Сыртқы экономикалық байланыстар
Тәуелсіздікке қол жеткізу − Қазақстанның көптеген дамыған және дамушы мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын жолға қоюға, бұрынғы әріптестерімен қарым-қатынастарды қайта құруға, дүниежүзілік нарыққа кіру жолымен ілгері басуға мүмкіндік берді.
Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар – Ресей, Нидерланды, Қытай, Германия, Өзбекстан, Италия, Украина және Ұлыбритания. Импортталған тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстан,
Түркіменстан, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Украина, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.
Қазіргі кезде сыртқы нарыққа Қазақстаннан тауарлардың 200-ден астам түрі шығарылады. Қазақстанның түсті металдары, ферросплавтар, қара металл прокаты, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат, дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр. Алыс шетелдерге бүкіл экспорттың тең жартысынан көбі қара және түсті металлургия өнімі, минералдық шикізат пен оның өнімдері болып отыр. Машинажасау саласы энергетикалық машинажасау, электртехника өнеркәсібі, ауылшаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің азын-аулақ өнімдерін, металл жонатын білдектер, ұста-пресс жабдығын, жұқа қабырғалы құбырларды салқындай прокаттайтын білдектер т.б. басқа тауарларды экспорттауда.
Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б. бар.
БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақ бөлімінің деректері бойынша, 1993−1997 жылдары ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша міндеттемелер ретінде 50 млрд АҚШ долларына жуық шетел капиталы таратылып, Қазақстан экономикасына жұмсалды. Шетелдік инвесторлары көп қызықтырып отырғаны – мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия. Қазақстан экономикасының мұнай-газ саласына аса ірі инвесторлар АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Норвегия; металлургия өнеркәсібіне – Корея Республикасы (Оңтүстік Корея), Ұлыбритания, Жапония, Канада болды немесе болып келе жатыр.
А. К. Ерали., М. Ғ. Қабылбеков Кәсіпорын экономикасы.− Алматы:
ҚазҰТУ, 2004. − 264 б.
413-тапсырма. Мақал-мәтелдерді қолданып, жағдаят құрастырыңыздар.
Өз елің – алтын бесік. Ұлтарақтай болса да, Әркімнің өз жұрты – ұжмақ. Ата қонысы – жер қымбат. Отан – елдің анасы, Ат төбеліндей болса да, Ел – ердің анасы. Туып-өскен ел қымбат.
Достарыңызбен бөлісу: |