Тұрсынова Г. Т



бет11/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180
57-тапсырма. Мына мәтіннен сөз екпінін табыңыздар.

Жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан, жастардың жалпы назары оқуға аударылуы керек.



(Ғ.Мұратбаев)

58-тапсырма. Дыбыс екпіні туралы айтып, мысал келтіріңіздер.

59-тапсырма. Қазақ тіліндегі екпіннің ерекшелігін және екпін түрлерін айтыңыздар.

60-тапсырма. Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін табыңыздар. Бостандықтың қадірін Жабылғанда білерсің. Қалтаңдағы ақшаңды Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің. Ақ бетіңнің қадірін

Қан кеткенде білерсің.



(«Шешендік сөздер» кітабынан)

61-тапсырма. Мақал-мәтелден мысал жазып, мағынасына байланысты түсінік беріп, ішіндегі тірек екпінінің атын жазыңыздар.

62-тапырма. Мәтіндегі сөздерді барлық екпін түрлеріне қарай талдап, мәтіндегі пікірге өз көзқарастарыңыз туралы жазыңыздар.

Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, күнәліні кешіре біл...Өзің де, өзгеге де жақсылық тіле... Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.



(Ахмед Йүгінеки)

63-тапсырма. Сөйлемдерден дыбыс екпінін тауып, астын сызыңыздар.

Босағадан аттай беріп: «Би-исми-л-лаһи-р-рахмани-рахим-қайырымды, шапағатты Алла атымен» деп, Ақ інгенге қарай адымдап ала жөнелді.

Жүрегі түскір су-у-у ете қалды. Түйе үстінен бұрыла беріп, көріп қалды: – Атпа! – деп, Ақ інгеннің басын бұра бергенше болмады, садақтың өткір жебесі оғы зың-ң-ң етті де, сол жақ тар қолтықтың астынан келіп кірш ете қалды.

(Ж.Айтматов)

64-тапсырма. Мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіріп, ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сызыңыздар.

Хан мен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан артында қара тұман қалды, қара тұман ортасында мен қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы уақытқа дейінгі ат ізін салмағаныңызға, несін жасырайын, өкпелеп жүр едім.



(«Шешендік сөздер»)

65-тапсырма. Төмендегі мәтінді екпін түрлеріне талдаңыздар.

  1. Ел ішіндегі ауыр хал мен өкілдерінің озбырлығын айтып, Жетек шешен Әбілхайыр ханға бірнеше рет барды. Бірақ хан сөзге құлақ аспай елдің тұрмысын жеңілдету қамын ойламады. Осыған ренжіген Жетес рулы елімен бергі көп момынға қарай көшіп кетеді.

Әйтсе де көш кеш шығып қалып, мөлшерлі жерге, көп момынға жете алмай, қыс түсіп кетіп, жолда қыстап қалады.

(«Шешендік сөздер»)

  1. Мөңке би Сырымға үш сұрақ қойыпты:

Таудан биік не бар?

Судан терең не бар? Оттан өткір не бар?



(«Шешендік сөздер»)

66-тапсырма. Жемқорлыққа байланысты не айтар едің? «Есебін тапқан екі асайды» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет