Шелпек тәрізді жап-жалпақ. Камбала балығы үнемі теңіздің түбінде тіршілік етеді. Ол ауық-ауық жоғары қарап қойып, жемінің жүзіп келуін күтіп жатады. Көзге түсіп байқалып қалмау үшін камбала өзінің өң-түсін де өзгертіп тұрады: сары құмның үстінде оның реңі сарғыш тартады, қара лайға тасаланса, өзі де қараяды, ал шұбар тастың үстінде ол да шұбар бола кетеді.
Бірде аквариумның түбіне шахмат тақтасын төсеп, суға қалқып кетпеуі үшін, оны таспен бастырып қойыпты. Сөйтсе оған жақындаған камбаланың үсті тақтаның бетіндей торлана бастаған көрінеді. Бұл да табиғат шебердің адамзатқа белгісіз құпия жұмбақтарының бірі емеспе?!.
171-тапсырма. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып, қос сөздің құрамын анықтаңыздар.
Ұрыс-керіс – ойсыздың қаруы. Бала – ата-ананың алтын бағанасы.
Қауіпті сәл-пәл елеген, Темір өз-өзінен шыңдалмас.
Құтылар таудай пәледен. Сұрай-сұрай сұңғыла болар.
Достарыңызбен бөлісу: |