Тұрсынова Г. Т


Тұрлаулы мүшелер Бастауыш



бет82/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180

Тұрлаулы мүшелер Бастауыш




Бастауышсөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.

Сұрақтыры: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі? Бастауыш төмендегі сөз таптарынан жасалады:



Сөз табы

Мысалы

Зат есім

Күн жылынды. Досым келді.

Есімдік

Бұл – үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.

Сын есім

Ақылды ісіне сенеді.

Сыпайы сырын сақтар.

Сан есім

Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөленді.

Етістік

Іздеген жетер мұратына.

Оқу инемен құдық қазғандай.



Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай береді.

Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды – ынтымақ.

Үйірлі бастауышүйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.

308-тапсырма. Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Ауылдың маңы ...

Балалар шуы ...

Асық ойнаған ...

Жығылған ...

Алтау ..., төртеу ...

Оның айтып отырғаны ...

Ол өзі ...



309-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңыздар. Бастауыштарды тауып, қандай сөз таптарынан болып тұрғанын ажыратыңыздар. Бастауыштарды бөліп алып, мәтінді қалпына келтіріп көріңіздер.


У қарағай


У қарағай – өте сирек өсетін ағаш. Ол жер жүзінде бірнеше ғана жерде – Кавказда, Қиыр Шығыста, Британ аралдарында қалды. У қарағай ұзақ өмір сүреді: мың жыдан да астам жасайды. Биіктігі сегіз метрге дейін жетеді. Қызғылт түсті, өте әдемі, мықты ағаш. Адамдар оны тақтай жасау үшін пайдаланады.

У қарағайдың қалқаны қара көк, тіпті қап-қара, жылтырап тұрады. ол – улы. Егер жылқы жейтін болса, бірден құлап түсіп өледі. Ал бұғылар, еліктер орманда онымен қатар өмір сүріп, оған үйреніп кеткен. Олар үшін у қарағайдың қылқаны қауіпті емес.

310-тапсырма. Сын есімді, сан есімді, есімшені, тұйық етістікті, одағайды бастауыш етіп сөйлем құраңыздар.

311-тапсырма. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, бастауыштың астын сызыңыздар да, есімше мен сын есімнің қандай жағдайда бастауыш болатынын түсіндіріңіздер. кім? не? деген сұрауларға жауап беруіне қарай қандай заттық мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыздар.

Үлгі: Іздеген – жетер мұратқа. (мақал)

Бастауыш есімшеден болып тұр.заттық мағынаға (адам, кісі) ие болып, кім? деген сұраққа жауап береді. Іздеген адам жетер мұратқа. – Іздеген – жетер мұратқа.

Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайы – сырын сақтар, әдепті – арын сақтар. Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп. Қорқақ – көлеңкесінен де қорқады. Қорыққан – бұрын жұдырықтар. Көп – қорқытады, терең – батырады. Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. Жүйрік – бестіден шығар. Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет