Майда тау жыныстары құм мен саз суда ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады. Түйіршіктердің құрамына қарай құмның түсі де түрліше ақ, қара, сұрғылт, сарғыш болып келеді.
Құрғақ құм түйіршіктері сусып, бір-бірімен байланыспай тұрады.
Құм елді мекендерді жабдықтайтын су қоймаларында ауыз суды сүзіп, тазартуға қолданылады. Таза құмнан әйнек дайындалады.
Саз – өте майда тау жынысы. Ол үгілген тау жыныстарының ең ұсақтарының суда тұтынуынан пайда болады.
189-тапсырма. Мәтінді оқи отырып, пайдалы қазбалардың түрлеріне мән беріңіздер. Мәтін бойынша жалғауларды ажыратыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |