Электр энергетикасы саласындағы мамандықтарға негізделген мәтіндер мен тапсырмалар
349-тапсырма. Мәтіндегі термин сөздерді теріп жазып, анықтама беріңіздер. Энергетикалық терминдердегі қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыздар.
ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейінгі 70 жыл ішінде энергетикалық ресурстар қазбаларына сұраныс 7,8 есе, соның ішінде мұнайға – 10 есе, газға –
161 есе артты. Қазба отын адамзат қажетіне жаратып жатқан энергияның
80%-ын береді. Мұнай тұтыну 3 млрд тоннаға жетті. ХХІ ғасырдың ортасына таман ғалымдардың жорамалдауынша, экономикалық тұрғыдан ақталатын әдістермен өндіруге болатын мұнай мен газ қоры таусылады. Көмір қоры шамамен 150–200 жылға жетеді.
Энергетикалық ресурстарды өндіру және қолдану көлемі тез артып отыр. Мәселен, АҚШ-та энергия қажеттігі әр 7–10 жыл сайын екі есе өседі. «Ортақ нарық» елдерінің көмір импорты 20 жылда 66 млн тоннадан 280 млн тоннаға дейін өсті. Бұдан қазба ресурстары ұқыпты және үнемді қолдану мәселесі туындап отыр. Өнеркәсіптің дамуының жоғары қарқыны мен табиғатты қорғау арасындағы үйлесімге минералды ресурстарды кешенді, рационалды және циклді пайдаланумен ғана қол жеткізуге болады. Табиғаттың қазба байлықтарын пайдалану уақытын созу үшін материалдық ресурстарды қайта пайдалану шаралары көзделуде.
Энергетикалық ресурстардың азаюынан туындап отырған жағдайға орай, адамзат ғылымының күшіне сүйене отырып, энергетиканың жаңа көздерін іздестіруде. Олар әлеуметтік-экологиялық талаптарды қанағаттандыратындай, таусылмайтын, кемінде орны толып отыратын, экологиялық таза, тым болмаса салыстырмалы таза болуы керек. Ондай энергия көздерінің бірі биомассаның өзі болып табылады. Биологиялық айналыс әлеміндегі барлық электр стансалардың қуатынан 100 есе артық энергия бере алар еді. Биомассаның өнімділігі жылына 150–160 млрд тоннаны құрайды және ол қазба энергетикалық шикізаттың беретін жылдық қуатынан 20 есе артық қуат бере алар еді. Қазір биомасса әлемдегі энергия тұтынудың 15%-ын қамтамасыз етеді. Күн энергиясын пайдалану адамзатқа таңсық емес болса да, электр стансалар салу қымбатқа түсетіндіктен бұл бағыт әлі жеткілікті дамыған жоқ. Адамдар қуат алудың дәстүрлі түрлерін – желді, өзен суын, мұхит толқуын пайдалануды бұрыннан біледі. Бұлардың басты артықшылығы – экологиялық тазалығында.
Энергия өндірудің ерекше түріне геотермальды әдіспен қуат алу жатады. Энергияның бұл түрінің де ресурсы аз емес. Энергия өндірудің барлық көздерінің артықшылықтарымен қоса адамға, қоршаған ортаға тигізетін қолайсыздықтары бар.
Ж. Ж. Ниеталина. − Электр байланысының бағыттаушы жүйелері. – Алматы: ҚазҰТУ, 2009 − 302 б. 350-тапсырма. Берілген етістіктермен сөйлем құрастырыңыздар.
Қуат алу, ауысу, қоршалу, кескінделу, шұғылдану, қамтамасыз ету, ластану, таралу, таяздану, тұтыну, қолдану, алу, пайдалану, өткізу, беру, қосу.
351-тапсырма. Берілген термин сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.
Энергетика---------------------------------------------------------
Қысым--------------------------------------------------------------
Атмосфера---------------------------------------------------------
Станса------------------------------------------------------------ 5. Қуат----------------------------------------------------------------
Ток күші----------------------------------------------------------
Шама-------------------------------------------------------------- 8. Тұйықталу--------------------------------------------------------
Қозғалыс----------------------------------------------------------
Электрон--------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |