Тұрсынова Г. Т



бет44/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Зат есім




Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?



Түрі

Ереже

Тұлғасына қарай

Негізгі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім,

У, ат, ант, бата, құдық



Туынды зат есім

Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім:

білім, достық, боран,

тарсыл




Құрамына қарай

Дара зат есім

Бір ғана түбірден тұрады. От, ара, қант, оқушы, баспалдақ

Күрделі зат есім

Кемінде екі сөзден тұрады. Кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ



Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

Жалпы есім

Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау

Жалқы есім

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы:

Асан, Ертіс, Алатау





Мағынасына қарай

Деректі зат есім

Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы. Ағаш,

қалам, су, домбыра, есік, сия



Дерексіз зат есім

Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы.

Қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық





195-тапсырма. Мәтінді оқып, жалқы есімдердің астын сызыңыздар.

Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан көшірілген зауыттар

Қазақстанның қалаларына орналастырылып, машина жасау өнеркәсібі дами бастады. Мысалы 1941 жылы Мәскеу, Воронеж, Харьков қалаларынан көшірілген зауыттар Шымкент қаласындағы пресс-автомат зауыты, Петропавл изоляциялық материалдар зауыты және Ақтөбе рентген аппараттары, Астана машина жасау зауыттары. Тың игеруге байланысты ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын Павлодар трактор зауыты салынды. Ең алғашқы трактор 1968 жылы конвейерден шықты.

196-тапсырма. Мәтіннен жалпы, жалқы есімдерді тауып, жасалуына мән беріңіздер.

Қазақстандағы ірі республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының бірі − Алматы – Бішкек, Тараз – Шымкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған және Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе теміржол стансасы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автомобиль жолымен жалғасады.

Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдары Қарағанды –

Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған, Алматы – Шелек – Нарынқол, Тараз – Ұланбел, т.б. ірілі-ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.

Маңғыстау түбегіндегі мұнай-газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктерімен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Қостанай, Астана – Көкшетау, Петропавл – Қостанай автомобиль жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.

197-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, оларға жалғанған жалғаулардың түрлерін ажыратыңыздар.

Электр энергиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға қажетті машиналар мен құрал-жабдықтарды электротехникалық машиналар дейміз. Оларға Алматы төменгі вольтті аппаратура мен электр жабдықтары зауыты, Шымкент жоғары вольтті аппаратура зауыты, Семей кабель зауыты, Өскемен электр стансыларына қажетті конденсатор зауыты, Талдықорған аккумулятор зауыты, Қарағанды электрлі моторлар, Ақтөбенің рентген аппаратуралары және Көкшетаудың оттекпен тыныс алу аппаратурасы зауыттарын атауға болады.

Ауылшаруашылық машиналарына жер жыртатын, дән себетін, топырақ тегістейтін тракторлар, егіншілік пен мал шаруашылығына қажетті жай және күрделі машиналар жатады. Қазақстанда Павлодар трактор зауыты, Макин қосалқы бөлшектер зауыты, Петропавл шағын литражды қозғалтқыштар зауыты, сондай-ақ Астанада «Қазақ Ауылтехника» зауыты жұмыс істейді.

198-тапсырма. Төмендегі мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіріңіздер.

Мұнай, көмір, алтын, мыс, уран, жүн, мақта, астық... Қазақ халқының жер қойнауы қазба байлықтарға өте бай, саяси ахуалы үнемі бір қалыпты. Ғарыш орталығы Байқоңыр аспан әлемін тереңірек зерттеуге даяр.

Қазақстанда тұратын халықтардың саны басқа тәуелсіз мемлекеттердің түпкілікті халықтарымен салыстырғанда аз. Қазақтар Кавказда, Ресейде, Украинада, Кореяда тұратын ұлттармен қоян-қолтық бірге өмір сүруде.

Қайта құру кезеңі әрбір халыққа, ұлт өкілдеріне өздерінің мәдениетін, өнерін, тілін, әдет-ғұрпын сақтауға мүмкіндік береді. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Бізде ұлтаралық араздық деген жоқ. Қазақстанның айрықша ерекшелігі – мұнда тұратын халықтар арасындағы туысқандық, достық қатынастардың тереңдігі»,– деп атап көрсеткен.



199-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, құрамындағы зат есімдердің қай септікте тұрғанын және сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыздар.

Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иініндегі Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Соколов-Сарыбай кен орнын 1949 жылы ұшқыш М.Сургутанов ашқан болатын. Жылына 30–40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір кені концентраттарын шығарады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етуде.



200-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, ондағы зат есімдерді табыңыздар да, сұрақ қойып, мағынасын ажыратыңыздар.

Су – ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Су үш түрлі күйінде кездеседі: мұз, су және бу.

Су – тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесі 50ден 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Су – табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр, қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.

Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен суы буланып, ауа қабатына барады. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатына көтеріледі.

Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен, қозғалысқа түседі. Ол жауыншашынға айналып, құрлыққа қайтып оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет