Зат есім жасайтын жұрнақтар
Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары
№
|
Жұрнақ
|
Мысал
|
1
|
-еке, -ке,
-қа, -а, -е
|
Атеке (атке)
Исеке (Иса)
Ағеке (ағке)
Жәке (Жамбыл)
Әпеке (әпке)
Нүке ( Нұрпейіс)
Мұқа (Мұхтар)
|
2
|
-й
|
Атай, әкей, шешей, жездей
|
3
|
-тай
|
Ағатай, апатай, әкетай, шешетай
|
4
|
-жан
|
Ағажан, атажан, апажан, Абайжан
|
5
|
-қан,-кен,
-қай,-кей
-ан, -ң
|
Балақан, бұзауқан, шеше-кей, Дәкен (Дәріқұл)
|
6
|
-шақ,-шек
|
Құлыншақ, інішек
|
7
|
-шық,-шік
|
Қапшық, төбешік
|
8
|
-ша,-ше
|
Сандықша, күрекше
|
9
|
-ш,-ыш,-іш
|
Қалқаш, Нұрыш (Нұртай)
|
10
|
-сымақ
|
Қорасымақ, таусымақ
|
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар
№
|
Жұрнақ
|
Мысал
|
1
|
-шы,-ші
|
Қойшы, күйші
|
2
|
-шылық, -шілік
|
Шаруашылық, кеңшілік
|
3
|
-лық,-лік,
-дық,-дік,
-тық,-тік
|
Балалық, адалдық, жол-дастық
|
4
|
-кер,-гер
|
Айлакер, саудагер
|
5
|
-кеш,-стан
-паз,-қой,
-қор,-хана
|
Шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор
|
Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар
№
|
|
Жұрнақ
|
Мысал
|
1
|
|
-м,-ым,-ім
|
Байлам, күзем, қысым
|
2
|
пе
|
-ма,-ме,-ба,-бе-па,-
|
Ұрма, көрме, сүзбе, кеспе
|
3
|
|
-қы,-кі,-ғы,-гі
|
Шалғы, тепкі, бұрғы
|
4
|
|
-с,-ыс,-іс
|
Талас, айтыс жүріс
|
5
|
|
-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек
|
Тарақ, күрек, қызық
|
6
|
|
-ыш, іш
|
Қуаныш, таяныш, өкініш
|
7
|
|
-н,-ын,-ін
|
Боран, жуын, түйін
|
8
|
|
-у
|
Сабау, жамау, көсеу
|
9
|
|
-ынды,-інді
|
Шайынды, үйінді, үгінді
|
10
|
|
-ғыш,-гіш,
-қыш,-кіш
|
Сүзгіш, сыпырғыш
|
11
|
|
-уыш, -уіш
|
Өлшеуіш, бастауыш
|
12
|
|
-ыр,-ір,-р
-ар,-ер
|
Үңгір, шұқыр
|
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Ереже
|
Бастауыш
|
Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? Сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (кімім?, неңіз?).
Мысалы, Жел күшейе түсті. Әкем үйге келді.
|
Анықтауыш
|
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
Мысалы: Алтын сағат сыйлаған екен. Қырда ауылдың малдары жайылып жүр.
|
Толықтауыш
|
Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықтауыш болады.
Мысалы: Ертегімен ұрпағыңды естелікке үйрет.
|
Пысықтауыш
|
Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаумен тіркесіп пысықтауыш болады.
Мысалы: Көлеңкеде атам отыр.
|
Баяндауыш
|
Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.
Мысалы: Бала – артта қалған із, байлық – еритін мұз.
|
201-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, заттың атын, сынын білдіретін сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.
Жер қойнауындағы химиялық элементтердің сан алуан қосындыларынан пайда болған сұйық каустобиолиттер. Негізінен алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр, қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алаңында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65–0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіс-су түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері, т.б.
202-тапсырма. Әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа сөз жасаңыздар.
-
203-тапсырма. «Зат есім» сөзжұмбағын шешіңіздер.
Балалар журналы.
Қазақстандағы қаланың аты.
Адамның аты.
Педагог-жазушы.
Киім ілетін орын. 7. Үй хайуаны.
Көмекші есім
Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім. Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), үст(і), қас, жан т.б. (Ауылдың жаны терең сай)
Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
204-тапсырма. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі көмекші сөздердің тиістісін қойып, олардың мағынасын, тұлғасын, қандай сөзбен байланысып тұрғанын анықтаңыздар.
(ұшында, ортасы, алды-артын, шеті, аяғы, айналасы, ішінде, арасы)
Оның кішкене қара төбел құлыны енесінің ... орап шапқылап жүр. Көз ... Мойынқұмның Көкшеқұм аталатын бергі бөлігі мұнартып тұр. Сол құм мен өзіміз келе жатқан осы жиектің ... жиырма-жиырма бес шақырымдай. Үй ... көк шарбақ. Шарбақ ... отырғызған ағаш. Түн ... болып қалды, бірақ Әлияда ұйқы жоқ. Істің немен тынары әлі белгісіз. Әскер тұтқындар лагері Днепр маңындағы Хоцко селосы ... болатын.
205-тапсырма. Берілген көмекші сөздерді негізгі сөздермен тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.
Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.
Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы – көмекші есім, ол ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.
206-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, негізгі сөздер мен көмекші есімдерді анықтаңыздар. Негізгі сөздер қай сөз табы екенін талдаңыздар.
Ауылдың шеткері жағында шағын өзен ағып жатыр. Өзеннің үстіне көпір орналасқан. Көпірдің жиегі цементпен бекітілген. Көпір үстінде ағылып жатқан машиналар. Жамал дөңестің төбесінде тұр. Кешкі ауада есік алдында еркін сөйлескен үй ішінің әңгімесі Жамалдың құлағына анық естіледі. Ауылдың сыртындағы жолмен жолаушылар кетіп барады. Университеттің алдында демалатын саябақ бар. Ауылдың жаны терең сай. Сәтбаев көшесінің маңы студенттерге толы. Қарағайдың түбіне күн сәулесі түспейді. Отан алдында борыштымыз. Тау басына шықтық. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты.
Сын есім
Сын есім – заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?
Түрі
|
|
Ереже
|
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі сын есім
|
|
Түбір сын есім (сары, таза, тәтті, терең)
|
Туынды сын есім
|
|
Жұрнақ арқылы жасалған сын есім (көшпелі, сөзшең, оқымысты, әлсіз)
|
Құрамына қарай
|
Дара сын есім
|
Бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі (ақ, бойшаң, жасыл, баласыз)
|
Күрделі сын есім
|
Тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі
(ақ киімді, қара торы, көп
балалы, тап-таза)
|
Мағынасына қарай
|
Сапалық сын есім
|
Сындық белгіні анықтайтын төл сын есім (сұр, қызылдау, биік,
үлкен, көкпеңбек)
|
Қатыстық сын есім
|
Басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім (бойшаң адам, өнерлі бала)
|
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Жұрнақ
|
Мысал
|
Есім сөздерден сын есім жасайтын
|
-лы,-лі, -ды,-ді,-ты, ті
-сыз,-сіз
-ғы,-гі,-қы,-гі -лық,-лік,-дық,-дік,тық,-тік -шыл,-шіл -шаң,-шең
-дай,-дей,-тай-тей -қой,-қор, -паз,-кер,гер
-и,-ы,-і
|
Далалы, орманды;
Баласыз;
Жазғы, ішкі;
Балалық;
Кекшіл;
Бойшаң;
Тастай, судай;
Сәнқой, әуесқой;
Тарихи, қазақы;
|
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ
|
-ғақ,-гек,-қақ,-кек,ақ,-ек -ық,-ік,-қ,-к
-ғыш,-гіш,-қыш,кіш
-ғыр,-гір,-қыр,-кір
-шақ,-шек
-ынды,-інді,-нды,нді
-малы,-мелі, -палы,пелі,-балы,-белі -ымды,-імді,-мды,мді
-аған,-еген
-улы,-улі
-ма,-ме,-па,-пе,-ба,бе
-ыңқы, -іңкі,-ңқы,ңкі
|
Жабысқақ, үркек;
Ашық, ақсақ;
Білгіш, айтқыш;
Тапқыр, алғыр;
Ұялшақ;
Асыранды, үйінді;
Созбалы, аспалы;
Шыдамды;
Қабаған;
Ілулі, асулы;
Қызба, бөспе;
Басыңқы, көтеріңкі;
|
Достарыңызбен бөлісу: |