340- Көп нүкте тұрған жерге Ахмет Байтұрсынов айтпақшы болған ойды өздеріңіз сөйлем етіп құрап қосып (жақшаға алып), шартты бағыныңқы сабақтас жасаңыздар.
Қазақ – өр халық, білімді халық! Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын қамал жоқ. ... құртша қыбырлаған қытайдан еңбекқорлыққа үйрен. ... он тиынды күн ұзақ бір теңгеге айналдырар өзбек ағаңнан үйрен. ... Жердің қыртысын түрлендіріп, нәрлендіріп, мол табысқа бататын дүнген қоңсыңнан үйрен. ... бір капустадан жүздеген түрлі дәм беріп, біреудің еңбегімен егіп, өнерімен орып, қулығымен сорып, жақыннан торып, алыстан келіп болашағыңа төніп тұрған корейлерден, үйрен, үйрен де жирен!
(А.Байтұрсынов)
Достарыңызбен бөлісу: |