296-тапсырма. Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған мәтінді көшіріп жазып, оны сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
297-тапсырма. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне ажыратып, көшіріп жазыңыздар.
Үлгі: еңбексіз адам; адам өмір сүре алмайды; бақытты өмір сүре алмайды;......
Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. (А.Чехов) Өзге ештеңеден табылмас бақытты еңбектен табасың. (А.Менделеев) Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады. (Д.Дидро) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. (мақал) Еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі. (мақал) Өзін-өзі билеген ел бақытты. (мақал)
298-тапсырма. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, «Атаана» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.
Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.
299-тапсырма. Мына тізбек бойынша сөз тіркестерін жасаңыздар.
Зат есім +зат есім:
|
|
|
Септеулі зат есім +етістік:
|
Сын есім+зат есім:
|
|
|
Зат есім +етістік:
|
Сан есім+зат есім:
|
|
|
Үстеу +етістік:
|
Есімдік +зат есім:
|
|
|
Сын есім +етістік:
|
Есімше + зат есім:
|
|
|
Сан есім +етістік:
|
Достарыңызбен бөлісу: |