Тұрсынова Г. Т



бет73/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   180
Сөз тіркесі

Сөйлем

Бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.

Сол қол, қолына ұстаған, үлкен шортан, отырғандарға көрсетті, мақтана көрсетті, ұстаған шортанды

Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.



289-тапсырма. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесікке көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон. Жабу жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабылады. Тон, шапан жабу – ер жеткенде баланың елшіл, халықшыл болуына білдірілген тілек, жүген – тез өсіп, ат үстінде ойнақ салсын, кебенек пен қамшы ел қорғайтын ер болсын деген тілекті аңғартады.

Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік және екі-үш әйелге көйлектік мата береді. Ең қымбат мата бесікке салушы бәйбішеге беріледі.

Қалғандары білезік, сақина, жүзіктерді бөліседі. Сый-құрмет біткеннен кейін, жиналған әйелдер үйді-үйіне тарасады.

Қазақстанның барлық жеріне бірдей тараған қазақ бесігінің бір-ақ түрі бар. Көшпелі не жартылай көшпелі өмір сүрген қазақ халқы үшін бесіктің қолайлылығы сөзсіз.

290-тапсырма. Орфографиялық я түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, күрделі сөзге 5 мысал, тұрақты тіркестерге 5 мысал келтіріп, өзіндік ерекшеліктерін талдап көрсетіңіздер.

291-тапсырма. Оқып шығып, мәтіндегі жер, ел, қала атауларының тарихына зер салыңыздар. Қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі не күрделі сөз екенін анықтаңыздар.

Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік өскелең мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қол өнері дамыған. Түркілердің Мари, Шаш, Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары ежелгі Жібек жолының бойына орналасқан. Бұл жол Үнді Қытай, Византия мемлекетерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Ерте кездерде –ақ Бағдат обсерваториясы мен «Даналық үйінің» ғылыми жұмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Бұлардың ішінен теңдесі жоқ үздік ойшылдарының бірі – шоқтығы биік ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді.



292-тапсырма. Оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне қарай талдаңыздар. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін көрсетіп, басыңқы сыңардан бағыныңқыға сұрақ қойыңыздар.

Әйел аман-есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады. Қыз-келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алып, әр түрлі ойындар ұйымдастырады, түнді қуаныш-қызықпен өткізеді.

Шілдехананы Жетісу жерінде «шілде күзет» деп те атайды. Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап күзету – халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. Оның сілемі қазақтарға соңғы уақытқа дейін келген. Шырақ жағып күзету – соның бір түрі. Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді деген сенім болған.

293-тапсырма. Төмендегі сөздерді осы жазылған тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңыздар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалы шығады.



уайым

өтесің

теңіз

батасың

қайық

кетесің

тәуекел

түбі

де

мінесің

да

түбі



294-тапсырма. Оқып шығып, әр сөйлемдегі сөз тіркесін тауып, талдап көрсетіңіздер. Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бөлек-бөлек жазыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет