Екпін
Екпін – сөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Екпіннің түрлері: сөз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес екпіні.
Сөз екпіні – сөздегі бір буынның көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тілінде бұл екпіннің орны тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: еңбек, еңбекші, еңбекшілер, еңбекшілерді.
Ой екпіні – сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Дыбыс екпіні – сөздегі бір дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуы. Тіркес екпіні – сөйлемдегі бір тіркестің көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |