
Күрделі етістік
|
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы: баста,
кес, тасы, тара, аяқта, байы
|
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, жазып отыр, уәде берді, т.б.
|
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:
Болымды
етістік
|
Болымсыз етістік
|
Іс-әрекеттің
жүзеге асқанын білдіреді. Мысалы: алды, жаздыр, өшірді
|
Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Етістікке -ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтары-ның жалғануы арқылы жасалады: өшірмеген.
Етістік пен жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ, өшірген емес
|
Мағынасына қарай:
Салт етістік
|
Сабақты етістік
|
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас
|
Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шеш, шашыңды тара
|
Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
№
|
Жұрнақ
|
Мысал
|
1
|
-ла,-ле,-да,-де,-та,-те
|
аяқта, ретте, өкпеле, ойла,
қолда
|
2
|
-лан,-лен,-тан,-тен
|
ойлан, үйлен, әдеттен,
рақаттан
|
3
|
-лас,-лес,-дас,-дес,тас,-тес
|
көмектес, пікірлес, сырлас,
ақылдас
|
4
|
-лат,-лет,-дат,-дет
|
әндет, дауылдат, түнделет
|
5
|
-а,-е
|
ата, деме, сына
|
6
|
-ай,-ей,-й
|
күшей, мұңай
|
7
|
-қар,-кер,-ғар,-гер
|
басқар, ескер
|
8
|
-ар,-ер,-р
|
жаңар, ескір
|
9
|
-ал,-ел,-ыл,-іл,-л
|
жоғал, сұйыл-тарыл, теңел
|
10
|
-ық,-ік
|
бірік, дәнік, тынық
|
11
|
-сы,-сі,-ымсы,-імсі
|
үлкенсі, пысықсы
|
12
|
-сын,-сін
|
жатсын, көпсін
|
13
|
-сыра,-сіре
|
әлсіре, қансыра, жетімсіре
|
14
|
-ыра,-іре
|
бұрқыра, күркіре, жарқыра
|
15
|
-ырай,-ірей
|
кішірей, бақырай, бажырай
|
232- Мәтінді оқып, етістіктерді тұлғасына қарай ажыратыңыздар.
Машина жасау саласы шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамсыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығарғанымен, машина жасау зауыттарының бәрінің технологиялық процесі біртектес. Олар дайындама жасау, тетіктер өндіру және дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес, машина жасау зауытында құю, ұста-пресс, механикалық және құрастыру цехтары болады.
Машина жасау зауыттарының әрқайсысы өзі маманданған өнім түрін шығарады.
Машина жасау зауыттарының мамандану түрлерінің бірі – технологиялық мамандану. Технологиялық мамандану дегеніміз – дайын тетіктерден, бөлшектерден машина, автомобильдер құрастыру. Мысалы, Алматыда құрылған «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны «Камаз», автобустарды тек дайын тетіктерден құрастырады.
233-тапсырма. Етістіктерді тұлғасына, түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Тұздың бірнеше түрі бар. Солардың ішінде көбірек қолданылатыны – ас тұзы.
Әрбір адамның тамағына күнделікті 20 г шамасында ас тұзы жұмсалады.
Тұз түссіз, мөлдір жеке түйіршіктерден тұрады. Түйіршіктің беті жылтыр, тегіс текшеге ұқсайды. Бұл – тұз кристалдары. Текшені жеке алғанда мөлдір, түссіз. Бір жерге үйсе, ақ түсті болып көрінеді.
Тұз суда тез ериді, дәмі ащы.
Мұхиттар мен теңіздер суында тұз ерітінді түрінде кездеседі. Бірақ теңіз суынан тұзды айырып алу көп еңбек жұмсауды қажет етеді. Сондықтан оны, көбінесе тұзды көлдерден өндіреді.
Тұзды көлдер Қазақстанның барлық жерінде таралған. Көл суы жазда ыстыққа көп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді. Оны өндіру үшін сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғышы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі тұз сумен қоса сорылып алынады.
Тұз жер қыртысында да мол. Мұндай тұз бір кезде сол жерді басып жатқан теңіз шығанағында жинақталған. Оның қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге барады. Сондықтан оны тас тұз деп атайды. Тас тұз мөлдір, түссіз кесек мұзды елестетеді. Тас тұздың қаттылығы соншалық, оны қазып алатын шахтада ешқандай ағаш тіреу қоюдың қажеті жоқ. Тұздың өзі тамаша тіреу бола алады.
234-тапсырма. Мәтіндегі болымсыз етістіктер мен зат есімдерді салыстырып, олардың жасалу жолдарындағы, мағыналарындағы ерекшеліктерді айтып беріңіздер.
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Білмеген соң, айтпа сөз.
(Абай)
Осы кіре беріс бөлмеден төрге қарай және оң жақ, сол жаққа қарай бірнеше бөлме бар еді.
Келген адам шайға отырмай, не шұбат ішпей кетпейді.
Буылған қағазды столдың тартпасына салды.
Әйгерім Абайды кінәламаса да, ақтамақшы емес.
235-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі сызықпен сызыңыздар. Күрделі етістіктің қалай жасалып тұрғанын айтыңыздар.
Күн – тоғыз ірі планетадан тұратын тұтас бір жүйенің, Күн жүйесінің орталығы. Күн – қатардағы жұллдыздардың бірі. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұрған газды шар. Ғалымдардың болжауынша, оның беткі қабатындағы қызу 6 0000 шамасында, ал терең түкпірінде 15 миллион градусқа дейін жететін болуы керек. Басқа жұлдыздарға қарағанда жақын орналасқандықтан, күн бізге олардан гөрі үлкен болып көрінеді. Күн мен Жердің ара қашықтығы 150 миллион км. Тап осы қашықтық тіршілік үшін қолайлы екендігі байқалады. Мұнан гөрі тым жақын денені Күн қатты қыздырып жібереді, ал алыста үскірік суық орнайды.
Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар Күннің көлденеңі 1 400 000 километрдей екенін анықтаған. Бұл Жердің көлденеңінен 109 есеге жуық артық деген сөз.
Күн жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Жерге Күн қуатының екі миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннің басқасы әлем кеңістігіне шашырап тарап кетеді. Дегенмен осы қуат мөлшерінің өзі Жерді жылытуға әбден жетеді. Күннің сәулесі мен жылуы болмаса Жер бетін қара түнек басар еді. Ғаламат суықтың салдарынан өсімдік те, жан-жануар да тіршілік ете алмас еді. Жылудың жоқтығынан булану жүрмей, су бетінің қатып жататындығы өзінен өзі түсінікті. Аспанда бұлт үйірілмейтіндігінен жауыншашын жаумас еді, жер бетін өзгертетін ағын су әрекеті жүрмес еді. Бір сөзбен айтқанда, Жерде өтіп жататын сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
236-тапсырма. Болымсыз етістіктерді қойып, мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар.
Жан кинал.. й
Жұмыс біт... с,
Талап ... й, Мұратқа жет...с.
Еңбек қылсаң ерін...й, Тояды қарның тілен...й.
Еңбексіз іс бітп...йді,
Еріншектің қолы жет...йді.
Күшіңе сен...
Ісіңе сен.
237- Оқу-білім туралы мақалдың жүйесін тауып, сөздердің жасалу жолдарын талдаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |